1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Мемлекеттік нормативтік құжаттар мен материалдар



Pdf көрінісі
бет9/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

1.2 Мемлекеттік нормативтік құжаттар мен материалдар
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі, мазмұны және
арақатынасы
Басқару күрделі қоғамдық құбылыс, ол өзінің көрініс табуы
тұрғысынан көп қырлы және қоғамдық өмірдің барлық салаларында орын
алады. Заманауи ғылымда басқару мәселелері күрделі білім жүйесі болып
табылатын түрлі бағыттарда дамуда, онда түрлі ғылым салалары дара
қарым-қатынаста, біріне-бірі ықпал ете отырып, бірақ өз әдістері мен пәнінің
ерекшеліктерін сақтап, тәуелсіз негізде қалыптасып, даму үстінде. Заманауи
қоғам түрлі ұйымдар жүйесі ретінде түрлі әлеуметтік процестерді


14
үйлестіруге қатысты басқару қызметін, сондай-ақ сызықтық емес, күрделі,
нақты емес, көп қырлы параметрлерді құрайды. Басқару қызметінің
шарттары болып саналатын бұл параметрлердің бірлесуі басқару түрлерін,
формалары мен басқару әдістерін анықтайтын өз бетінше іштей
дифференцияланатын детерминантаны құрайды.
Басқару және билік – рухани тұрғыдан өзара жақын әлеуметтік
реттеудің формалары. ХХ ғ. 80-жылдарына дейін «мемлекеттік басқару»
атқарушы-бұйрықтық сипатындағы қызмет ұғымы ретінде танылып келді.
Ю.М. Козловтың пікірінше атқару біріншіден, бұл қызметтің негізгі бағытын,
заңдар мен заңға тәуелді нормативтік актілерді өмірде қолдану, екіншіден,
бұл мақсаттың орындалу құралы – бұйрық беруді білдірді, қажетті заңи-
биліктік өкілеттіктерді қолдану деген мағынаны анықтайды [8]. Мұндай
түсініктеме жалпылама алғанда атқарушы және бұйырушы мемлекеттік
органы немесе мемлекеттік басқару органы ретінде айқындалған мемлекеттік
басқарудың арнайы субъектілерінің айрықша белгісі ретінде қарастырылады.
Қоғамның жаңа терминологияны түсіну жолдарын, оны мемлекеттік-
құқықтық құрылымның қабылдау деңгейін, сондай-ақ ол өзгерістердің
заңнамада көрініс табу тәсілдерін, 90-жылдардың басындағы ғылыми-зерттеу
басылымдарына жасалған талдаудан көруге болады. Бұл Қазақстанның
мемлекеттік егемендігін жариялауымен демократиялық құқықтық мемлекетті
құрудың бастапқы кезеңімен, билік бөлінуі принципінің жүзеге
асырылуымен тығыз байланысты құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет