нәрсені үйреніп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс. Бұл екі
үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIXғ.
40-60 ж.ж. болды.
ЧИЖЕВСКИЙ, Александр Лионидович Чижевский (1897–
1964) — ғарыштық биология философиялық жүйесін
жасады.
Шығармалары:
«Физические
факторы
исторического
процесса»,
1924;
«Эпидемические
катастрофы и периодическая деятельность Солнца», 1930;
«Проблемы ионификации», т.1-3, 1933-1934; «Вся жизнь»,
1964; «Земное эхо солнечных бурь», 1974; «Стихотворения»,
1987; және т.б.
ШАЛКИІЗ-ЖЫРАУ, Шалгез Тіленшіұлы (1465–1560) —
қазақтың жыраулық поэзиясының атасы. Онда әміршіге
тікелей арнау да, мадақ өлеңдер де, болмыс туралы
философиялық толғаныстар да, өзі туралы ойлар да,
дидактикалық толғаулар да бар. Қазақ ақын-жырауларының
шығармалары, негізінен, көшпелілер болмысы, атақоныс,
адам, сол кездегі әлеуметтік жағдайларға, батырлық,
көркемдік, адамгершілік өмір мәселелеріне байланысты.
Дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе жоқ дейді жырау. Шалкиіз толғауларының
рухы– батырлық, ерлік, өз Отанын сүю, оған шексіз қызмет ету.
ШАН ЯН, Шан Гунсунь Ян (б.д.д.390–б.д.д.338) — әйгілі қытай ойшылы,
даосизм және конфуцийшілдік іліміне қайшы келетін философиялық-саяси
Легизм - ілімінің негізін қалаушылардың бірі. Шан Ян «егер барлық жерде
заңды басшылыққа алатын болса, ел тәртіптен ләззат алады» - деп жазды.
Концепциясы: 1-билеушіге жан-тәнімен берілуге тәрбиелеудің негізі ретінде
жазалау мен марапаттау жүйесін: 2-тектердің рангын беру және қызметке
тағайындау жүйесін қамтиды. «Халық ақымақ болса – оны басқару оңай».
Яғни, халық пен билеуші антагонистік ара қатынаста ғана бола алады. Оның
тезистерінің негізінде мораль, дәстүр, мәдениет адам табиғатымен - оның
пайдаға деген туа біткен құлшынысымен сәйкес емес. Оның ілімі Хань
Фэйдің «басқару өнері» ілімімен ұштасып, императорлық Қытайдың
доктринасына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |