1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Сызуға жазбалар, шартты белгілер және кестелер түсіру



Pdf көрінісі
бет201/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

8.4. Сызуға жазбалар, шартты белгілер және кестелер түсіру.
Жер бетін планға, картаға түсіру күрделі жұмыс, ол өте аса дәлдікті
қажет етеді және дәл аспаптарды пайдаланып, маман- геодезистер,
маркшейдерлер жасайды. План мен картаның мазмұны толық, түсінікті және
көрнекті болуы үшін пішіні, түрі мүмкіндігінше жердегі заттарды
бейнелейтін белгілер қолданылады. Топографиялық картадагы шартты
белгілер: карталарды түрлі- түсті безендіруден, түсіндірме жазулардан,
цифрлы белгілерден тұратын бір тұтас жүйеден тұрады. Шартты белгілер
мен олардың түстері жердін әртүрлі объектілері, тектік түрлерін
көрнектендіре түседі. Ал, түсіндірме жазбалар мен цифрлык белгілеулер
шартты белгілерде кескінделетін объектілердің және ерекшеліктері туралы
мәліметгермен толықтырылады. Карталар мен пландардағы шартты белгілер
масштабты (контурлық), сызықтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты
белгілерге бөлінеді .


284
Контурлық белгілер орманның, шабындықтың және олардың көлемін
де білуге мүмкіндік береді. Объектілердің контурлары нүктелік
пунктирлермен немесе жіңішке тұтас сызықпен жер бетінің белдерін және
шын мәніндегі сұлбаға үұқсастығын сақтай отырып белгіленеді. Бейнелейтін
заттардың көлемі кішкентай болып, оны масштаб арқылы көрсету мүмкін
болса, ондай заттар масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі.
Мәселен, жаңа өскен ағаштар, құдықтар, километр бағаналары, т.б.
заттардың мөлшері көрсетілмей тұрған орындары белгіленеді, яғни
масштабтан тыс шартты белгілер тиісті объектінің сыртқы түрін еске
салатын геометриялық фигуралар. Өзендер, каналдар, жолдар, т.б. сызықтық
объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Олар
объекті осін оның табиги орнына сәйкес береді, ал олардың ені біршама
ұлғайтылып көрсетіледі. Контурлық және масштабтан тыс белгілерді
толықтыратын және оларды түсіндіретін белгілерді түсіндіргіш шартты
белгілер дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет