ФАЛЕС, Фалес Милетский (б.д.д. 640/624–548/545 ж.ж.)
— көнегрек философы әрі математигі, Милеттік (Кіші Азия).
Европа ғылымының тарихы бастау алатын ионистік
натурфилософияның өкілі және Милет (ионистік) мектебінің
негізін қалаушы. Оның есімі геометриялық теоремамен
аталады. Оның бізге қалдырған мұрасы: дүниенің алғашқы
бастамасы – су («архэ») деп білді. Ол «Бастама туралы»,
«Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз
астрологиясы» деген еңбектер жазған.
ФАРАБИ, Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ
әл-Фараби ат-Түрки (870–950) — әйгілі математик,
философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Ол
Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған
түсініктемелер жазған. Сол үшін оны «Екінші ұстаз» деп
атаған.
Шығармалары:
«Ғылымдардың
шығуы»,
«Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі», «Кемеңгерлік
меруерті»,
«Ізгі
қала
тұрғындарының
көзқарасы»,
«Музыканың үлкен кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдан-ала не
білу қажеттігі жайлы», «Ақылдың мәні туралы», «Әлеуметтік-этникалық
трактаттар», «Философиялық трактаттар», т.б.
ФЕДОРОВ, Николай Федорович Федоров (1828–1903) —
орыс космизмі мен гуманизмінің көрнекті өкілі. Басты
шығармалары: «Жалпы іс философиясы» («Философия
общего дела»). Ол орыс космизмін, яғни келе жатқан хаосты,
ғарышты адам құтқаруы керектігі идеясын қарастырды.
Ғарыш - адам ақылына, парасатына мұқтаж.
ФЕЙЕРАБЕНД, Пол (Пауль) Карл Фейерабенд (1924–1994)
— ғалым, философ, ғылым методологы. Шығармалары:
«Методқа қарсы», «Еркін қоғамдағы ғылым», «Эмпиризм
проблемалары» және т.б. Ол эпистемологиялық немесе
методологиялық анархизм деген концепцияны тұжырымдады.
Достарыңызбен бөлісу: |