278
рөлді Декарт
рационалдық (ақыл-ой) танымға береді де, ол арқылы адамдар
сезімдік түйсіне алмайтын табиғаттың сыры мен мәнін ашуға мүмкіндік
алады деп тұжырымдайды.
ДЕМОКРИТ,
Демокрит Абдерский (б.д.д.460–370ж.ж..) —
көнегрек
философы,
Левкипптің шәкірті, атомистиканың
негізін қалаушылардың бірі.
Диалектикалық-материалистік
философияда
материализмнің негізін қалаушы болып
саналады.
Шығармалары: «Пифагор», «Планеталар туралы»,
«Табиғат туралы», «Ақыл-ой туралы», «Үлкен әлем
құрылысы», «Кіші әлем құрылысы», т.б. Оның ілімі бойынша,
дүниенің бастамасы –
атомдар (шын болмыс) және бос
кеңістік (бейболмыс). Болмыс пен бейболмыс
бір-біріне қарама-қарсы
құбылыстар. Егер болмыс өзіндік пішіні бар және ол өте тығыз
болғандықтан, бөлшектенбейтін
атомдардан тұратын болса, бейболмыс –
өзіндік пішіні, түрі жоқ, шексіз бос кеңістіктерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: