277
атқарды. 1998 жылдан профессор Ғабитов 28
- ғылыми жарияланымның,
оның ішінде 3 - монографияның авторы.
ҒАЗАЛИ, Әбу Хамит Мұхаммед ибн Мұхаммед ат-Туси
әл-Ғазали
(1059–1111)
—
ортағасырлық
мұсылман
философиясының
ірі өкілі, атақты философ, теолог, мистик,
суфизм
идеяларын қостаушы, әрі мұсылман дүниесінде
беделі мықты, Мұхаммед пайғамбардан кейінгі екінші
мұсылман деген атаққа ие болған ойшыл.
Негізгі
шығармасы: «Философтарды терістеу».
ДАНИЛЕВСКИЙ,
Николай Яковлевич Данилевский (1822–
1885) —
орыс ортасынан шыққан социолог, культуролог,
публицист; геополитик,
тарихқа деген өркениеттік әдістің
негізін
қалаушылардың
бірі,
панисламизм
және
славянфильдер идеологы.
Басты шығармасы: «Ресей және
Европа».
ДАЙСЭТЦУ, Судзуки Тэйтаро Дайсэтцу (1870–1966) —
қазіргі заманғы жапон философ-ғалымдарының бірі. Негізінен
ол буддизм махаянасын зерттеген болады.
Шығыс
мәдениетінің құбылыстарына, адаптация проблемасына басты
назар
аударды.
Философияға
және
мәдениеттануға
қызығушылықтың орталығы
Чань-буддизм мектебі болып
табылады. Чань-буддизмнің «жасырын» санасын ашып, батыс
дәстүріне түсінікті етуге тырысты. Оның пікірінше, Чань-
буддизм адам мен қоғамға міндетті түрде
ортамен өзара байланыс,
динамикалық процесс ретінде қажет.
Достарыңызбен бөлісу: