1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


Лизосомалардың құрылысы мен қызметіне анықтама беріңіз



бет11/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   79
шпор цитооо

2. Лизосомалардың құрылысы мен қызметіне анықтама беріңіз.
Лизосома (гр. 'λύσις' – еру және sōma – дене) — жануарлар мен саңырауқұлақ жасушасының органелласы, жасуша ішінде ас қорыту қызметін атқаратын және гидролиттік ферменттердің қор ретінде жиналатын орны. Оның диам. 0,2–0,7 мкм. Лизосомалар қоректі, зиянды бөлшектерді, жасушаның ескі бөліктерін немесе жасушаның өзін қорытуы мүмкін.Олардың құрамына гидролиттік ферменттер тобы — қышқыл фосфатаза, нуклеаза, протеазалар, гликозидазалар т. б. (барлығы 20-дан астам) кіреді. Лизосома торшаның өзінің (аутолиз) және оның ішіне кірген заттардың ыдырауына қатынасады. Лизосома құрамына кіретін ферменттер торша және ақуыздарының жетілуіне (процессинг) қатынасады. Лизосомаларды липопротеидтерден тұратын мембрана қоршап жатады. Осы мембрана бұзылған жағдайда ғана лизосомадағы ферменттер сыртқы ортаға әсер етеді. Лизосоманың құрамындағы гидролаза ферменттері белоктарды, нуклеин қышқылдарын, полисахаридтерді ыдыратады. Қазіргі уақытта лизосоманың құрамында 60-ка жуық гидролаза ферменттерінің болатыны анықталды. . Лизосомдарды құрылысына қарай лизосомның бірінші түрі, лизосомның екініші түрі, аутофагосомдар және қалдықты денешіктер деп 4 түрге бөлуге болады. Бұлардың төртеуі де жасуша ішіндегі қорытылу процестеріне қатысады да ас сіңіру вакуолясын түзеді. Лизосомалар барлық эукариотты жасушаларда және карапайымдарда, саңыраукұлақтарда, бір жасушалы төменгі сатыдағы өсімдіктерде кездеседі. Лизосомалардың көп-аздығы жасушалардың атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Мысалға өзінен әр түрлі заттарды шығаратын немесе сіңіретін, қорғаныш қызметін атқаратын жасушаларда лизосомалар көп мөлшерде кездеседі. Мұндай жасушаларға макрофагтар, лейкоциттер, бауыр және бүйрек жасушалары жатады. Кейбір болжамдар бойынша лизосомаларда активті рецепторлы аппарат бар деген түсініктер айтылып жүр. Лизосомалар осы рецепторлардың көмегімен цитоплазмада еркін козғалады және фагосомдармен түйіскенде олардың мембранасын жойып жібереді. Осы болжам бойынша рецепторлардың қызметін мембрананың сыртына орналасқан изоферменттер орындайды. Ал енді лизосомалардың козғалуына микротүтікшелер үлкен қызмет аткарады. Аутолизосомалар (аутофагосомалар) карапайымдылардың, өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларында әр кез кездеседі. Аутолизосомалар вакуоляларының кұрамында әр түрлі. органоидтардың қалдықтары (митохондриялардын, эндоплазмалық торлардың, рибосомдардың, пластидтердің) бар. Аутолизосомалардың пайда болуы және қызметі әлі де толық зерттеліп біткен жок. Аутолизосомалар саны жасушалардың патологиялық процестерінде құрт көбейеді. Бүдан жасушалардың өлуі тек қана лизосомалардағы ферменттердің эсерінен болады деген түсінік тумаса керек. Әр түрлі эксперименттер бойынша жасушаның өлуі лизосомалардағы гидролаза ферменттерінің гиалоплазмаға шығуына дейін жүретіні анықталады. Ал гидролаза ферменттері жасуша өлгеннен кейінгі процесіне қатынасатыны белгілі. Сонымен қорытып айтқанда, лизосомалар эндоплазмалық тор және ГА- ының активті қызметтерінен пайда болады, ол өздігінше жаралмайды, негізгі қызметі жасуша ішіндегі эндогенді және экзогенді макромолекулаларды ыдырату болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет