1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Қазақстан Республикасының жер қоры



Pdf көрінісі
бет102/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

2.2.Қазақстан Республикасының жер қоры.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының ортасында аса көлемді
аумақты 272,5 миллион гектарды алып жатыр. Ол батысында Еділ (Волга)
өзенінің сағасынан бастап – шығысында Алтай тауларына дейін 3 мың
километрге дейін және солтүстікте Батыс Сібір ойпатынан, оңтүстікте
Солтүстік Тянь-Шянь тауларынан Іле Алатауына дейін 1,6 мың километрге
созылып жатыр. Республика алаңы жағынан дүние жүзі елдерінің
ондығының құрамына кіреді. Қазақстанның шекаралас мемлекеттермен
құрылықтағы шекарасының жалпы ұзындығы 13 392,6 км, оның ішінде
Ресей.
Жер қорының санаттар бойынша бөлінуі
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес нысаналы мақсаты
бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің)
жері;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жер ;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы,
рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жері;
6) су қорының жері;
7) босалқы жер.
2.3.Жерге орналастырудың қоғамдық өндірістегі орны
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердi ұтымды
пайдалану
мен
қорғауды
ұйымдастыруға
бағытталған
Қазақстан
Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-
шаралар жүйесi болып табылады.
Жерге орналастыру меншiк нысанына тиесiлiлiгiне және оларда
шаруашылық жүргiзу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде
жүргiзiледi.
Жерге орналастыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде
белгiленген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен
қаралған және бекiтiлген жердiң нысаналы мақсаты, жердi пайдалану мен
оны қорғау режимi, шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерiнiң
шекарасы, жердiң сапасы мен мөлшерi туралы деректер және басқа да
деректер жер құқығы қатынастары субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi
болып табылады.
Жерге орналастыру:


131
1) ландшафтық-экологиялық көзқарас негiзiнде жерге орналастырудың,
жердi аймақтарға бөлудiң, жер ресурстарын пайдаланудың, жақсарту мен
қорғаудың республикалық, облыстық және өңірлік схемаларын (жобаларын)
әзiрлеудi;
2) қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтiру
жөнiндегi шаруашылықаралық және шаруашылықішілік жерге орналастыру
жобаларын жасауды, белгiлi бiр жерде жер учаскелерiн бөлiп беру мен
шекарасын белгiлеудi;
3) белгiлi бiр жерде елдi мекендердiң шекарасын (шегiн) анықтау мен
белгiлеудi, олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;
4) белгiлi бiр жерде әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың және жердi пайдалану мен қорғаудың
ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерiнiң шекарасын белгiлеудi;
5) аумақтың жер-шаруашылық орналастыру, бүлiнген жердi жаңғырту
мен жаңа жердi игеру жобаларын, сондай-ақ жердi пайдалану мен қорғауға
байланысты басқа да жобаларды әзiрлеудi, келісуді, бекітуді және беруді;
6) жердi түгендеу iсiн жүргiзудi, пайдаланылмай жатқан, ұтымды
пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай
отырған жердi анықтауды;
7) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу,
геоботаникалық және басқа да зерттеу мен iздестiру жұмыстарын жүргiзудi;
8) жер ресурстарының жай-күйi мен пайдаланылуының тақырыптық
карталары мен атластарын жасауды қамтиды және қамтамасыз етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет