18 билет – 1.Микроскоптың құрылысымен, онымен жұмыс істеу ережелері Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гук және Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673 – 77) голланд ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты. 1872 – 73 жылы неміс ғалымы Э.Аббе жасаған Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.
Микроскоптың құрылысы: оптикалық, механикалық, жарық қабылдайтын бөліктерден тұрады.
Оптикалық бөліміне окуляр және объектив жатады. Бұлар микроскоптың ең басты бөлімі болып табылады және күрделі линзалар жүйелерінен құралған. Окуляр дегеніміз зерттеушінің көзіне бағытталған үлкейтіп көрсететін бірнеше линза. Окуляр 5,7,10,15 есе үлкейтіп көрсетеді. Объектив дегеніміз объектіге немесе зерттейтін затқа бағытталған линзалар жүйесі. Объектив 8,20,40,90 есе үлкейтіп көрсетеді. Микроскоптың жалпы неше есе үлкейтіп көрсеткен көрсеткіштерін өзара көбейту қажет. Микроскоптың механикалық бөлімі оптикалық және жарық бөлімдерін байланыстырып тұрады. Механикалық бөлімдеріне штатив, тубус, макровинт, препарат қоятын орындық, револьвер, конденсор винті жатады. Микроскоптың жарық қабылдайтын бөлімдеріне айна мен конденсор жатады. Айна микроскоп штативінің төменгі тұсындла орналасқан. Ол жарық сәулелерін зерттейтін объектіге бағыттайды. Айна бір жағы ойыс, екінші жағы тегіс болады. Конденсор айнадан түсетін жарықты шоғырландырып, зерттейтін затқа түсіреді.