МЕЛЬЕ, Жан Мелье (1664–1729) — француз материалист-
философы, атеист, утопистік коммунист, католик священнигі.
Ол өзі діндар болса да,
өмірінің аяғында атеизмге бой ұрды,
материализмнің жауынгері болды. Оны өзінің әлеуметтік-
саяси көзқарастары үшін бірінші коммунист, социалист-
утопист деп те атайды. Негізгі идеялары: ешқандай да
тылсым күш (Құдай) жоқ; материядан тәуелсіз идея болмақ
емес, жан да мәңгі емес; дүние ерекше субстанция –
материядан тұрады; абсолютизмді құлату керек, жеке меншік пен мемлекетті
жою керек;
МЕРТОН, Роберт Кинг Мертон (1910–2003) — американдық ғалым,
ғылым социологиясының негізін қалады. Ол ғылымды зерттеудің
институциялық әдісін қолданды. Және «ғылым этосы» ұғымын ұсынды
(ғылыми қауымдастық мүшелерінің ұстанатын нормалары).
МЕРЛО-ПОНТИ, Морис Мерло-Понти (1908–1961) —
француз
философы,
мәдениеттің
феноменологиялық
тұжырымдамасының өкілі. Оның пікірінше, адамды
қоршаған әлем – мәдениет әлемі сияқты мағына мен маңызға
толы әлем.
Шығармалары: «Гуманизм және террор», 1947;
«Смысл и бессмыслица», 1948; «Язык несказанного и голоса
молчания», 1952; «В защиту философии и другие эссе», 1953;
«Приключения диалектики», 1955; «Таңбалар», 1960; «Око и
дух», 1961; «Әлем прозасы», 1969; «Плоть мира», «Феноменология
восприятия» және т.б.
МИЛЛЬ, Джон Стюарт Милль (1806–1873) — белгілі
ағылшын ойшылы әрі экономисі, қоғам қайраткері,
позитивизм өкілі. Шығармалары: «Опыты», «Система
логики», «Основы политической экономии и некоторые
аспекты их приложения к социальной философии»,
«Основах...», т.б. да саясат, саяси экономия, философия
ғылымдары салаларын қамтитын ірі еңбектерді жазып,
ғылымда өз ізін қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |