1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет173/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   236
Totin Filosofia (1)

БЕЙКЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ — XIXғ. соңында Ф.Ницше мен 
С.Кьеркегордың еңбектерінен бастап қалыптасатын философияның жаңа 
түрі. Бейклассикалық философия классикалық батыстық мәдениеттің 
негізгі қағидаларын қалыптастырады, ең алдымен, сыртқы және ішкі 
табиғатқа қатысы бар үстемдік ету қағидасы, оған ойдың практикасы да 
бағынады. Бейклассикалық философия Шығысқа бет бұрады және 
Шығысқа тән «адам-әлем» тұтас қатынасты батыста орныққан «субьект–
обьект» сияқты бұзылған құрылымның орнына қайта келтіруді мақсат 
тұтады. 
Бейклассикалық 
философия 
қағидалары 
жүйелі 
түрде 
М.Хайдеггердің іргелі онтологиясында жасалған. 
БЕС ТҮС — сары, қызыл, көк, ақ, қара; бес дыбыс – қытай музыкасындағы 
гамманың бес түрлері; дәмнің бес сезімі – тәтті, қышқыл, ащы, өткір, тұзды. 
Лао-цзы мұнда орынсыз сәнденуден сақтандырады, қарапайымдылыққа 
шақырады. 
БІРЛІК — ежелгі грек философиясында «көптік» категориясына қарама-
қарсы қойылған категория. Бұл категория неоплатонизмде маңызды болған. 
БИБЛИЯ (грекш. – кітап) — иудаизм мен христиандар қасиетті деп 
танитын, құдайға құлшылық ету мен догматиканың негізі болып саналатын, 
әр тілде, әр кезеңдерде және әр түрлі сипаттағы жазба мұраларының (б.д.д. 
VІІІ – ІІғ.ғ.) жинағы. 
БИЛІК — әлеуметтік қатынастар формасы, адамдар мен әлеуметтік 
топтардың қызметі мен тәртібінің сипаты және бағытына экономикалық, 
идеологиялық және ұйымдастырушылық-құқықтық механизмдер арқылы, 
сонымен қатар беделдің, дәстүрлердің, күш көрсетудің көмегімен ықпал ете 
алу қабілетімен сипатталады. Басқару және бағыну принципіне негізделген 
қатынастар биліктің мәні болып табылады. 


342 
БИОЛОГИЗМ — әлеуметтік өмірді талдауда биология ұғымдары мен 
заңдарын қолдану. 
БИФУРКАЦИЯ (лат. - қосарлану, екіұдайлану, бөліну) — тепе-теңдіктен 
алыс тұрған жағдайларда әрекет ететін тетіктер. Ол қосарланған нүктелердің 
бар болуы мен даму барысының осы жолы жалғыз еместігін ұйғарады. Оның 
әрекетінің нәтижесін болжау өте қиын. 
БОЛМЫС — адамнан тәуелсіз өмір сүретін шынайылық. Жалпы өмірдегінің 
барлығы немесе адам санасынан тысқары, тәуелсіз тұратын обьективтік 
шындықты және адамның өзін де бейнелейтін философиялық категория. 
Болмыс мәселесін қарастыратын философиядағы бөлім – онтология деп 
аталады. Философияның қалыптасуының өзі болмыс мәселесін зерттеуден 
басталады. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірлерден бастап, Парменид, 
ортағасырлық философия, Гегель, Хайдеггер және т.б. болмыс мәнін ұғынуға 
тырысты. Болмыс ұғымы арқылы дүниенің бар екеніне иланып, оны 
құрайтын құбылыстардың бәріне тән, бәрін біріктіретін неғұрлым ортақ, 
жалпылық әлемдік байланысты іздестіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет