128
Тақырыптық карталардың мазмұны жалпыгеографиялық карталарға
қарағанда кеңірек, үлкен көлемді қамтып, әртүрлі мәліметті береді. Кез
келген тақырып картографиялық әдістердің көмегімен толық ашыла алады.
Тақырыптық карталар - белгілі бір тақырыпқа байланысты ( тақырыпты,
объектті, құбылыс, сала) немесе бірнеше тақырыптың үйлесуін көрсететін
карта. Тақырыптық карталар табиғи (физико - географиялық) және қоғамдық
(саяси - экономикалық) құбылыстарға, сонымен қатар олардың әрекеттесуіне
байланысты бөлінеді. Табиғи және қоғамдық құбылыстар жөніндегі барлық
мәліметтер оның тақырыбына байланысты белгіленіп, оның арнайы
мазмұнына ие болады.
Тақырыптық карталар өзінің тақырыбының мөлшеріне байланысты –
жалпы (үлкен тақырыптарға байланысты) және жеке немесе салалық (шағын
ғана тақырыпқа байланысты) деп бөлінеді.
Карталар Жер туралы ғылым салаларындағы әр түрлі мәселелерді
шешу үшін арналған. Қазір картасыз ешқандай жұмыстар жүргізіле алмайды.
Бұл карталарды екі топқа бөлуге болады: қоғамдық және табиғи құбылыстар
картасы.
Табиғи құбылыстар картасы қоршаған ортаның барлық компоненттерін
қамтиды. Бұл топқа геологиялық, геофизикалық, жер беті және Дүниежүзілік
мұхит түбінің бедері картасы, метеорологиялық және климаттық,
гидрологиялық, топырақ картасы, физико-географиялық ландшафтану мен
физико-географиялық аудандастыру карталары және т.б. жатады.
Қоғамдық-саяси карталарға экономикалық, саяси, тарихи, әлеуметтік-
географиялық, елді мекендер картасы жатады
Достарыңызбен бөлісу: