125
емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын кұру.
1.7. Жерге орналастыруды жобалаудың сатылылығы.
Жерге орналастыру шаралар жүйесі және оны орындауда жерге
орналастыру маманынан басқа әр түрлі мамандар қатысады немесе олардың
ұсыныстары жобада қабылданады. Жерге орналастыру процесі мынандай
кезеңдерді қамтиды:
-жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;
-дайындық жұмыстары;
-жерге орналастыру болжамдарын, схемалары мен жобаларын әзірлеу;
-жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту;
-жерге орналастыру жобасын орындау.
Жерге орналастыруды жүргізу бойынша тапсырыс беруші, жерге
орналастыру құжаттамасын әзірлеуші, жерге орналастыруды жүргізу кезінде
құқықтары мен заңды мүдделері көзделуі мүмкін үшінші тұлғалар, сондай ақ
жерге орналастыру құжаттамасы келісілетін және оны бекөтетін мемлекеттік
органдар мен басқа да тұлғалар жерге орналастыру процесіне қатысушылар
болып табылады.
Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың міндеттері:
1)Жерге орналастыру процесінің барлық қатысушылары:
-Қазақстан Республикасының жер заңдарын сақтауға;
-жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөніндегі құзыретті мемлекеттік
органдар талаптарын орындауға;
-жерге орналастыру процесінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер
пайдаланушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;
Достарыңызбен бөлісу: