1. Бағдарламалар және олардың түрлері



бет4/5
Дата11.10.2023
өлшемі386.5 Kb.
#480420
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Лекция 3 Бағдарламалық жасақтама. ОЖ

3.3.Файл атрибуттары

  • Файл атрибуттары деп дискіде сақталып тұратын файлдың сипаттамаларын айтады. Жалпы атрибут файл қасиеттерiн анықтайтын параметрлер, олар төртеу:
  •  Файл аты мен типі;
  •  Файлдың жазылған немесе соңғы өзгертілген мерзімі (дата мен уақыт);
  •  Файлдың байтпен берілген көлемі;
  • Файлдың қорғаныс деңгейлері, маңыздылығы:
  • o Архивтi (Archive) файл – өзгертуге, өшіруге болады;
  • o Тек оқу үшiн (Read only) қолданылатын файл;
  • o Жасырын (Hidden) сақталатын, көрсетілмейтін файл;
  • Жүйелік (System) тек оқылатын, әрі жасырын
  • сақталатын файлдар, ОС файлдары.

3.4. Бума (каталог, директорий) ұғымы

  • Каталог немесе бума (папка, folder) – белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай бір магниттік дискіде орналастырыл-ған файлдар тобына қойылған атау, яғни бума аты. Каталогты компьютердің сыртқы жадының бір бөлігі немесе тарауы деп қарауға болады. Windows жүйесінде каталог бума деп аталады, бұл атау оның мән- мағынасын толығырақ ашады.

3.5. Файлдық құрылым

  • Компьютер дискiсiнде файлдарды сақтау тәсiлiн файлдық жүйе деп атайды. Диск бумасымен файлдарды операциялық жүйенiң иерархиялық (сатылы) құрылым түрiнде кескiнделуiн файлдық құрылым деп немесе файлдардың бұтақ тәріздес құрылымы деп атайды.
  • Каталог қызметі бума ұғымына жақын болғандықтан, соңғы ОС-тарда оларды бума (папка) деп атау қалыптасқан. Төменгi деңгейдегi каталогтар, яғни бумалар жоғары деңгейдегi көлемді бумалардың iшiне салынса, олар көп сатылы немесе қабаттасқан каталогтар жүйесін құрайды. Осындай иерархиялық құрылымның ең жоғары деңгейiндегi, яғни дискiнiң өзінде орналасқан каталог түпкi каталог болып саналады. Одан кейінгілері бірінші деңгейдегі, екінші деңгейдегі, т.с.с. болып кете береді.

3.6. Файлдар маршруты

  • Файлдар бұтақ тәрізді күрделі түрде құрылса, онда оның тек өз атын ғана емес, сонымен қатар тұрған каталогын, оның басты каталогпен байланысын, дискісін көрсету қажет. Мұндай файлдың нақты тұрағын (адресін) көрсететін ката­логтар тізбегін – маршрут немесе жол деп те атайды. Сонымен, файл толық түрде мынадай элементтермен беріледі:
  • 1) дискінің аты, ол бірақ кейде көрсетілмей де кетеді;
  • 2) бірінің ішіне бірі кіретін каталогтар тізбегінің аттарынан тұратын маршрут (ол да кейде көрсетілмей кетеді);
  • 3) тізбекті аяқтайтын файлдың өз аты (файл тізімдегі ең соңғы каталогта орналасады).
  • Файлдар маршруты атының көрсетілуі.
  • Мысалы:
  • С:\DEMO\VICTOR немесе С:\SYS\AZAT \ALMA
  • Сонымен файлдың маршрутын немесе адресін толық көрсету үшін дискінің атын, каталог аттарының тізбегін, ең соңында файлдың атын және типін толық көрсету қажет. Жалпы ереже бойынша файлдың толық аты төмендегідей болады.
  • [дискінің аты:\] [маршрут\] файлдың аты[.типі]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет