1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


МУРЗАЛИН, Серік Қажиахметұлы Мырзалы



Pdf көрінісі
бет130/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   236
Totin Filosofia (1)

МУРЗАЛИН, Серік Қажиахметұлы Мырзалы (1944) — 
қазіргі заманғы қазақ философтарының бірі. Қостанай облысы 
Меңдіқара 
ауданы 
Көктерек 
ауылында 
туып-өскен. 
Философия ғылымдарының докторы (1999), профессор 
(1991). Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын 
(1968), ҚазПИ-дің аспирантурасын (1972, қазіргі ҚазҰПУ) 
бітірген. Арқалық, Қостанай, Алматы т.б. да ЖОО-да 
оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан 
болып қызмет атқарған. Шығармалары. «Философия әлеміне саяхат» (2-
кітаптан тұрады, Қостанай-2004ж.), «Философия» атты (Алматы-2008ж.) оқу-
әдістемелік еңбектері, «Проблемы взаимосвязи политики и морали в 
переходном обществе» және т.б.
МҰРАТ-АҚЫН, Мұрат Мөңкеұлы (1843–1906) — «Зар–
Заман дәуірі» кезеңіндегі атақты жырау әрі айтыскер ақын. 
Оның 
өлең-толғаулары 
әлеуметтік 
астары 
мол 
қайшылықтарды бейнелейді. Патша өкіметінің отарлау 
саясатынан туындаған зардаптарды жырлап, оған жаны 
ауыра күйзелене толғанады. Қоныс тарылып, жайылым 
азайып, жұт көбейген елдің тағдырын, халық түрмесі болған 
отаршылдыққа қарсы күрескен ерлердің күресін толғаған 
Шығармалары: «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған», «Шалгез», т.б. Ол 
үлкен жыршы, ноғайлы дәуірінен сыр беретін «Қырымның қырық батыры» 
цикіліне кіретін «Қарасай-Қази», «Орақ-Мамай», «Едіге» т.б. жырларды 
жеткізуші, атақты Мұрын жырау осы циклге кіретін жырлардың бір тобын 
Мұрат ақыннан тікелей үйренген. Мұрат айтыс ақыны ретінде де танымал. 


304 
Оның жылқышымен, Бала Оразбен, Жаскелеңмен, Тыныштық, Шолпан 
ақындармен сөз жарыстырулары белгілі. 
МҰХАММЕД-ПАЙҒАМБАР (570–632ж.ж.) — Мұхаммед – әлемдегі ең ірі, 
ең ұлы үш діннің бірі – исламның негізін салушы, тарихтағы тұңғыш 
мұсылман мемлекетінің басшысы, пайғамбар дәрежесіне жеткен үлкен 
ойшыл. Мұхаммед бар ғаламды билеп тұрған бір құдыреттің бар екеніне көз 
жеткізіп, қырық жасында жаратушы жалғыз Аллаға сыйынып, өзін оның 
жердегі елшісі деп жариялады. Ол өмірден өткеннен кейін оның дініне 
кіргендердің бәрі өздерін Мұхаммедтің үмбетіміз деп санады. Өйткені ол 
жұртқа Құдай рухы сіңген қасиетті құранды қалдырып кетті. Оның 
айтқандарының бәрі көзі тірісінде жазып алынып, түгел дерлік енгізілген бұл 
киелі кітап адамгершілік қағидалардың төрт құбыласы түгел біртұтас 
заңнамасына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет