1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


АЛИГЬЕРИ, Алигьери Дантье, Дуранте дельи Алигьери



Pdf көрінісі
бет76/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   236
Totin Filosofia (1)

АЛИГЬЕРИ, Алигьери Дантье, Дуранте дельи Алигьери 
(1265–1321) — итальяндық ақын, итальяндық әдеби тілдің 
негізін қалаушылардың бірі. «Комедияны» құрастырушы. 
Ортағасырдың соңғы және сонымен бірге Жаңа заманның 
бірінші ақыны. Шығармалары: «Құдыретті комедия» 
(«Тамұқ», «Күнәдан тазару» және «Ұжмақ» деп аталатын үш 
бөлімнен тұрады), «Той», «Жаңа өмір». Онда ол: 
христиандықты дәріптеді, бірақ оның қайшылықтары мен догматтарын 
астарлы сынға алды. 
 
АЛТЫНСАРИН, Ыбырай Алтынсарин (1841–1889) — 
қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, 
этнограф, фольклоршы. Ол өз заманындағы алдыңғы қатарлы 
ойшылы, адамгершіл, ағартушы-демократ болды. Оның 
еңбектері, 
мақалалары, 
хаттары 
олардың 
дүниеге 
материалистік 
көзқарастары, 
тәжірибиелі 
қиялдық 
анықтаушы тұрғысынан жазылды. «Білім дегеніміз өзімізді 
қоршаған шындықты танып білу» деп түйіндеді Ыбырай. Ол мектептегі 
діни–схоластикалық оқуға қарсы шықты. 
АЛТЫНТАШ, Алтынташ Хайрани (1942) — қазіргі заманғы мұсылман 
әлемінің атақты ойшылы. Түркияның Ақшехирінде туып-өскен. 1962-
1967ж.ж. Анкара университетінің дінтану факультетінде оқыған. 1970ж. 
Чумра лицейінде, 1971ж. Кониядағы Қаратай лицейінде ұстаздық еткен. 
1971-1977ж.ж. Париждегі Сорбонн университетінде доктор-ассистент болып 
жұмыс істейді, доцент (1982), профессор (1988) ғылыми атақтарын алады. 
Тунисте және Германияда ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысқан. 1987-
2002ж.ж. Алжирдегі Константин университетінде, Анкара университетінің 
Әлеуметтік ғылымдар институтында, дінтану факультетінде түрлі қызметтер 
атқарады. Ғалымның жеті кітабы жарық көрген: исламда философиялық 
ойлау, суфизм, психология және этика тақырыптарына қатысты 100-ден 
астам аударма мақалалары бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет