1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Жер иелену және жерді пайдаланудың экологиялық-



Pdf көрінісі
бет43/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

16.3. Жер иелену және жерді пайдаланудың экологиялық-
экономикалық мәні
Жерді пайдалану — қоғамдағы адамдар мен әлеуметтік топтар
арасында қалыптасқан әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастар
формаларының бірі. Оның жүйесі мен түрлері өндірістік қатынастардың
тарихи дамуы мен ауысуына байланысты өзгеріп отырады. Жерді сол
қоғамда қабылданған заңдарға сәйкес пайдаланады. Қоғамдық еңбек
бөлінісінің дамуы (егінші, мал бағушы тайпалардың бөлініп шығуы) және
осыған байланысты отырықшылыққа көшу алдымен рулардың, тайпалардың
және қауымдардың арасында, содан соң жеке жанұялардың арасында жер


53
бөлінісін туғызды. Мұның өзі жерді пайдаланудың тұрақты формаларының
құрылуына әкелді. Егістік жер, мыс., қауым меншігіне қалғанымен, әр егінші
өзіне пайдалануға берілген егістікті өз күшімен өңдейтіндей етуі үшін қауым
мүшелерінің арасында жер дүркін-дүркін қайта бөліске салынып тұрды.
Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай жер әр түрлі
дәрежеде, көбінесе, егіншілік, жайылымдықтар мен шабындықтар үшін
пайдаланылады. Ол үшін жерді құнарландыру мәселесін қолға алып, жер
байлығын мал өсіру мен егіншілікте тиімді пайдаланудың маңызы ерекше
[24].
17. Жер иелену және жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігі
17.1. Жер ресурстарының, ресурстық әлеуеттің есептерін жүргізу
Жер ресурстары еліміздің маңызды стратегиялық нысандарының бірі
болып табылады.
Жер қатынастары саласындағы бұзушылық еліміздің барлық
аймағында орын алып жатыр. Олардың өсуіне төмендегі себептерді атауға
болады:
- жер ресрустарына деген сұраныстың артуы, елді-мекендердегі бос
жердің тапшы болуы (республика бойынша жеке тұрғын үй салу үшін 1 млн.-
нан астам азамат жер кезегінде тұр).
- Қазақстан Республикасындағы жер заңнамасын бұзғаны үшін
жауапкершілік деңгейінің жасалған бұзушылық сипатына сәйкес болмауы
(көбіне уәкілетті органдар бұзушылықты жоюда түбегейлі шараларды
қолданбайды, тек әкімшілік айыппұл салумен шектеледі. Заңнамалық
деңгейде бұзушылардың жауапкершілігін қатайту туралы ұсынысқа бастама
жоқ);
- мемлекеттік органдардың мемлекеттік мониторинг пен бақылау
жүргізу үшін кадрлар тапшылығы және материалдық-техникамен
жабдықталмауы.
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің қызметтері дегеніміз –
мемлекет тарапынан жер саясатын жүзеге асыруға бағытталған негізгі
бағыттардың жиынтығы. Олар:
1.жер учаскелерін есепке алу және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу;
2.жерді жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру немесе алып қою;
3.жердің санатын анықтау және жерді бір санаттан екінші санатқа
ауыстыру;
4.жерді аймақтарға бөлу және жерге орналастыруды жүзеге асыру;
5.жер мониторингісін жүргізіу;
6.жер төлемдерін алу;
7.жерді қорғау шараларын жүргізу;
8.жерді пайдалану мен қорғау шараларына мемлекеттік бақылау
жүргізу;
9.жер дауларын шешу;
10.жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке тарту;[16].


54


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет