1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақтық



Pdf көрінісі
бет127/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

5.18. Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақтық,
геоботаникалық және басқа да ізденіс жұмыстары.
Танаптар, өсімдіктерді кезектестіре отырғызуға арналған, мөлшерлері
бірдей, ауыспалы егіс массивінің біліктері. Кейде танап ішін орналастыру
жұмыстары жүргізіледі: жұмыс учаскелерін белгілеу, танаптарды
өсімдіктерді отырғызу жолақтарына білу.
Жер бедеріне байланысты танаптарды жобалау
Егістік жұмыстарын тиімді ұйымдастыруда жер бедері өте көп әсерін
тигізеді. Әсіресе беткейдің экспозициясын және еңістігін жерге
орналастыруды жобалауда міндетті түрде есепке алу қажет. Әр танап бір
экспозициялық бетте орналасуы тиіс. Бұл топырақтың егіс егуге бір уақытта
дайын болуын, ауылшаруашылық өсімдіктерінің пісу уақытының біріңғай
болуын қамтамасыз етеді. Дақылдарды бір уақытта егуге, күтуге және
жинауға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Ал егер танапты беткейдің бір
бетіне орналастыру мүмкіндігі болмаса, онда танап агротехникалық біріңғай
жұмыс учаскелеріне біледі.
Бедерлі жерлерде танапты орналастырудың ең негізгі шарты –
танаптың
ұзын
қабырғасы
беткейге
кілденең,
яғни
беткейде
горизонтальдарға параллель болып орналасуы керек. Өйткені танапты
бойлай жасалатын негізгі жұмыстар горизонтальдар бағытында жасалады,
сондықтан беткейді бойлай ағатын суларға кедергі жасалып, олардың ағыны
бәсеңдеуге байланысты, танаптарға сіңіп, жерге қосымша ылғал болады.
Машина-тракторлық агрегаттарды пайдалануда рельеф, олардың тиімді
пайдалануына әсерін тигізеді. Тік беткейлерде техника жоғары ірлегенде
қосымша күш керек болады.
Агрегаттың жұмыс жасау өнімділігі азаяды.
Танаптарды рельефке байланысты орналастыру бойынша жоба
шешімдерін бағалау үшін келесі формулалар қолданылады:


166
і
жум
=
Н1 - Н2
; і
жум
=
Lr * ћ і * Sіn г
L P
онда: і – орташа бойлық еңістік;
Н1, Н2 – нүктерлердің биіктігі;
Н1- Н2 – өзара биіктік;
L – горизонталь салындының ұзындығы (м);
hі – горизонтальдардың арасындағы ізара биіктік;
Р – танап көлемі, м
2
;
Lr – танап ішіндегі барлық горизонтальдардың ұзындығы;
г – танапты өңдеу бағыты мен горизонтальдардың негізі бағыты
арасындағы бұрыш.
Күрделі рельефте Чешихин Г.В. палеткасы пайдаланылады.
Танап бойынша анықталған еңістік орташа алқап бойынша еңістікпен
салыстырылады:
і
жалпы
=
Lr – ћ і
Р
онда: і
жалпы
– жергілікті жердің жалпы еңістігі, %;
Р – танаптың ауданы, м
2
;
Lr – жергілікті жердегі горизонтальдардың жалпы ұзындығы, м.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет