1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет104/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   236
Totin Filosofia (1)

ЕСІМ, Ғарифолла Есім (1947) — танымал философ-ғалым
жазушы, публицист, қоғам қайраткері. Шығармалары: 
«Хакім-Абай» 
атты 
философиялық 
еңбегінде 
Абай 
дүниетанымына терең герменевтикалық талдау жасап, Абай 
көзқарастарының жаңа қырларын ашып, еліміздегі Абайтану 
ілімін жаңа деңгейге көтерді. «Сана болмысы» еңбегінде 
қазақтың тұрмысы мен тарихына қатысты советтік ғылымда 
орнығып қалған ұғымдар мен түсініктерді сыни көзқарас тұрғысынан қайта 
қарастырды. Философия тарихы саласында араб ойшылдарының тың мәдени 


282 
мұраларын зерттеп, көлемді еңбектер жазды. Ғалымның философиялық 
көзқарастары, ой-пікірлері ұлттық рухани мұраларымызды, тарихи 
дәуірлердің ішкі имманенттік мазмұны мен мәнін жаңаша түсініп, 
қабылдауға ықпал етеді. 
ЖАНСҮГІРОВ, Ілияс Жансүгіров (1894–1938) — қазақтың 
көрнекті 
жазушысы, 
қазақ 
әдебиетін 
қалыптастырушылардың 
бірі 
әрі 
қоғам 
қайраткері. 
Пролетарлық-социализм идеясын ұстанушы. 1937—38ж.ж. 
саяси қуғын-сүргін науқанының құрбаны болды. Әйтсе де 
әмбебап дарын айналасы 10 - жылда проза мен 
драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын 
қорына жататын айтулы философиялық толғамдарға толы 
туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды. 
ЖАЛАИРИ, Қадырғали би Қасымұлы Жалаири (1530-1605) — қазақтан 
шыққан ғұлама ғалымы, биі, ұлы ойшылы. «Жамиғат тауарих», 
«Жылнамалар жинағы» тарихи-шежіре кітабы арқылы таныс. «Ойлап 
айтқан сөз де, ойнап айтқан сөз де оралмайды» деген екен ол. 
ЖӘҢГІР-ХАН, Жәңгір (Жиһангер) Бөкейұлы (1801–1845) 
— Кіші жүздің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан 
Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, 
Нұралының немересі. Ресей империясы тұсындағы атақты 
Қазан университетінің құрметті докторы. Қазақ Елінде ел-
жұрттың сауатын ашу мақсатында мектеп, кітапхана, т.б. да 
нысандарды ашқан, ұрпақ қамын ойлаған биік тұлға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет