170
1.1.Логикалық есептеулер арқылы (коэфициенттермен) жер пайдаланудың
кеңістіктік кемістіктерін анықтау.
1.2. Шаруашылықтардың өндірістік дамуына кемістіктердің тигізетін әсерін
анықтау.
1.3.Әр
шаруашылық
бойынша
және
шаруашылықтардың
ізара
байланыстарын есепке ала отырып, кемістіктерді жою жолдарын және
қажеттіліктерін анықтау.
Жер пайдалануларды зерттеру жолдары және әдістері:
Жобалануға жататын территорияға кіретін шаруашылықтардың жер
пайдалануларын құрама жоспардағы бейнеленген сыртқы пішінін зерттеу
арқылы аттамалы, бір жер пайдаланушының жерінің екінші жер
пайдаланушының жерінде орналасуы, алыс жерлік, шегаралардың
иректеленуі және тағы басқалар. Жер пайдаланудың тиіссіз мөлшерлері
қалыптасқан тиімді мөлшерлермен немесе, ғылыми ұсыныстар салыстырыла
отырылып анықталады. Құрама жоспарды кізбен қарай отырып, логикалық
зерттеген нәтижелер 1 кестеге енгізіледі.
Логикалық есептеумен қатар сапалық талдау жүргізіледі. Сапалық
талдау жер пайдаланулардың кеңістіктік кемістіктерін келесі көрсеткіштер
арқылы сипаттайды: жер пайдаланудың жинақылығы; шегараның иректілігі;
ұзындығы; алыс жерлік.
Жер пайдаланудың жинақылығы сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы жинақылығы жер пайдаланудың шегарасы құрайтын сыртқы пішіні.
Ішкі жинақылығы – бөлімшелердің, жер алқаптарының, ауыл шаруашылық
алқаптардың, шаруашылық орталықтанының ізара орналасуы.
2.2.1 Сыртқы жинақылығы - жер пайдаланудың сыртқы конфигурациясына,
созылып орналасуына, шегарасының орналасуына байланысты болады және
жинақылық коэфициенті арқылы анықталады:
К с. ж. = П.ф/4 р;
Пф-жер пайдаланудың іс жүзіндегі периметрі (км);
Р – оның көлемі
2.2.2 Ішкі жинақылығы жер пайдаланудың шаруашылық жинақылығы
арқылы мына формуламен анықталады:
К.ш.ж.=Rф/0,043*р;
Рф - әр ауылшаруашылық алқаптарының жер массивінің ортасынан жолдар
бойынша шаруашылық орталықтарына дейінгі фактілі аралық, км;
Р – жер пайдаланудың ауылшаруашылық алқаптарының көлемі, км2;
Жер пайдаланудың шегарасының иректілігі шегараның тіктілігі сызықтығы
коэфициентімен анықталады:
Ктүзу Пф/Птікбұр төрт бұрыш
Достарыңызбен бөлісу: