285
дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның жұмысында Ресейдің тағдыры
және орыстар мен
орыс мемлекетінің әлемдегі мәні мен мақсаты туралы
терең пайымдаулар кездеседі. Орыс философиялық ойының онан арғы дамуы
адамгершілік-практикалық уағыздар дамуы ағымында және әлемдік өркениет
дамуындағы православиелік Русьтің ерекше мақсаты туралы ойды негіздеу
түрінде жүрді.
ИЛЬИН,
Иван Александрович Ильин (1883–1954) — орыс
христиан философы, cоциолог, мемлекеттанушы,
қоғам
қайраткері, жазушы және публицист. Оның көзқарастары XXғ.
консервативтік бағыттағы басқа да орыс интеллектуалдарына
қатты әсер етті, айталық солардың қатарында А.Солженицын
да бар.
Шығармалары:
«Философия
Гегеля как учение о
конкретности Бога и человека», «Учение о человеке», «О
сопротивлении злу силою», «Яд большевизма», «Путь духовного
обновления», «Творческая идея нашего будущего. Об основах духовного
характера», «Наши задачи. Статьи 1948-1954», «О монархии и республике»
және т.б.
КАГАМЕ,
Алексис Кагаме — руанди
елінен шыққан қазіргі
заманғы африкалық философияның дамуына көп үлес қосқан
көрнекті ойшыл. Ол – тарихи тақырыптарға арналған
жиырмадан астам кітаптар мен басқа да шығармалар жазды.
Руанди тарихына байланысты жазылған
екі томдық еңбектің
авторы, африка этнофилософиясының көрнекті өкілі.
Шығармалары: «Банту-Руанди болмыс философиясы», т.б.
Кагаме қолданған зерттеу тәсілі
– диалог. Ол философия мен
этнология ғылымдарының арақатынасын методологиялық түрде көрсетеді.
Оның этно-философиялық
мақсаты африкалық
ойды философиялық
дүниетанымға
ауыстыру еді. Нақты ешкімге ұқсамайтын, ұлттық дәстүрлік
бағытты ұстауы көптеген сыни таластардың туындауына себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: