Еліміздің аймактарындағы экономикалықдаму процессі каншалықты сан алуан болса, қоғамдық - саяси даму да да соншалықты әртүрлі. Ол түсінікті де, өйткені саясат экономиканың салдары болып табылады.
Мемлекет пен қоғамның өмірінде трансформациялық процестер мен жаңа жағдайларға сәйкес қоғамдық - саяси қатынастарды калыптастыруда территориялық ерекшеліктерге байланысты қосымша проблемалар туындауда. Бұл өзгеделер билікті орталыксыздандыру, жергілікті әкімдерді сайлауды енгізу, өзін-өзі баскару органдарының кызметі, коғамды демократияландыруды одан әрі тереңдетудің мәселелерінің көкейкестіленуіне байланысты ерекше маңызға ие бола түсуде.
Мемлекетті аймақтарға бөлуге байланысты саясатының негізі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 1598 каулысымен бекітілген "ҚР 2002-2006 жж. арналған аймактық саясатының" түжырымдамасында белгіленген.
Тұжырымдамада аймақтық саясат деп аймақтардың тиімді және үйлесімді дамуы үшін мемлекет қолданатын экономикалық, құкыктық әлеу-меттік және басқа шаралар кешені, проблемалық аймақтарға басқалармен бірге тұрмыстық, жұмыспен камтудың және басқаларының тең жағдайла-рына қол жеткізу үшін тең мүмкіндіктер берілуі түсіндіріледі.
Әлемнің барлык елдерінде географиялық, табиғи-климаттық жағдайлардан, демографиялық ахуалдан, даму тарихы және басқа да факторлар айырмашылыктарына карай аймактар әлеуметтік-экономнкалық дамудың әртүрлі деңгейінде келеді. Сондықтан әрбір мемлекет артта қалған аймақтардағы тұрмыс деңгейін жақсартуға, яғни олардың жағдайларын теңестіруге және даму деңгейін арттыруға бағытталған аймақтық саясат жүргізуге ұмтылады.
Қазіргі уакытта дүние жүзі елдерінде саяси болмысының алғы шебіне ұлттық кауіпсіздіктің стратегиялык мүдделерін, сондай-ақ аймақтардың дамуының кажеттілігін ескеретін, мемлекеттің тиімді саясатының күре тамырларының бірі деуге болатын аймақтык саясатты жетілдіре түсу міндеті өткір койылып отыр.
Көптеген мемлекеттердің сан ғасырлық тәжірибесін ескерсек, адамдардың өмірі мен оларды орналастырудың аймақтық тәсілі өзгермейтін фактор болып табылады.
Европаның дамыған елдері мен АҚШ-та аймактық саясаттың негізгі тенденциялары:
-
билік пен экономиканы орталықсыздандыру, аймақтарға айтарлықтай дербестік беру;
-
аймактың табиғи - ресурстық әлеуетін пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, елдің және аймактың экономикалык дамуының бірлескен стратегиясын жасап шығару;
-
аймақтардың экономикалық дамуының деңгейін теңестіру болып табылады.
Бұл жағдайда ұлттық өкіметтердің өкілеттерінің шеңбері елеулі өзгерістерге ұшырайды да, ал аймактар көбірек өзін-өзі басқаруды және халықаралық сахнаға шығуды табанды түрде талап ете бастайды.
Жаһандану жағдайында аса өзектілікке ие болып отырған аймақтық саясат мәселесіне ғылыми көзкарас және осы орайдағы халықаралық тәжірибені зерттеудің маңызы үлкен болып табылалы. Өйткені ғылыми-әдістеме — бұл зерттеудің методологиялық ұстанымы, бұл стратегия. Аймактардың әлеуметтік - экономикалык дамуының нәтижелілігі аймактык саясаттың ғылыми тұрғыдан қаншалықты негізделгеніне байланысты. Таным процесін жоққа шығару, тек қана интуицияға арқа сүйеу келеңсіз салдар туғызатын керағар нәтижелерге алып келеді[19].
Ғылымның тарихи дамуы, зерттеулердің кеңеюі мен терендеуі барысында ғылыми-әдістемелер жетілдіре түседі және жаңа әдістемелер пайда болады. Бұл орайда ғылымның әр саласында пайда болған көзқарастарды ескерген дұрыс. Сонымен, ғылыми әдебиеттерде белгіленген аймактык саясатка байланысты ғылыми көзкарастарды карастырып көрейік.
1. Кеңістік - уакыттык көзкарас. Аймақтардың дамуы мен аймактык экономиканы баскаруды зерттеудегі маңызды әдістемелердің бірі ретінде ол өзінің бастауыи XIX ғ. пайда болған немістің географиялык мектебінен алады. Оның негізін салушылар К. Риттер мен А. Геттнер болып табьиады. Олар «кеңістік» ғылым тұспасын негіздеді, олардың ойынша бұл реттегі жетекшілік рөлді география аткаруға тиісті болды.
XX ғ. ортасында кеңістіктік заңдылықтарды В. Кристаллер, А. Леш, Р. Хартшорн, тағы басқа шетелдік ғалымдар да зерттеді. Кеңістіктік идеяны дамыта отырып, Р. Хартшорн "уакъіт" деген түсінік енгізді, сөйтіп кеңістік-уакыттык парадигманы негіздеді.
Көптеген кеңес ғалымдары бұл идеяны қабыл алып, кеңістік - уақыттық көзқарасты аймақтык жүйелерді зерттеуге қолдануға тырысты. Осылайша, Б. Родоман геокеңістіктегі объектілердің қолдануының позициялыкпринципін қалыптастырды. Оның айтуы бойынша, аймақтардың экономикалық дамуының деңгейі көп жағдайларда өнеркәсіптің өсіміне, ғылым, мәдениет, тағы басқаларға байланысты. Ол сондай-ақ "оқшауланған оптимум" деген түсінікті негіздеді, яғни объект ең жаксы қызмет ететін тиімді нүктені көрсетті. Егер объект бүл нүктеден тыс орналасса, оған Б. Родоман айтқан "позициялык кысым" атгы күш әсер етеді, сонымен нәтижесінде неғүрлым қозғалтқыш объектілер өзінің орнын, ал нашар қозғалатындары өзінің касиеті мен кызметін ауыстырады. Жекеленген объектілер ортаға белсенді әсер етуі арқылы кеңістікте өзіне жаңа жағдай калыптастырады, ал өзгерістерге қабілетсіз объектілер құлдырайды, жоғалады. Алайда бүл идеялар нақты өмірде іске аса қойған жоқ, зерттеушілік маңызда ғана болды.
Венециядағы Лунд мектебінің (жетекші профессор Т. Хагерстранд) теориясының негізіне адамдар өмірі қызметінің коршаған табиғат пен әлеуметтік - экономикалык ортамен кеңістік - уақыттық ұйымдас-тырылуының ажырамастық идеясы алынған. Бұл теорияға сәйкес, индивидумдардың бір-бірімен, сондай-ақ еңбек құрал-жабдықтарына байланысты араласуы микрокеңістік жағдайында, шектеулі коршаган орта жағдайында отіп жатады. Осылайша, кеңістік-уақыттық ұйымдасу адамдар мен табигаттың бірлігіне. яғни әлеуметтік жэне географиялык, немесе әлеуметтік-географиялық деп аталатын кеңістікке негізделеді. Әлеуметтік-географиялық кеңістіктің ажырамастығы, сондай-ақ іргетасы әлемдік өркениет пен жеке адамның парасаты болып табылатын адамзат кауымдастығының мүддесі мен мақсатының бірлігіне негізделген. Мүндай бірлікке түтас кеңістікті дамытудың қайнар көзі — ішкі қайшылықтарды жеңу арқылы жетуге болады. Оның ішінде идеологиялық, саяси, діни, экологиялық, әлеуметтік-экономикалык жэне басқа қайшылык-тарды айтуға болады. Оның орқайсысын еңсеру үлкен қиыншылықтар мен болжанбаған салдарлармен жүргізіледі[10].
Әлеуметтік-географиялық кеңістікті қарастыратын әлеуметтік және географиялық жағдайлардың арасында да үлкен қайшылықтар бар. Өйткені аталған екі бірлік өз зандарымен дамуға "тырысады". Бүтіннің бір бөлігі - әлеуметтік, тез осіп, кобейеді. ал географиялық, немесе табиғаттық баяу озгеріске үшырайды, кейбір жекеленген компоненттері озге-ріссіз калады, тіпті қыскарады. Жаһандық сипаты бар бүл кайшылықгар В. Вернандскийдің термино-логиясы боііынша адамгершілікке жоне экология-лык императішке арка сүйеген жағдайда жаңа-нео-сфералық деңгейде шешілуі мүмкін.
Әлеуметтік-географиялық кеңістіктің үздіксіздігі оиың жеке, сондай-ақ жалпы сипатының дискреттілігін болжайды. Басқаша айтқанда, әлеуметтік-гео-графиялық кеңістік бөлшектенуге, яғни "өз" кеңіс-тігінің қасиеттері мен параметрлерін сақтайтын қүрылымдарға бөлініп кетуге бейім Оған мысал ретінде этникалық, экономикалық, саяси кеңістіктік кауымдастықтарды айтуға болады.
2. Генетикалык көзкарас. Бүл әдістеме аймактык жүйелердің генезисі мен эволюциясын (шығуы мен дамуын) анықтауға мүмкіндік береді. Аймак-тык даму барысын, оның кеңістіктік қауымдастығын білу оның қазіргі жағдайының ерекшелігін түсінуге, даму болашағын аныктауға көмектеседі. Аймактық саясатты қамтамасыз етуде негізгі халық-тық табиғатты пайдалану дәстүрін зерттеу маңызды рол аткарады. Өйткені, ол сол халыктың омір сүруінің негізі болып табылады. Егер дағдыланған еңбекпен шүғылдану мүмкіндігі болмаса негізгі ха-лық ассимиляцияға үшырайды, яғни жойьшып кетуі мүмкін Онымен бірге негізгі халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың байлығы-экологиялық мәдениеттің бірегей тарихи тәжірибесі де жоғалады.
Генетикалық көзқарас зерттелетін объектілердің даму жолдарын анықтауға, аймақтық дамуының болашағын негіздеуге, түрлі варианттардың ішінен үтымды жолды таңдауда маңызды рөл аткарады. Кешегі откен тарихи жолды талдаусыз аймактык әлеуметтік-экономикалықдамуына негізделген бол-жам жасауға болмайды. Мүның бәрі ғылыми негізделген шешім қабылдауда генетикалық көзқарасты кеңінен пайдалану кажеттігін көрсетеді.
Аймактық саясат-күрделі әлеуметтік-экономикалык кешен, саяси-әкімшілік қүрылым. Мүнда өндірістік және әлеуметтік-түрмыстық салалар, аймактык және жергілікті билік күрылымдары арасында белгілі бір келісім орнығады, неғүрлым тиімді пропорциялар күшейеді, сейтіп ресурстардың толық пайдалануына, халыктың әрқилы қажеттіліктерін қанағаттандыруға ыкпал жасалады.
Қазіргі ғылыми әдебиеттерде аймак жөнінде екі түрлі түсінік беріледі. Біріншісінде аймақ облысты, ауданды, баска облыстардан өзінің табиғи және тарихи калыптаскан экономикалық-географиялык, тағы баска ерекшеліктермен бөлектенетін елдің бір бөлігін айтады. Ал екіншісінде жеке экономикалық-географиялық немесе ұлттың құрамы мен мәдениеті жағынан жақын іргелес орналасқан елдердің тобын, болмаса қогамдық-саяси құрылы-мы жағынан біртектес әлемнің белгілі бір ауданын айтады.
Бүгінгі кезде әртүрлі деңгейдегі аймактардың саны кобейіп келеді. Әлемнің барлық елдерін бір халықаралық аймақтың мүшесі деп айтуга болады, олар сондай-ак бірнеше аймақтык және субаймактык жүйелердің қызметіне де катысады. Анмақтану процессіне озінің шекаралас аудандары аркылы кор-шілердің шекаралас аймақтарымен және халықара-лық аймақтарымен әр мемлекет катысады.
Осылайша, аймактанудың екі деңгейін атап көрсетуге болады: мемлекеттердің халықаралық аймактарға бірігуі және мемлекеттін өз күрамында аймактарға болінуі. Мемлекеттерді халыкаралық аймақтарга бірігуінің мысалы ретінде 15 мемлекетті біріктіретін Европа Одағын келтіруге болады, әрине олардың әлеуметтік-экономикалык дамуы бірдей емес. Европа Одағының кейбір бөлігінде орын алған экономикалык әлеуеттегі айырмашылықтарды жоюга Евроодактық аймактык саясаты кызмет етеді. Бүгінгі күні Европа Одагынын аймақтьіқ саясаты тұрақты кызмет ететін факторға айналды. Ол дұрыс та, өйткені онсыз толыққанды интеграцияны көзге елестету де мүмкін емес.
Аймақтық саясатты жүзеге асыра отырып Европа Одағы қолайсыздау жағдайларда орналасқан аймақтардың артта қалуын азайтып, басқалармен теңестіруге тырысуда. Көптеген елдерде аймақтардың өз әлеуеттерін толық жүзеге асыруына, сөйтіп олардың үлттық экономикаға қосатын үлесін барын-ша арттыруға жағдайлар байкалады. Мәселен Испанияда теңдік принципі елдің конституциясында жазылған. Скандинавия елдері өз халқына олардың тұрған жерлеріне карамастан бірдей жағдай жасауға тырысып, аймактардың біркелкі дамуына назар аударады. Баска елдерде бүл принцип туралы белгілі бір кезеңдерде айтылмағанымен, қазіргі саясатта ол үнемі көрініс таба бермейді. Соған карамастан, барлык мемлекеттер елдің ішін одан әрі интеграциялау қажеттілігін мойындайды.
Германиядағы аймактық саясатты - нығайтуда Конституция маңызды рол атқарады. Онда елдің барлык бөлігінде адамдардың өмірі мен кызметіне бірдей жағдай жасау қажеттілігі атап көрсетілген. Сондыктан да аймактық саясаттың бірінші кезектегі міндеті — құрылымдык жағынан әлсіз аймақтарға теріс әсер ететін факторлардың ыкпалын азайта отырып, олардың елдің экономикалық дамуына басқалармен тең дәрежеде катысу мүмкіндігін камтамасыз ету болып табылады. Аймактык, саясат сондай-ақ экономикалы қосу мен халықтың жүмыспен қамтамасыз етілуіне багытталған[19].
Аймақтанудың келесі деңгейі — мемлекеттердің өз ішіндегі аймақтарға бөлінуі. Бүл орайда аймақшылдықтың тарихи тамыры терең Ресейдің тәжіри-бесін карастыруға болады. 1991 ж. бастап Ресейде бірнеше аймақтык стартегия жүзеге асырылд. Б. Елциннің президенттігі кезінде аймактық саясат аймактарға егемендік пен экономикалық мүмкіндіктер беру принципіне негізделді. Келесі стратегия губернаторлармен тепе-тендік үстау үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдары басшылары мен Президенттің өкілдерін пайдалана отырып, қаржы-экономикалык орталықтандыруды көздеді. Тағы бір стратегияны ұсынған Е. Примаков биліктік вертикальды кайта орнату және губернаторларды сайлаудан бас тарту, немесе билігін шектеу арқылы орталықтандыруды күшейтуді максат тұтты. М. Прусак бастаған губернаторлардың бір тобы билік вертикалын кайта орнатуды куаттап, аудандар мен салалардың деңгейіндегі сайланып қойылатын өзін-өзі баскару органдарын таратуды жөн деп есептеді. Бұл аймактык стратегиялардың барлығының дерлік өзіндік мүмшіліктері болды, өйткені олар көп жағдайларда саяси процесс субъектьіерінің мүдделерін ескере бермеді.
1999 ж. «РФ субъектілерінің заң шығарушы жэне атқарушы билік органдарын ұйымдастырудың жалпы принциптері туралы» федералдық Заң кабылданғаннан кейін Ресей аймақтарында билік органдарының бірыңгай жүйесі қалыптаса бастады. Бұл Заң аймақтык билік құрылымдарының жалпы параметрлерін аныктап берді және аймактардагы билік бөлінісінің негізін салды.
Ресей үшін жергілікті өзін-өзі баскаруды енгізу маңызды мәселе болып табылады. Федерация субъектілеріндегі жергілікті өзін-өзі баскару мен сайланбалы мемлекеттік билік органдары арасындағы қатынастың реттелмеуінен бұл процесс көптеген тартыс туғызды. Жетілдірілмеген зандылык жағдайында аймактарда бір емес, бірнеше сайланбалы билік институтарының болуы күшті егес туғызатын факторға айналды.
Аймактык саясат мәселесі Қазақстан үшш де аса өзекті. Республиканың 14 облысы ортүрлі табиғи-климаттык аймактарда орналаскан, әртүрлі даму тарихы, экологиясы бар және сондықтан олардың әлеуметтік-экономикалык даму деңгейі айтарлықтай өзгеше. Осыған байланысты егемен Казақстанда белгілі бір аймактык саясат жүргізіліп келеді. Дегенмен реформа жылдары саралану күшейді, ал әлеуметтік мәселелер шиеленісті. Сондыктан да баска елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, Казакстан Республикасы аймактык саясатыньщ 2002— 2006 жж. арналған түжырымдамасы жасалды.
Бұл түжырымдамада Қазақстандағы аймактык саясаттың максаттары анықталған. Олар: Қазакстанның мемлекеттілігін, ұлттык қауіпсіздігін және елдің біртұтастығын нығайту; проблемалык аймактарды тандап колдау саясатымен ұштастыра отырып, инфракүрылымды, шаруашылық кызметті нығайтуға және халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуга ыкпал ететін маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолымен аймактар арасындағы әлеуметтік-экономикалык даму деңгейіндегі айырмашылыктар-ды төмендету болып табылады.
Казакстандағы аймактық саясаттың маңызды міндеттерінің бірі- республикалық және жергілікті баскару деңгейлері арасындағы қатынастарды жетілдіру, өкілеттіліктерінің ара жігін ажырату. Қазіргі уақытта бұл туралы арнайы тұжырымдама әзірленуде. Заңдарға 150-ден астам өзгерістер енгізілмек, біркатарына енгізілді де. Аймактык саясат мәселесіне арналған көптеген еңбектерде Дортмунд университетінің профессоры Л. Рэмхэльдтің көзкарасы келтіріледі. Оның пікірінше аймақ "супертермин" болып табылады. Оның негізгі — белгілі бір территория, халык және олардың тарихының, табиғат жағдайларының, шешетін проблемаларының бірлігі. Ал калғандары болса зерттеушінің алға қоятын мақсатына байланысты. Мысалы, бір зерттеуші аймактык экономикалық проблемаларын, екіншісі этникалык-мэдени өзгерісін, келесісі тағы да бір кырын зерттейді, мәселе кешенді түрде зерттелуі да мумкін.
Біздің заманымыздың басты ерекшеліктерінің бірі - ролі күн сайын өсіп келе жаткан аймактар болып табылады. Ол тек географиялық түсінік ғана емес, сонымен катар адамдардьщ тарихи кауымдастығы да. Сондыктан бұл тұрғыдағы мемлекеттік саясатты белгілеуде халыкаралық тәжірнбені мо-лырақ зерттеп, белсенді ғылыми көзкарасты орнықтырған абзал[19].
Дәріс №8.Студенттердің өзін өзі тексеру сұрақтары
1.Сәйкес аймақта мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында жергілікті өкілдік және орындаушы органдардың жүзеге асыратын іс әрекеті:
A. Прокурорлық бақылау;
B. Жергілікті мемлекеттік басқару;
C. Юрисдикция;
D. Процессуальды формамен;
E. Әлеуметтік қорғау.
2.Сәйкес аймақта жергілікті мемлекеттік органдардың қызмет бабы шегінде жүзеге асыратын, аудан(облыстық деңгейдегі қала), облыс әкімі басқаратын(астана, республикалық деңгейдегі қала) алқалық орындаушы орган:
A. Маслихат;
B. Әкімшілік;
C. Кеңес;
D. Прокуратура;
E. Сот.
3.Муниципалды қаржылық ресурстар қандай қаржылардан құралады:
A. Жеке меншік бюджет қаржысынан;
B. Бюджеттен тыс қор қаржысынан;
C. Жергілікті бюджетке республикалық және областық бюджеттен түсетін ақшалай қаржылардан; (трансферт, дотациялар);
D. Ішкі және сыртқы, сонымен қатар шетел несиелерінен түсетін қаржылар;
E. Жоғарыдағы қаржылардың барлығы.
4.Жергілікті бюджеттің табысы неден тұрады, көрсетіңіз:
A. Жергілікті салық және жинақтардан;
B. Жергілікті органдардың алған айыппұлдарынан;
C. Республикалық салықтан түскен аударымдардан;
D. Жергілікті қарыз және лотереядан;
E. Жоғарыдағының барлығы.
5.Жергілікті өзін өзі басқарудың әлеуметтік мақсаты және тапсырмасын таңдаңыз:
A. Жергілікті жерлердің экономикалық ресурстарын рационалды қолдануы;
B. Жұмыссыздықты болдырмау, жұмыспен қамту;
C. Кәіспкерлерді қолдау, әртүрлі меншік түрлерін дамыту;
D. Жергілікті жерлер аумағында экономикалық және қаржылық жағдайды тұрақтандыру;
E. Жергілікті аумақтарда өндірілетін тауарлардың бәсекелестік қабілетін жоғарлату, аймақтық нарықты дамыту.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007
2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007
3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2008
Дәріс №9. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі
-
ҚР Президенті мәртебесі
-
ҚР Президентінің Парламентке қатысты өкілеттілігі
-
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері
1 Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі
Республика Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
Республика Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандыктарының нышаны әрі кепілі:-
Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Республика Президентіне халық пен мемлекеттің атынан сөйлеу құқығы беріледі.
Республика Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды. Республика Президентінің абыройы мен кадр-қасиетіне нұқсан келтіру заң бойынша қудаланады.
Республика Президентін сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады. Республика Президентінің қызметіне кірісуі
1. Республика Президенті "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президенттінің жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін", — деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі. Республика Президенті анттың мәтінін мемлекеттік тілде айтады.
2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғаргы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерінің қатысуымен еткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күннен бастап бір айдың ішінде ант береді.
3. Республика Президенті Республика Конституциясына ант етеді. Ант берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін, омырауға тағатын белгісін, байрағын және "Алтын қыран" орденін тапсырады.
4. Егер бір тұлға Республика Президенті болып екінші өкілеттік мерзіміне сайланған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгісі, байрағы және "Алтын Қыран" ордені оған қайталап тапсырылмайды.
4-бап. Республика Президентінің өкілеттік мерзімі
1.1. Республика Президенті бес жыл мерзімге сайланады.
Бесжылдық өкілеттік мерзімі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады.
2. Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
3. Қазақстан Республикасының 1999 жылгы 6 мамырдағы № 378-1 Конституциялық заңымен алып тасталды.
4. Бір тұлға қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.
5-бап. Республика Президенті лауазымында болуға байланысты шектеулер
1. Республика Президентінің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға хақы жоқ.
2. Қазақстан Республикасының 2007жылғы 19 маусымдағы № 265-ІІІ Конституциялық Заңымен 5 баптың2 тармагы алыл тасталды.
6-бап. Республика Президентінің айырым белгілері
1. Республика Президентінің айырым белгілері—Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгісі мен байрағы болады.
2. Омырауға тағатын белгінің сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы аныктайды. Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгі мен байрақты ресми пайдалану тәртібін Республика Президенті белгілейді.
3. Республика Президенті қызметі бойынша "Алтын Қыран" орденінің иесі болып табылады.
4. "Алтын Қыран" орденінің сипаттамасы, аталған орденді берудің негіздері мен тәртібі Республика зандарымен белгіленеді.
II тарау
Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі
7-бап. Республика Президентінің сыртқы саясаттағы өкілеттігі
1. Республика Президенті
1) келіссөздер жүргізеді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
2) келіссөздер жүргізуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкілеттік береді;
3) 7 баптың 1 тармағының З тармақшасы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 мамырдағы № 378-1 Конституциялық Заңымен алып тасталды.
4) бекіту грамоталарына қол қояды;
5) Республика жасасқан, бекітуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшін тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды;
6) Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау туралы ұсыныс енгізеді.
2. Республика Президенті Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады.
3. Республика Президенті өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.
4
8-бап. Республика Президентінің мемлекеттің қорғаныс қабілетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттігі
Республика Президенті:
1) Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы күштердің жоғары қолбасшылық құрамын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады:
2) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген әрі мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейін, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, аталған жағ-даяттар талап ететін шараларды қолданады;
3) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды;
4) Парламент Палаталарының бірлескен отырысының қарауына Республика Қарулы Күштерін бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін пайдалану туралы ұсыныс енгізеді;
5) өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалы құланды жасақтайды;
2 ҚР Президентінің Парламентке қатысты өкілеттілігі
Республика Президенті Парламентке және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды;
Конституцияның51-бабының4-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Сенатта коғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын тағайындайды. Сенаттың тағайындалатын мүшелері өкілеттіктерінен айырылған немесе олардың өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда бір ай мерзімде шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды;
3) сайлау нәтижелері жариялаған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей Парламенттің бірінші сессиясын шақырады;
4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды;
5) Парламент сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады;
6) әдетте, Парламент сессияларын ашады;
7) Парламент сессиялары аралығындағы кезенде ез бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады, онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады;
8) Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, занды халыққа жария етеді не занды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; егер Парламент Конституцияның 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, бір ай ішінде заңға қол қояды;
Достарыңызбен бөлісу: |