1. басқару психологиясының тарихы



Дата14.12.2023
өлшемі30.84 Kb.
#486541
лек 1 (1)


1.БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ.
Басқару психологиясы әлеуметтік психологияның қазіргі кездегі негізгі тарауларының бірі, ол әртүрлі әлеуметтік құрылымдардағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас мәселесін зерттейді.
Басқару мәселесін құрумен ғылымның әртүрлі салалары айналысады: информатика, юристпруденция, философия, психология, педагогика, эргономика, социология т.б. Жалпы басқару теориясы кибернетика мен теория жүесінде құрастырылады. Кибернетика Kibernetika (грек тілінде) басқару өнері. Manedgment – (латын. manus - қол) – ағылшын термині «басқару» терминінің синонимі.
Адам іс-әрекетінің практикасында басқару ғылыми зерттеу пәні болмас бұрын өте көп уақыт ілгері пайда болған.
Ертедегі Египетте біздің эрамызға дейін мың жыл бұрын басқару үрдістерін орталықтандыру, бақылау, ұйымдастыру, жоспарлау қажеттігі мойындалған. Онсыз әлемге әйгілі Египет пирамидалары, ертедегі ацтекс қалалары секілді архитектуралық құрылыстар салынып күрделі діни орталықтар мысалы рим-католик шіркеуі белсенді қызмет атқармас еді.
Басқару теориясы жеке ғылыми пән ретінде ХХ ғасыр басында беки бастады. Басқару үрдісі белгілі бір нәтижеге жету жолындағы адамдардың жалпы іс-әрекеті атқарылатын жерде жүргізіледі. Басқару дегеніміз- топқа, қоғамға немесе оның жеке бөліктеріне тәртіптендіру үшін немесе сапалық спецификасын дамыту үшін әсер ететін шаралар комплексі түрінде анықтама. б) басқару барлық динамикалық жүйелерде жалпы заңдылықтар бойынша жүргізіледі де информацияны алуға өңдеуге және беруге негізделген. (әлеуметтік, психологиялық, биологиялық, техникалық экономикалық, административтік). Әлеуметтік жүйеде басқарудың негізгі белгісі болып субъектінің (басқарушы) мәліметті бағалап анализдеу негізінде күрделі жүйелердегі тура және кері байланысты іске асыруы есептеледі.
Басқарудың әлеуметтік психологиялық теориясының объектісі болып адамдардың құқықтық экономикалық, саясаттық өндірістік міндеттерді іске асыруда құрылымдарда, топтарда, ұжымдардағы қарым-қатынас формасы есептеледі.
Басқару туралы ілім іштейгі қарама-қайшылықтармен қоса дамиды. Ондай дамуға әсер етуші факторлар өндірістің қарқынды дамуымен, өнімді одан түсетін өсімді арттырумен тікелей байланысты. Бұл себептерді білу басқару ілімінің даму тарихын дұрыс көре білуге әкеледі. Басқару теориясы тек кейінгі кезеңде ғана жемісті дамыды.
Басқару ғылымының негізгі мектептері. Басқару теориясында 4 негізгі жолы бар.

    1. Басқарудың негізгі мектептер көзқарасы тұрғысынан.

    2. процестік (үрдістік)

    3. жүйелік

    4. ситуациялық

Осылардың алғашқысы (административтік, ғылыми басқару мектебі) Адамдар арасындағы қатынас, басқарудың сандық әдістері, мінезқұлықытық пәндердің ғылыми административтік басқару мектебі. Қалған үш жолы да тарихи жағынан қызықты, бірақ оны көбіне қазіргі кезеңдегі басқару ғылымының сипаттамасы ретінде қолданады.
1885-1920 ж. басқарудың ғылыми мектебі негізін салушылар Ф.Тэйлор, Ф.Гилбрет, Л.Гилбрет, Г. Эмерсон, Генири, Кант. Олардың пікірінше басқару - бұл ерекше мамандық ал ол туралы ілім өзбетінше пән. Негізгі ерекшеліктері: ғылыми басқару мектебін ұстанушылар логикалық талдау мен бақылауды қолдана отырып, жұмысты тиімді орындау үшін жекелеген операцияларды ғылыми жетілдіруді ұсынады. Ғылыми басқару методының 1-ші фазасы – жұмыстың мазмұнын талдау ж/е оның негізгі компонентін анықтау. Негізгі ғылымға қосқан үлесі өндірістің өнімімен көлемін үлкейте отырып, жұмысшыларды белсендіру мақсатымен стимуляциялауды жүйелі қолдануды ұсынды. Бұл басшылардың өндірістік нормаларды қалыптастыруға мүмкіндік беруі.
1920-1950 ж. Басқарудағы административтік классикалық мектеп. Негізін салушы А.Файоль- француздың ірі компаниясын басқарушы. Оның жолын қуушылар Л. Урвик, Д.Мунк, Э. Реймс, О.Шелдон, Джеймс Мони. Ерекшелігі – басқарудың әлеуметтік аспектілеріне көп көңіл бөлген жоқ. Осы мектептің жасауымен басқарудың универсалды принціпі құрылды. Бұл екі негізгі аспектіні қамтиды:
-- ұйымды басқарудың рационалды жүйесі.
-- жұмысшыларды басқарумен ұйымның құрылымын жасау.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас мектеп 1930-1950; мінез құлық туралы ілім тұрғысынан (1950 – осы кезеңге дейін). Негізін салушылар М.П. Фоллет, Г.Мюнстерберг, М.Вебер, Э. Дюрнгейм. Гелтон Мейо. Одан кейін жүріс-тұрыс, адамның мінез-құлқын зерттейтін ғылым болып есептелді. Адамзат қатынасы үшін қозғалыс ұйымдарының эфективтік негізгі элементі ретінде адамзат факторын қарастыру нәтижесі ретінде дамыды. Менеджмент – басқа адамның көмегімен жұмысты орындауды қамтамасыз ету. Ғылымға қосқан үлесі – адамзат ресурстарының эффективтілігін өсіру арқылы ұйымның, басқарудың нәтижелігін арттыру фактілерін тұжырымдады. Бұл мектеп кең тараған мектеп болып саналады.
Басқарудағы сандық әдістер мектебі (1950 – осы кезге дейін)№ Бұл мектептің сіңірген еңбек негізгі операцияларды зерттеу әдістемесінен тұрады. Бұл әдістің дамуына компьютерлік технология дамуы түрткі болды. Өз принциптерін жасауда математикалық, статистикалық мәліметтерді қолдады. Негізгі есімі: Фрейдрих Гейлор. Бұл мектептің жұмыстарының нәтижесі де басқару моделі жасалды. Осы моделді қолдану нәтижесінде күрделі басқару мәселесі терең зерттелді. Конфликт жағдайда ұйымдағы кризистік кезеңдерде шешім қабылданған басшыларға көмек ретінде сандық әдістерді басқару моделін қолданды.
Жалпы 4 мектептің басқару формасы қосқан үлесі:
Ғылыми басқару мектебі – 1.міндеттерді орындауда тиімді тәсілді анықтау үшін ғылыми талдауды қолданды.2.міндетті орындауға сай келетін жұмысшыларды таңдау ж/е оларды оқытумен қамтамасыз ету.3.еңбек өнімділігін көтеру үшін материалды жүйешлі қолдану принциптерін анықтады.4.жұмысты жоспар бойынша орындау тәсілі.
Б.к мектебі – басқару принциптерін ж/е функцияларын жасады.
А.қ. мектебі – еңбек өнімділігі мне қанағаттану деңгейін көтеру үшін тұлға аралық қатынастарда басқару тәсілін қолдады.
Б.с.т. мектебі – дайын модельдер ұсынған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет