1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Топырақ құрамына байланысты танаптарды жобалау



Pdf көрінісі
бет128/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

Топырақ құрамына байланысты танаптарды жобалау.
Ауыспалы егіс танаптары шамаға қарай біріңғай сапалы болулары
керек. Бір танапқа тек қана сапасы тімен жерлерді жобалауға болмайды.
Өйткені ол ауыспалы егістіктегі талабы жоғары дақылдарға мүлдем
жарамсыз болуы мүмкін, немесе негізгі дақылдың жыл сайынғы шығымы
бірдей болмайды.
Танаптың топырағы біркелкі болса, онда дақылды себу, күту, жинауды
ең жақсы агротехникалық мерзімдерде орындауға болады.
Топырақтың динамикалық (жылжу) қасиеті танаптарды жобалауда
есепке алынады, өйткені әртүрлі механикалық құрамдағы топырақ
тракторлық агрегатқа әртүрлі қарсылық әсерін тигізеді, сондықтан әр
жағдайда техниканың жұмысының нәтижелігі ізгереді.
Механикалық құрамы әртүрлі танапқа агрегат дайындағанда ең жоғары
қарсылық кірсететін топыраққа байланысты дайындалады, сондықтан
топырақтың қарсыласуы тімен жерлерде агрегат түгел күшімен жұмыс
істемейді. Кейде танапта топырақ жағдайына қарай жұмыс учаскелері
жобаланады.
Танап жұмыс учаскелерінен құралғанда, олар компактілі орналасып,
өзара транспорттық қатынасы жақсы болуы керек.
Танаптың ұзындығы, ені, формасы және олардың өндірістік мәні.
Танаптардың ұзындығы, ені, формасы оларда жүргізілетін өндірістік
процесстердің талабына байланысты анықталады. Әр танапта бір ғана
өсімдік түрі ісіріледі.


167
Танаптың ең ыңғайлы формасы – тік бұрышты төртбұрыш. Ұзындығы
мен ені қолданылатын техникаға байланысты анықталады. Танаптың ұзын
қабырғасы техниканың жұмыс жолына сәйкес болғаны жөн.
Ауыспалы егіс танабының мөлшерін анықтау
Танаптың мөлшеріне келесі көрсерткіштер әсерін тигізеді:
1. егістік массивінің мөлшері және аймақта орналасуы;
2. топырақ түрлерінің біріңғайлылығы;
3. эрозияға шалыну дәрежесі;
4. жер бедерінің мінездемесі;
5. аймақтың табиғи және жасанды (каналдармен, жолдармен)
объектілермен тілінуі;
6.егістікте қолданылатын технология;
7.машина-тракторлық
агрегаттардың
жұмыстарының
ұйымдастырылуы;
8. орналасу зонасы.
Машина-тракторлық агрегаттардың жұмысының тиімділігінің жұмыс
жолының ұзындығына байланысты екендігі келесі формулалармен
мінездемеленеді:
Жолды пайдалану коэффициенті:
К жп =
Lж _
Lж* Р + Lх
Бос жүру, айналып бағытын ізгерту жолының проценттік үлесі:
f х =
Lх * 100
Lж + Lх
Lж – жұмыс жолы;
Lх – бір жұмыс жолына келетін бос жүріс. Бос жүру проценті ірі
тракторларға және қысқа жүрістерге кібірек келеді.
Танаптардың ұзындығы, ені, конфигурациясы ауыспалы егістіктің
түріне байланысты болады. Мысалы: отамалы ауыспалы егістіктерде жерді
іңдеу жұмыстарында, көлденең өңдеу, бойлы өңдеумен бірдей сондықтан
танаптың ені де ұзын болуы керек. Кейбір күрделі өңдеу жұмыстары
жүргізілетін
ауыл
шаруашылық
өсімдіктері
кішкене
танаптарда
орналастырылады. Кішкене тракторлар үлкен танаптарды талап етпейді.
Лагерь
қасындағы
(шабындықтық-жайылымдық)
ауыспалы
егістіктердің ұзындығын мал бағу әдісіне байланысты анықталады: сүйір
бұрышсыз, қабырғалары түзу, қысқа қабырғалары мал айдау жолдарына
шығатындай етіп жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет