2. Көп салалы экономиканы қалыптастыру және нарықтық
қатынастарға көшу жағдайында басқаруды қайта құру
2.1 Агроөнеркәсіп кешенінің құрамы мен құрылымы
Қазақстан
Республикасының
әлеуметтік-экономикалық
дамуы.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына
түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік
меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті. Қазақстанда
нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші
кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып,
осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында
мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең - 1996-1998
жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар,
реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық
экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару
органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат
жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ
нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар,
коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен
шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі
корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.
Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас
экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды [11].
15
Аграрлық-өнеркәсіптік кешен (лат. 'agrarius', және complexus —
байланыс, үйлестіру)
1. іс-әрекеті өзара тікелей немесе жанама байланысты, халықтың азық-
түлік
қажеттіктерін
қанағаттаңдыруға
бағытталған
салалардың
(кәсіпорындардың) жиынтығы. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің мынадай
негізгі үш саласы бар:
а) ауыл шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне және ішінара жеңіл
өнеркөсіпке қызмет көрсетуге және күрделі құрылысқа арналған өндіріс
құралдарын өндіру;
ә) ауыл шаруашылығының өзі;
б) ауыл шаруашылығы өнімдерін даярлау, тасу, сақтау, ұқсату және
тұтынушыларға жеткізу салалары;
2. егіншілік және мал шаруашылығы өнімдерін сол өнімдерді
ұқсатумен үйлестіріп, шаруашылықты жүргізуді қамтамасыз ететін
салалармен (мысалы, минерал тыңайтқыштар өндірісі) бірлесе қызмет
атқаратын шаруашылық бірлестігі (көсіпорындар тобы). Косіпорын
қалдықтары ауыл шаруашылығының дамуына, ал ауыл шаруашылығы
қалыптаса бастаған кешен шегіндегі кәсіпорындардың дамуына жәрдемін
тигізетін болғандықтан, жаңа байланыс — ресурстық-энергетикалық
байланыстың пайда болуы Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің маңызын
арттыра түсті (1 суретте көрсетілген).
Сурет 1 - Агроөнеркәсіп кешені
Биотехникалық революция қоғамдық өндірістегі құрылымдық
өзгерістермен және қоғамдағы жаңа әлеуметтік құбылыстармен байланысты
жүріп отырады. Осылардың арасында себепті-салдарлы байланыс болады:
бір процесс келесінің дамуын ынталандырады және керісінше, осы
байланыстағы ең маңызды жағдай - азық-түлік өндірісінде жаңа қоғамдық
еңбек бөлінісінің пайда болуы. Ұзақ мерзім бойы азық-түлікпен қамтамасыз
ету аграрлық еңбектің қызметі болып келген еді. Ал бүгінгі заманда осы
қызметті өнеркәсіптік еңбек атқарады [12].
|