1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Басшының еңбекті ғылыми ұйымдастыруын басқару



Pdf көрінісі
бет23/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

7. Басшының еңбекті ғылыми ұйымдастыруын басқару
7.1. Басшылықтың құзыретін, стилін және әдістерін анықтау
Басқарудың барлық үрдісі ақпаратты қабылдау, өзгерту және жеткізу
үрдісі ретінде қаралына алады. Бұл үрдістің орталық сәті шешім қабылдау
актісі болып табылады. Шешім қабылдау басқарушы ақпаратты тудырады, ал
мұның өзі жоспарлар, тапсырмалар, нормативтер, бұйрықтар беру түрінде
орындаушыларға жеткізіледі де, олар үшін белгілі бір мақсаттарға
бағытталған әрі үйлестірілген әрекеттерге бастайтын күш ретінде қызмет
етеді. Сонымен бірге шешімдер қабылдау үрдісі де ақпаратқа сүйенеді, ал
олардың негізделу дәрежесі, сайып келгенде сол ақпараттың толық, анық
болуына және дер кезінде келіп түсуіне байланысты болады. Басқару
жүйесінде барлық органдар мен қызметкерлер біртұтас байланыстық
тармақтарды құрайтын ақпарат тасқындары арқылы байланысты.
Бұл тармақта бір органдағы ақпараттық шығу басқалары үшін
ақпараттық кіруге айналады. Әрбір басқару органы байланыстық
тармақтардың өз алдына дербес торабы болып есептелінеді, онда әр алуан
саладан түсетін және әр түрлі бағыттарға жіберілетін көптеген ақпарат
тасқындары тоғысып жатады. Ақпарат тасқындары мазмұны, уақыт тәртібі
бойынша сипатталады.
Сондықтан да, басқаруды ұйымдастыру осы сипаттамалармен тығыз
байланысты. Осы тәуелділіктерді анықтау оларды есепке ала отырып,
басқару құрылымын жасау және оның қызметтерін бөлу, ақпарат
тасқындарын ұйымдастыру – ақпараттық тұрғыдан басқару жүйесін
зерттеудің мақсаты болып табылады.
Енді ақпарат дегеніміз не екенін анықтап алғанымыз жөн. Әдетте,
ақпаратты хабарлама, мәліметтер, деректер ретінде сипаттайды. Алайда
басқару үшін жалпылама мәліметтер немесе деректер маңызды емес. Әрбір
басшы әр түрлі деректердің көрсеткіштері сандық жағынан бірдей


30
болғанымен, тең дәрежеде бағалы болып шықпайтындығын біледі. Басқару
аппаратының қызметкері деректерді ала отырып, оларды жай ғана қабылдай
салуға тиісті емес [19].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет