КОНДИЛЬЯК, Этьенн Бонно де Кондильяк (1715–1780) —
аббат, француз философы. Оның ағасы – белгілі Мабли аббат.
Көбінесе таным мәселесіне көңіл бөлді. Басты идеялары:
дүниені тануға болады; адам қоршаған дүниені өзінің таным
қабілетіне (сезіміне, ақылына) сай тани алады; қоршаған дүние
– барлық білім көзі; таным негізінде сезімдік қабылдау жатыр;
сезімдік қабылдау болмай, рационалдық таным өзінше дербес
бола алмайды.
КОНТ, Исидор Мари Огюст Франсуа Ксавье Конт (1798–
1857) — француз философы әрі социологы. Позитивизмнің
көшбасшысы. Социологияны жеке өз алдына қарастыратын
ғылым ретінде негізін қалаушы. Шығармалары: «Курс
позитивной философии» (1830—1842) және «Система
позитивной политики» (1851—1854).
КЛЕОБУЛ, Клеобул Линдский (б.д.д. VIғ. 1-ші жарт.) —
грек ойшылы, әйгілі жеті данышпанның бірі. Зорлық-
зомбылық ауыздықталып, бұқара жұртшылық шынайы
демократия мен бостандықтың шырын дәмін татады, яғни ол
өзінің осынау қайраткерлік тәжірибиесі арқылы дана
басқарған ел озатының дүлей басқарса тозатынын дәлелдеп
кеткен.
КОПЕРНИК, Николай Коперник (1473–1543) — поляк
арасынан шыққан астроном, математик, экономист,
каноншы. Ғылыми революцияның бастамасы болған әлемнің
гелиоцентристік жүйесін алғаш айтқан. Шығармалары:
«Аспан
сфераларының
айналуы».
Астрономиялық
зерттеулерге сүйеніп, болмыстың мына бейнесін көрсетті:
Жер Әлемнің орталығы емес (геоцентризмді теріске
шығарды), Жер Күнді айналады (гелиоцентризм), барлық
ғарыштық денелер өз траекториясымен қозғалады, ғарыш шексіз, ғарыштағы
құбылыстарды табиғат заңдылықтарымен түсіндіруге болады.
289
Достарыңызбен бөлісу: |