18
міндеттер қоғамның басты өндіргіш күші – адамның денсаулығын сақтауды
және жұмыс істеу қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін қолайлы өндірістік
жағдай жасауға бағытталған; әлеуметтік міндеттер – еңбекті материалдық
және ағлақтық жағынан қанағаттандыруға‚ жұмыссыздықтан қорғауға‚
жұмысшылардың басқа да әлеуметтік мұқтаждарын қанағаттандыруға
бағытталған. Еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі мазмұны –
мына бағыттар бойынша шаралар кешенін жобалап‚ енгізу: жұмыс
орындарын мамандандыру‚ қызметкерлер құрамын ұтымды іріктеу‚ олардың
еңбегін жұмыс түрлері мен біліктілік бойынша бөлу негізінде еңбек бөлінісі
мен бірігуі нысандарын жетілдіру; жұмыс орындарын ұйымдастыру мен
оларға қызмет көрсетудің озық нысандарын енгізу; еңбек тәсілдері мен
әдістерін оңтайландыру; еңбек жағдайын жақсарту; еңбекті нормалау мен
оған ақы төлеуді жетілдіру; кадрларды даярлау және олардың біліктілігін
арттыру (3-суретте көрсетілген).
Сурет 3 - Билік жүргізудің оң және теріс жақтары
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру — өндіріске жүйелі тірде үздіксіз
енгізілетін ғылым мен озат тәжірибе жетістіктері негізінде материалдық
еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылуын, еңбек өнімділігнің үздіксіз
артуын, адамның денсаулығын сақтауды, еңбекті бірте-бірте ең бірінші
өмірлік қажетке айналдыруды қамтамасыз етеін шаралардың жиынтығы.
Еңбекті
ғылми
ұйымдастырудың
негізінде
кәсіпорында,
оның
бөлімшелерінде және жұмыс орындарында жұмыс күші мен еңбек
құралдарын мейлінше тиімді пайдалану қамтамасыз етіледі. Еңбекті ғылми
ұйымдастыру әрбір кәсіпорында өндіріс мәдениетінің жоғары болуын, ауыр
еңбектің жойылуын, кңбек жағдайының мықтап жақсаруын, санитарлық-
гигиеналық және эстетикалық жағынан қолайлы жағдай жасалуын талап
етеді [16].
Достарыңызбен бөлісу: