1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет81/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   236
Totin Filosofia (1)

АФФИФИ, Әбул-Ала Аффифи (1897–1966) — қазіргі заманғы мұсылман 
әлемінің философы. Мысырдағы Бандару-л-Жиза қаласында дүниеге келген. 
1921ж. Дару-л-Улумді бітірген соң философия саласы бойынша Кембридж 
университетінде білімін жетілдіреді (1924). Онда Э.Браун, Р.Никольсон 
сияқты шығыстанушылардан білім алған. 1930ж. ол Мухиддин ибн Араби 
туралы докторлық диссертация қорғаған. Мысырда Каир университетінде 
философия профессоры қызметінде болады. Сонда Мысыр өнер мен 
әлеуметтік ғылымдар Жоғарғы кеңесінде мүшелік қызметін атқарады. 
ӘБЖАНОВ, Төлеуғазы Ысқақұлы Әбжанов (1935) ) — қазіргі заманғы 
қазақ философ-ғалымдарының бірі. Ресей, Кемерево қаласында туып-өскен. 
Қарағанды педагогикалық институтын бітірген (1957). Қазіргі Қарағанды 
мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент, профессор, кафедра 
меңгерушісі (1963–1996), ал 1997ж. осы университетте кафедра меңгерушісі 
қызметтерін атқарады. 1992ж. «Философия тарихындағы пайым мен зерденің 
диалектикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әбжанов 
50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Шығармалары: «Философия 
тарихындағы таным теориясы мен методика проблемалары», 1990; «Путь к 
человеку», 1992; «Мышление. Разум. Нравственность», 1994; «Қысқаша 
философия тарихы», 1999; «Неміс классикалық философиясы», 1990; 
«Адамға қарай бет бұрсақ», 1992 (Ә.Нысанбаевпен бірге жазған); 
 
ӘБІЛДИН, Жабайхан Мүбаракұлы Әбілдин (1933) — қазіргі 
заманғы қазақ философиясының негізін қалаушылардың бірі. 
XX-ғ. 60-90ж.ж. қазақ философиясының «алтын дәуірі», 
таным теориясы, логика, методология, диалектикалық 
ойлаудың үстемдік еткен заманы болды. Шығармалары: 
«Теориялық танымдағы бастама мәселесі», «Логика мәселесі 
және таным диалектикасы», «Таным диалектикасы мен 
логикасының проблемалары», «Қазіргі ғылымдағы нақтылық принциптері», 
«Кант диалектикасы», 5-томдық «Диалектикалық логика» және т.б. да 
еңбектері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет