329
профессорлық қызметтерде, Вена ұйымының негізін қалаушы әрі оның
төрағасы.
Шығармалары: «Пространство и время в современной физике»,
«Всеобщая теория познания», «Вопросы этики», «Позитивизм и реализм»,
«Природа и культура», т.б.
ШОҚАЙ,
Мұстафа Шоқай (1890–1941) — Алаш
қайраткері, түркі халықтарының
бірлігінің жалынды
жаршысы.
Алашорда үкіметінің мүшесі, публицист-жазушы.
Отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген
қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі, Түркістан халықтары
арасында тарихта тұңғыш
рет демократиялық Еуропаның
ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің
негізін қалаушы.
ШОҚАН, Мұхаммед-Қанафия Шыңғысұлы Уәлиханов
(1835–1865) —
қазақ ағартушылығының негізін салушы,
демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі,
энциклопедист-ғалым, шығыстанушы,
саяхатшы, публицист
және қоғам қайраткері. Өзінің аз ғұмырында адам қабілетінің
ғажайып
мүмкіндіктерін,
гуманизмнің
биік
өресін,
ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен
алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен,
нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді.
Достарыңызбен бөлісу: