1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Геоақпараттық жүйелердің даму тарихын, геоақпараттық



Pdf көрінісі
бет152/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

1. Геоақпараттық жүйелердің даму тарихын, геоақпараттық
жүйелердің жіктелуін, геоақпараттық жүйелердің құрылымы.
1.1. Әлемдегі геоақпараттық жүйелердің даму перспективасы
Геоақпараттық жүйе (ГАЖ), кеңістік базасының құрастырушысы
және әр келкі
мәліметтер
мен
ақпараттарды
біріктірудің негізі ретінде аумақтық
басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі болып саналады.
Әлемдік тәжірибе
табиғи ресурстарды
,
инфрақұрылымдарды
,
қоршаған
ортаның
ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына


206
қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық
технологиялармен
шешілетін
көптұрғыдағы
мәселелерді
шешуде
қолданылуда.
Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады - геоақпараттық қосымшалар
үшін қолданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді
ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі
ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық ортасы басқару
шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау
көрсетеді.
Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) деректерді көрнекі көрсетудің және
оларды талдауға арналаған құралдардың сан-алуан түрлерінің есебінен
көптеген ғылыми, практикалық және басқару мәселелерін тиімді және жедел
шешудің басты элементі.
ГАЖ технологияларын қолдану үлкен көлемді картографиялық және
тақырыптық ақпаратты, оның ішінде қашықтан зондылаудың (ғарыштық
суреттердің), далалық ғылыми зерттеулердің, инженерлік зерттеулердің,
мониторингтің, түрлі шаруашылық қызметтің, құжат айналымының
деректерін бірыңғай құрылымға біріктіруге мүмкіндік береді.
«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер
орталығы» ЖШС ГАЖ құру, табиғатты қорғауды жобалау, орман
шаруашылығы, экология, табиғатты пайдалану, геологиялық барлау,
топография мен картография, мұнай-газ кешені үшін жобалау салаларындағы
түрлі мәселелерді шешу үшін деректерді жинақтау және жүйелендіру
тәжірибесімол.
«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер
орталығы»
ЖШС
өз
жұмыстарында
географиялық
ақпараттық
технологияларды кеңінен пайдаланады және осы салада келесі қызметтер
көрсетеді:

географиялық
ақпараттық
жүйелерді
жеке
деңгейден
корпоративтік деңгейге дейін дайындау;

ArcGIS бағдарламалық өнімдерінің негізінде модульдер мен
қосымшалар дайындау (деректерді басқару, талдау, модельдеу);

сандық картография, географиялық деректер қорын құру;

кеңістіктік деректерді географиялық өңдеу және талдау;

дайындалған географиялық ақпараттық жүйелерді, модульдер
мен қосымшаларды техникалық қолдау;

тапсырыс берушінің қызметкерлерін орындалатын жобаның
шеңберінде ГАЖ-ды пайдалануға үйрету.
ГАЖ құру үшін базалық ақпарат ретінде кеңістіктік анықтықтары
әртүрлі суреттер түсіретін ең заманауи ғарыштық аппараттардан алынған.
Жерді қашықтан зондылау деректері пайдаланылады.
Компания қызметінің болашағы зор бағыттарының бірі географиялық
порталдар дайындау. Географиялық портал жасаудың негізгі мақсаты –
географиялық ақпаратқа WEB-сервистер арқылы қол жеткізу мүмкіндігін
ұсыну. Компания пайдаланатын географиялық ақпараттық технологиялар


207
географиялық
порталдардың
қызметтік
және
пайдаланушылық
мүмкіндіктерін үнемі арттырып отыруды қамтамасыз етеді.
«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер
орталығы» ЖШС ұлттық табиғи парктердің инфрақұрылымын дамытудың
бас жоспарлары, орманды орналастыру материалдары, шоқ қарағай
ормандарын, сексеуіл тоғайларын қалпына келтірумен байланысты
шаралардың жұмыс жоспарлары сияқты тақырыптары әртүрлі корпоративтік
географиялық ақпараттық жүйелер құру тәжірибесі мол. Компанияның
біліктілігі жоғары мамандары мен ГАЖ саласындағы жұмыс тәжірибесі
сапасы жоғары географиялық ақпараттық шешімдерді қамтамасыз етеді және
кез-келген күрделі географиялық ақпараттық жобаларды жүзеге асыруға,
тапсырыс берушінің кез-келген сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет