52
Азаматтардың жер учаскесіне жеке меншік құқығын келесі
ерекшеліктер сипаттайды:
1. Меншік иелерінің субъективтік құралы;
2. Жер учаскелерін нормалау;
3. Жер санаттары бойынша шектеу [11].
16.2. Жер қатынастарын экономикалық реттеудің мазмұны,
әдістері және тетіктері
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу дегеніміз – ҚР аумағының жер
тұтастығын және қол сұғылмаушылығын жерді табиғат байлығы ретінде
сақтау, оны нысаналы пайдаланудың жер меншік иелері мен жер
пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жер қатынастары
саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған биліктік-
атқарушылық қызмет түрі болып табылады. Бұл қызметтің келесідей
ерекшеліктері бар:
Бұл қызмет мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Мемлекет атынан
құзіретті мемлекеттік органдар қызмет жасауға құқылы.
Бұл қызмет әрқашанда билікті, себебі жер ерекше объект, ол жердің
аумағы табиғат байлығы, меншік объектісі және кез-келген қызметтің
аумақтық негізі.Мемлекет билігін тек заң ғана шектей алады, сонымен қатар,
-нарықтық жағдайда мемлекет экономикалық ынталандыру әдістерін көбірек
қолданады.
Мемлекеттік басқару функциялары – бұл басқару қызметінің
мақсатымен анықталатын басқару қызметінің дербес және жеке бағыттары.
Атқарушы билік органдары атқарушы-бұйырушы қызметті жүзеге
асырады. Оның мәні – мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларының
орындалуын тікелей, күнделікті ұйымдастыру.
Мемлекеттік басқару функцияларының мынадай түрлері болады:
– жалпы;
– арнайы;
– қосалқы.
Жалпы функциялар кез келген әлеуметтік басқару субъектілері мен
объектілері арасындағы басқарушылық сипаттағы өзара әрекет етуде орын
алады және кез келген басқарушылық ықпал ету процестерінде болады [13].
Достарыңызбен бөлісу: