2.
1-нұсқа. Жалтақ, қалтақ, салтақ; шатыр, жатыр, батыр, қатыр; дос, қос, тос,бос; қап, қан, қау, қай, қаш, қас,қаз; жапыр, тапыр, шапыр; табақ, қабақ, сабақ, шабақ; шаң, таң, паң; қоң, тоң, шоң т.б.
2-нұсқа. Қаш, қош, құш; той, тоқ, тор, топ; үй, түй, күй, сүй; мақта, тақта, жақта, сақта, ақта; балық, салық, жалық; намыс, қамыс, арық, жарық, шарық, шарық, тарық; мұз, тұз, құз, бұз т.б.
3-нұсқа. Қармақ, бармақ, тармақ; шана, шама, шара, шаба, шақа; тарақ, рақат, ақтар, қатар, тарақ, қарта, артқа; бүр, бұр, бар, бер, бір, бор т.б.
3.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй…(А.).
4.
1-нұсқа. Тығылып – жығылып – бүгіліп; ағынмын – жалынмын; сүйемін – тиемін; айбатты – қайратты – қанатты (М.Ж.); төгілді – сөгілді – шөгілді (С.Т.); жаладан – қаладан – баладан – табадан (Ж.).
2-нұсқа. Қалмақ – бармақ - салмақ; жат көріндім – ақ көңілмін – қақ бөліндім; сайтан маған – айта алмаған – қайқаңдаған; періштенің – неге ішкенмін – бөліспедім – келіспедім – не істермін (М.М.).
3-нұсқа. Атарман – қатардан – сапардан; жауырың – сауырың – бауырым; құлқынын – мың құлын – жылқының; сондайсың – қолдайсың – қонбайсың; әжім бар – уәжім бар – жазыңдар; пенденің – менде мін – өнгенін (Қ.М.).
5. Ән шырқалған сайын сағым үзілместен, жұмарлана құлпыра түседі. Ол кейде теңіз болып тербеледі, кейде қаулаған жалын болып лапылдайды, кейде меруерт болып әуеге шашылады, кейде сол меруерт теңіздің толқынына айналады, бірақ ән үзілмейді. Сол әдемі әнді жұтып алып, есіп өтер еліне ала кеткісі келгендей. Арқаның әйгілі самалы да тына қалыпты (Ә.Ә.).
Аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат ете білмесең – көптен де құр қаласың. Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасаң – күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол рәуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын… (Ы. А.).
6. Айлы түн, маусым түн, бауыр сызы кеуіп, жотасын күн қаққан қоңыр мезгіл. Жұлдыз туысы түзеліп, құс жолы біліне бастаған. Айнала тып-тыныш. Қыстың жұтынан, көктемнің құтынан соң тынып, ұйқы құшағына енген кең дүние. Бір жамбастап құбыла құлап бара жатқан ай сәулесі мынау қаперсіз алыпқа аш көзденіп, құмарта сұқтанады (Ж.К.).
Бақыттың кілті осында тұрса да, осы қылығына қарағанда үйде жатып алайын деп ем, дәмдес адам болған соң саған ақылдасайын деп шақырып отырмын. Кенжетай мен Асқар үйге кірсе, Ұлбосын пешке от жағып жатыр екен. Шам жағылған жоқ, үй іші қара көлеңке (С.М.). Үй ішімен Әбдірахман тегіс амандасты. Есімбек бай онша жақсы көрмеген адамның қалыбын істеді (Б.М.).
Достарыңызбен бөлісу: |