1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


Көлденең бұлшықет ұлпасының миофибрилдерінің құрылысы және миофибрилдердегі актин миозиннің атқаратын қызметі



бет46/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79
шпор цитооо

3. Көлденең бұлшықет ұлпасының миофибрилдерінің құрылысы және миофибрилдердегі актин миозиннің атқаратын қызметі.
Саркоплазма ядроны ғана қоршап қана қоймайды, сонымен бірге миофибриллалардың арасын да толтырып тұрады. Саркоплазманың мөлшері өзгермелі. Кейбір бұлшық ет талшығында саркоплазма аз болып келеді, ал оның есесіне миофибриллалар көп болады. Бұндай талшықтардың жиырылу күші жоғары, бірақ жұмсалған энергияны тез қалпына келтіре алмағандықтан олар тез шаршайды. Ұзақ мерзім жұмыс істейтін бұлшық ет талшықтарында, керісінше, саркоплазма көп болады да, жиырылғыш зат аз болады.Миофибриллалардың арасында саркоплазмада көлденең орналасқан сарколеммамен байланысқан Т-жүйесі (transversus-көлденең) деп аталатын көлденең түтікшелер жүйесі болады. Белгілі жерлерде саркоплазмалық ретикулумның екі цистерналарының аралығында Т-жүйесінің түтікшелері орналасады. Бір Т-түтікше мен екі цистерналар комплексін триада деп атайды. Түтікше мен цистерналар өзара көлденең мембраналық көпіршелер арқылы жалғасқан. Цистерналар Са+2 иондарын ұстап және босатуға қатысады. Осының нәтижесінде аталған иондардың концентрациясы не азаяды, не көбейеді. Бұл жағдай АТФ-азаның активтігіне әсер етеді, яғни бұлшық ет талшығының жиырылғыштық функциясына әсерін тигізеді.Жарық микроскопымен қарағанда миофибриллалардың көлденең жолақтығы (сызылғаны) байқалады. Электрондык микроскопиялық зерттеулер сызылғандық актин және миозин жіптерінің орналасуының салдары екенін көрсетті.Бұлшық ет талшығының саркоплазмасында метаболизміне қажет құрамында тыныс алу ферменттері болатын саркосома деп аталатын митохондриялар көп болады. Саркоплазмада ерігіш пигменттік белок-миозин болады. Бұл белок химиялық құрамы жағынан эритроциттердің гемоглобиндеріне жақын, оның оттегін байланыстыратын және қажетіне қарай бөліп беретін қабілеті бар.Көлденең салалы бұлшық етке тән құрылымдық элемент жиырылуды қамтамасыз егетін миофибриллалар екенін жоғарыда аталған.Миофибриллалар талшықтың бір ұшынан екінші ұшына дейін созылып жататын шоғырлар кұрайды. Миофибриллалардың жуандығы жануарлардың көпшілігінде 0,5-тен 2 мкм дейін.Миофибриллалар физика-химиялық және оптикалық қасиеттері әртүрлі кезектесіп орналасатын учаскелерден тұрады. Олардың бірі күңгірт, екіншілері ақшыл. Бұларды дискілер деп атайды.Күңгірт дискілерді анизотропты дискілер, немесе А жолақ, ақшылдарын изотропты дискілер, немесе И жолақтар дейді. И дискінің ортасы арқылы 2 сызығы, ал А дискінің ортасынан Н жолағы өтеді. Екі 2 сызығының арасындағы учаскені саркомер деп атайды. Ол миофибрилланың құрылымдық-функциялық бірлігі.Электрондық микроскоп миофибриллалардың өте жіңішке протофибриллалардан тұратынын көрсетті. Олар да жуан және жіңішке болып бөлінеді.Көлденең салалы бұлшық етке күрделі шоғырлық құрылыс тән. Бұлшық ет талшықтарының тобы алдымен 1-ші, кейін 2-ші, 3-ші және тағысын тағы ретті шоғырларға бірігеді. 1-ші ретті шоғырлардың арасында оларды байланыстырып тұратын борпылдақ дөнекер ұлпасы болады. 2-ші және кейінгі ретті шоғырлар дәнекер ұлпасының тығыз қабатымен бірігеді, ол бүкіл етті тұтас қаптап тұратын тығыз қабықшаға айналады. Дәнекер ұлпасы арқылы қан тамырлары мен нервтер өтеді. Бұлшық ет сүйекпен сіңірлер арқылы байланысады
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет