1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


АШАРИТТЕР — ашаризм өкілдері (негізін салушы Әбу-ль-Хасан Әли Ибн  Исмаил әл-Ашари (873-935)) - мұсылман теологиясындағы бағыт.  ӘДІС



Pdf көрінісі
бет172/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   236
Totin Filosofia (1)

АШАРИТТЕР — ашаризм өкілдері (негізін салушы Әбу-ль-Хасан Әли Ибн 
Исмаил әл-Ашари (873-935)) - мұсылман теологиясындағы бағыт. 
ӘДІС — гр. тіл. ауд. – зерттеудің, танымның жолы. Яғни танымның саналы 
түрде қолданылатын әдісі. 
 
ӘДІСНАМА — кейбір затты тануда қолданылатын тәсілдер жүйесі немесе 
таным тәсілдері туралы философиялық ілім. 
 
ӘЛЕМГЕ ДЕГЕН ҚАТЫНАС — адамның дүниетаным негізінде тұтас 
нәрсе ретіндегі әлемге деген тәжірибиелік қатынасы. Сонымен бірге 
дүниетаным мен дүниеге деген қатынасы өзара бірін-бірі түзеп, дамытады. 
 
ӘУЕЛГІ БАСТАУ — барша болмыстың әуелгі қайнар көзі. 
 
ӘУЕЛГІ ҚОЗҒАЛТҚЫШ — Ғарыштағы кез келген үдерістің қайнар көзін 
белгілейтін Аристотель философиясының категориясы. 
 
ӘУЕЛГІ ЭЛЕМЕНТ (СТИХИЯ) — ежелгі грек философиясы бойынша 
шындықтағы алуан түрлі құбылыстардың негізінде жататын нәрсе. 
 
 
ӘМБЕБАПТЫҚ (ЖАЛПЫЛЫҚ) — ерекшелік пен жекеліктің нақтылы 
біртұтас құрамындағы заңды байланысы мен өмір сүру формасы. 
БАТЫСШЫЛДАР — ХІХғ. ортасындағы орыс қоғамындағы ағым. 
Олардың пікірінше, Ресей жалпыевропалық сценарий бойынша даму жолына 
түсуі тиіс. 


341 
БАТИНИТТЕР — Қасиетті мәтінде түсіндіруді қажет ететін жасырын
құпия мәні бар деп есептейтін бағыттың өкілдері. 
БАЗИС және ҚОНДЫРМА — К.Маркс пен марксизмнің қоғам туралы 
ілімінің категориясы. Базис – экономикалық (өндірістік) қатынастардың 
жүйесі. Қондырмаға саяси, құқықтық және басқа да әлеуметтік қатынастар
ғылым, өнер, мораль, дін және оларға сәйкес келетін қоғамдық сананың 
түрлері жатады. 
БЕЙСАНАЛЫҚ 
(БЕССОЗНАТЕЛЬНОЕ) 
— 
адам 
санасында 
анықталмайтын 
психикалық, 
тылсым 
процестердің 
жиынтығы, 
мәдениеттануда сана құбылыстарынан сапалы өзгешеліктері бар қоғамдық 
сананың санаға дейінгі және төменгі саналық құрылымдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет