отбасылар оқшауланды, отбасылық меншік кеңейді, рулықұ қауым ішінде мүлік теңсіздігі
өсті.
Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға үйретілген жануарлардың саны көбейді,
малдың түр құрамы да көбейді. Қола дәуірі шаруашылық ныманы ретіндегі мал
шаруашылғының үздіксіз дамыған уақыты болды.
Қола дәуірінің алдыңғы кезеңіндегі қоныстарда жиналған сүйек материалдар бұл
уақытта Қазақстан аумағындағы адамның негізгі кәсібіүй маңында мал өсіру болды деуге
мүмкіндік береді. Малдың көбі ірі қара болды: оны жаю үшіні жайылымдағы шалған
пайдаланылды. Қой мен жылқы аз болды. Кәрі малдар мен әр жылғы төл қысқа ет
дайындауға арналды, ал төлдің бір бөлегі табында қалдырылды.
Ботай қонысынан алынған материалдың көрсеткеніндей, жылқыны қолға үйрету
мен салт мініп жүруге пайдалану энеолит дәуірінде орын алған.
Дамыған қола дәуірінде жылқы неғұрлым кең көлемде: күш көлігі ретінде және
салт мініп жүруге үшін пайдаланылды. Мұны Степняктағы, Айдаболдағы,
Тастыбұлақтағы қоныстардан табылған, сүйектен жасалған жумсақ ауыздықтардың
айшықтары дәлелдейді. Жылқының көлік ретінде пйдалану даладағы және биік таудағы
жайылымдарды игеру мүмкіншілігін молайтты. Орталық
Қазақстанның далаларында
жабайы түйе қолға үйретілді. Ақсу-Аюлы-2 кешендерінің бірін қазғанда ботаның сүйегі
шықты. Алексеевка қонысында түйенің кейбір сүйектері табылды.
Ежелгі замандағы малшауашылығы экстенсивті шаруашылық болды.
жайылымдарды игеріп, көлемін кеңейту, төзімді, тебінге жарайтын (қыста қар астынан
аяғымен шөп аршып алуға қабілетті) жылқы қой сияқты мал түрлерін өсіріп, өндіру
малдың көбеюіне жеткізді. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Қазақстанның далалық
аудандарында мал өсіру шаруашылықтың негізгі саласына айналды және көшпелі мал
шаруашылығына жақын түрге ие болды /27/ .
Өнімді мал шаруашылығына көшу ілгері басқан құбылыс болды. Жаңа еңбек
құралдары, өндіріс құрал – жабдығы ретінде бақташы тайпаларға мал материалдық
игіліктер өндіруде көп артықшылықтар берді. Ет-сүт өнімдерінің қоры молайды, олардың
жаңа түрлері (ірімшік, сүзбе) пайда болды, үй кәсібі (теріден, жүннен бұйым жасау)
ұлғайды.
Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншілік
бірін – бірі толықтырып, өзара байланыста болды. Мәселен, Усть – Нарым қонысында
(Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің бролғанын көрсетеді. Ол
уақыттағы адам кездейсоқ, ұсақ егістен өзендердің жайылмаларындағы шағын алқаптарға
тұрақты егін егуге көшті /28.81-82/ .
Алдыңғы қола дәуірінің қоныстарында тастан және бұғы мүйізінен
жасалған
теселер табылды. Жер қопсытатын таяқтармен және мүйіз теселермен салыстырғанда тас
кетпендер өнімдірек болды: бұлармен жерді жақсырақ қопсытуға болатын еді. Тастан
астық үгетін құралдар да: астық түйгіштер, тоқпашалар, түйгіштер, келілер, келсаптар
падаланылған болса керек, ал соңғы қола дәуірінде бітімі әр түрлі қола және мыс орақтар,
қола шалғылар пайдаланылды.
Қазақстанға тараған аудандардың бәріне қола дәуірі мәдениетінің даму сатыларын
сипаттайтын материал шаруашылық тұрпатының өзгергенін көрсетеді: қола дәуіріндегі
тайпалар үй маңында мал өсіруден жайлауда мал бағуға, одан кейін көшпелі мал
шаруашылығына көшті. Нақ осы жағдай материалдық мәдениеттегі өзгерістерді туғызды,
дегенмен бұл өзгерістер барлық жерде бірдей болған жоқ. Географиялық және басқа
секторларға байланысты бір аудандарда әуелі жабайы хайуандарды қолға үйрету
басталды, ал екінші аудандарда әуелі қарапайым кетпендік егіншілік шығып тарады.
Соңғы онжылдықтарда (1976-1994жж) мыс балқыту
өндірісі мен қыш құмыра
жасаудың, кен кәсібінің және металл өңдеудің, сондай – ақ мал шаруашылығы мен аң
аулаудың, егіншілік пен үй кәсібінің ежелгі тарихын толықтырған, Сарыарқаның оңтүстік
9
бөлігінде дамыған және соңғы қола кезеңдері ескерткіштерінің кезеңдерге бөлінуі мен
хронологиясын нақтылай түсуге мүмкіндік берген жаңа деректер мәлім болды.
Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуында мал
шаруашылығымен және егіншілікпен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті
ұқсату аса маңызды рөл атқарды.
Жер бетінде кен орнынан сыртқары жерде, әдетте көктемде су ағатын жырада
немесе су жинау үшін арнайы қазылған орда руда тас балғамен және руда уатқышпен
уатылып, кейін жуылатын болған. Су руданы «сулап» байыту үшін - оны алғашқы рет кен
– тастан айырып алу қажет болды. Әбден уатылған руда ағаш күрекпен немесе ірі
жануардың жауырынымен жиналып алынып, тері қапқа салынып, қоныстағы қорытатын
жерге тасылды. Күрек ретінде пайдаланылған жануарлар сүйектері Милықұдық,
Сорқұдық, Кресто (Орталық Қазақстан) ежелгі кен орындарынан
кездесті; олар әбден
мүжіліп, бетін мыстың жасыл тоты басқан.Руда өндіріліп, уатылған жерлерде металдан,
тастан, сүйектен жасалған көптеген кен құралдары – төрт қырлы қола балға шоттар, тас
құралдардан – ауыр қайлалар, балға шоттар, сыналар, руданы үгетін келсаптар, келілер,
сондай – ақ сүйек , ағаш құралдардан – марал мүйізінен жасалған балғалар, киік
мүйізінен жасалған сыналар, руданы қапқа салатын жануар жауырындары, ағаш күректер
табылды. Руда тікелей қоныста немесе қонысқа жақын жерде қорытылды. Қорыту үшін
көрік тәрізді қорыту пештері салынды; бұлардың іздері Милықұдықта, Жезқазғанда,
Шүлбі өзенінің Ертіске құяр жерінде, Қанай ауылының маңында табылды. Қанай
ауылының қонысы жанында, сайдың жарында, көмір араласқан көп мыс күлі жиналды.
Руданы балқыту үшін
ағаш көмірі, флюс ретінде кварц, жоса пайдаланылды. Мыс
рудасының күлі Атасу , Суықбұлақ қоныстарныда , кесек- кесек рудалар , шлактар, мыс
құймалары Былқылдақ - 1, Бұғылы-1 қорымдарында, Бескөл -1, Алексеевка, Трушникова,
Қанай, Петровка – 2 қоныстарында табылды.
Құйма шеберханаларының қалдықтары Мало – Красноярка, Алексеевское,
Новоникольское – 1, Петровка – 2 қоныстарынан табылды. Бұлардың бітімі әр түрлі тас
және балышық құйма қалыптарда шаруашылық және тұрмысқа қажетті құралдардың
көпшілігі- орақтар мен дүмі шығыңқы балтала, қанжарлар, мен пышақтар, найзалар мен
жебелердің ұштары құйылды. Сәндік заттар көбінесе соғу,Қақтау, ойып өрнектеу арқылы
жасалды. Қазақстан аумағындағы қола дәуіріндегі руда өндіру ісінің кеңінен жүргізілуі
шикізат жөніндегі өз қажетін қанағаттандыру ғана емес,
сонымен қатар металдың
бірсыпырасын құйма күйінде және бұйым түрінде тайпалар арасындағы айырбас үшін
пайдалануға да мүмкіндік береді /28.83/ .
Қазақстан аумағында қола дәуір қоныстарының көп екені мәлім, олардың
алпысында қазба жұмыстары жүргізілген. Әдетте қоныстар өзендердің жайпақ жағасында,
кең жайылмада, мүйісте кейде көл маңында орналасты; Бірақ мұнда да олар ойпаң
жерлерде, жылғаларда немесе дала өзендерінің құяр жерінде жайғасты, өйткені мұндай
жерлерде шөп көп, ал топырағы кетпенмен ұқсатуға ыңғайлы болды. Қоныстырда әдетте
6-10 үйден, үлкендері 20 үйден құралды; Тұрғын үйлердің аумағы 100 шаршы метрден
300-400 шаршы метрге дейін жетеді. Орталық және Батыс Қазақстан аумағында ағаштың
болмау себебінен мұнда тұрғын үйлер салғанда тас көп қолданылған. Қабырғалары ішкі
жағынан тас қаланды, тастан қалап бөлме – бөлме етіп бөлінді. (Атасу, Бұғылы – 1, 2,
Ақбауыр, Тастыбұлақ). Ал жер үстіндегі үйлердің қабырғалары бөненелерден жасалған
тұрпайы қима үйлер болды
Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды,
олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды. Кейде әсіресе, Орал
өңірінде бұлардың орнына обалар үйді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше
әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол – аяғы бүктеліп, тас тақталардан жасалған «жәшікке»
немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға салынып жерленді /29.139/ .
10
Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды.Мұның алдындағы уақытта ыдыстардың
түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. Олардың сырты тарақ
тәрізді немесе тегіс қалыппен түсірілген күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді.
Сәндік заттардың андроновтық тайпалар мәдениетінің тараған шегінен аспаған
ерекше түрлері алтын жапырақшадан бір жарым қайырым бүктеліп жасалған сырғалар,
бас киімге және басқа да киімге тағылатын «көзілдірік тәрізді» және «табан із тәрізді»
сәнді салпыншақтар,
қақтама өрнекті тоғалар, шеттері иректеліп түйілген білезіктер
болды.
Өлікті молаға салу ғұрпы да болды, ол әсіресе Қазақстан қаласының Атасу кезеңінде
ерекше кеңінен тарады.
Нұра кезеңіндегі қорымдардың аумағы онша үлкен емес, әдетте ол аласа төмпешік
болды, оны айнала тігінен орнатылған немесе жалпағынан салынған тақта тастардан
дөңгелектеп немесе тік бұрышты етіп қоршайтын болды. Қабір қоршаудың ішінен
қазылды. Өлік қабырғалары жалпағынан салынған тақта тастармен шегенделген лақытқа,
тас жәшіктер салынып, тік бұрышты етіп қазылған қабірлерге көмілді. Жерлеу ғұрпы
жасалғаннан кейін лақыттар тас тақталармен жабылды.
Нұра кезеңіндегі тайпалардың мәдениетін қыш ыдыстар ерекше айқын сипаттайды.
Ыдыстардың дені ернеуінің жиегі сыртқа қарай иілі, мойны мен бүйірі иіліп барып
жалғасатын құмыралар болып келеді. Түбі жайпақ, кейде жайпақ сүйір болады. Бұл
ыдыстар вазаға ұқсас. Ыдыстардың көбінің көлемі мен сыйымдылығы бірдей. Олар үш
бұрыштардың , меандрлардың, қатарлас каннелюрлердің қиюласуы түрінде ернеуінен
орта беліне дейін салынады, кейде ыдыстың түп жағы да сәнделді. Өрнек тарақ тәрізді
және тегіс қалыппен түсірілген. Нұра заманындағы бейіттерде қола бұйымдар біршама аз
табылған .
11