1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет77/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   236
Totin Filosofia (1)

АМИН, Осман Амин — қазіргі заманғы египеттік-араб елінің философы. Ол 
– Юсуф Карам, Заки Нагиб Махмуд, Абдел-Рахман Бадауи, Малек бен Наби 
кіретін атақты бес араб ойшылдарының қатарына жатады. Шығармалары: 
«Джувалийя» (1964) және «Мұсылман философиясы» (1968) тарихи-
философиялық еңбегі.
АНАКСАГОР, Анаксагор Клазоменский (ш.б.д.д.500–б.д.д.428ж.ж.) — 
көнегрек философы, математигі әрі астрономы, Афина философиялық 
мектебінің 
негізін 
қалаушы. 
Шығармалары: 
«Табиғат 
туралы». 
Анаксагордың пікірінше, алғашқы бастама төртеу емес, сан жағынан шексіз 
көп және ол заттардың барлық жағдайын қамтиды. Бастама зат күйіндегі, су, 


259 
алтын, т.б. емес, ол (бастама – от, су, алтын, т.б. заттардың кішкентай, 
көрінбейтін, сезінуден тыс жатқан бөлшектері, оларды Анаксагор «барлық 
заттардың тұқымы (ұрық)» - деп, ал Аристотель оны «гомеомерия» деп 
атаған. Анаксагордың пікірінше, заттарды қарама-қарсы қасиеттерінен 
танып-білуге болады. Мысалы, салқын-жылу арқылы, тәтті-ащы, т.б. Бірақ 
сезім мүшелері, соның ішінде түйсік бізге ақиқатты ашып бермейді, себебі 
гомеомерийді сезім мүшелері арқылы танып-білу мүмкін емес, оны тек 
ақыл-ой арқылы тани аламыз. Білім бізге бостандыққа жетуге мүмкіндік 
береді.
АНАКСИМАНДР (б.д.д.610–547/540ж.ж) — көнегрек 
философы, Милеттегі натурфилософия мектебінің өкілі
Фалестің шәкірті. Шығармалары: «Табиғат туралы», «Жер 
картасы», «Глобус» және т.б. «Заң» терминін алғаш рет 
қолданған ойшыл, табиғат және қоршаған ортаға деген 
қоғамдық тәжірибие ұғымын ұсынды. Алғашқы бастама, 
дүниенің негізі – топырақапейрон») мәңгі өлшеусіз
шексіз субстанция, барлығы одан пайда болады, оған айналады. 
Анаксимандр ілімінің аңғалдығына қарамастан, онда табиғаттың даму 
заңдылықтарын табиғаттың өз логикасымен түсіндіру табиғаттану 
диалектикасының алғашқы қадамдары болды. 
АНАКСИМЕН (б.д.д. 585/560–525/502ж.ж.) — көнегрек 
философы, Милеттегі натурфилософия мектебінің өкілі, сақ-
скиф арасынан шыққан, Гнур патшаның баласы, Савлия 
және Кадуит патшаларының ағасы болып келеді. 
Анахарсистің шәкірті. Анаксимандр ілімін ары қарай 
жалғастырушы. Алғашқы бастама –ауа деп білген.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет