1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


Эритроциттер мен тромбоциттерге морфо-функционалдық сипаттама беріңіз



бет45/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   79
шпор цитооо

2. Эритроциттер мен тромбоциттерге морфо-функционалдық сипаттама беріңіз.
Эритроцит- (грекше erytros - қызыл, cytos - жасуша) қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. Ер адам қанының әр литірінде 4,5-5,0 х 10 12 эритроцит болады. Әйел қанында бұл көрсеткіш аздау: 3,7- 4,5 х 1012. Эритроцит санының қалыптант тыс басым болуы эритроцитоз, ал аз болуы эритроцитопения деп аталады. Бұлар сау адамдарда да науқастарда да кездеседі, сондықтан олар физиологиялық және патологиялық болып екі топқа бөлінеді. Сондай-ақ абсолютті эритроцитоз бен эритроцитопения ұғымдары да бар. Эритроцит санының абсолюттік өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуінде және қанға өту шапшандығына байланысты.
Эритроцит - ядросыз екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша. Ол ядросынан сүйек кемігінде өтетін эритропоэз кезінде айырылады. Мүның биологиялық мәні мынада: жасуша ядросының орнын оттегін тасымалдайтын гемоглобин жайлайды, ядросыз эритроцит өз денесіндегі заттарды тотықтыру үшін оттегін жұмсамайды. Осыған байланысты оның оттегін тасымалдау қызметі күшейеді. Көлденеңінен қарағанда эритроцит гантелге ұқсайды: оның диаметрі 7,2-8,0 мкм, қақ ортасындағы ойыс жерінің жуандығы 1,5-2,0 мкм, ал жасуша жиегінің жуандығы 2,5 мкм. Пішіні гантел тәрізді болғандықтан эритроциттің капилляр қабырғасымен түйісетін беткейі үлкен. Жасушаның диаметрі мен пішіні сырқаттанған кезде өзгеруі мүмкін. Диаметрі 8,1 мкм-ден асса, эритроцит макроцит деп, ал 7,2 мкм-ден кем болса микроцит деп аталады. Эритроцит бетінің ауданы 140 мкм2. Бір адам қанындағы барлық эритроциттерді жазық жағымен жатқызып қатар орналастырса, олардың ауданы 3000 м2 болар еді. Осындай аумағы үлкен эритроциттер жазығынан оттегі тінге жақсы өтеді. Эритроцит тыныс алу қызметін орындауға қажет биологиялық құрылым. Эритроцит протоплазмасында тор тәрізді стромасы бар, сырт жағынан белок пен липоидтан тұратын мембранамен қапталған. Эритроцит мембранасы иондарды іріктеп өткізеді. Мембрананың Na+, K+ , Са2+ катиондарынаөтімділігі өте нашар, ал С1" және НСО3, сутегі және гидроксил (ОН) иондары тез өтеді. Сондықтан эритроцит пен қан плазмасының минералдық құрамы бірдей емес. Эритроцитте калий иондары басым, ал плазмада керісінше, натрий иондары көбірек. Эритроцит құрамында 37% құрғақ заттар бар, ал сүйекте құрғақ зат 42%. Демек, денедегі сүйектен кейінгі ең тығыз жасуша - эритроцит. Сонда да эритроцит икемді, созылғыш, үлкен болғанымен, ол жіңішке капилляр арқылы өте алады. Эритроциттегі құрғақ заттардың көбі (90%) гемоглобиннен, ал қалғаны (10%) басқа органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Әрбір эритроцитте 300 млн-дай гемоглобин молекуласы болады.
Эритроциттер тыныс aлy үрдісіне қатысады. Гемоглобин өкпеде окси - гемоглобинге айналып оттегін тасиды. Қан айналысының үлкен шеңберіндегі капиллярларға жеткен соң оксигемоглобин ыдырап оттегін бөліп шығарады. Босаған оттегі тіндерге өтеді. Белгілі бір тіннен өткен көмір қышқылды газдың (СО2) біразы гемоглобинмен әрекеттесіп карбогемоглобин түзеді. Газдың қалғаны эритроцитте көмір қышқылның калийлі, ал плазмада натрийлі тұзын құрып оларды өкпеге жеткізеді. Өкпеде аталған қосылыстар ыдырап көмір – қышқыл газы бөлініп сыртқа шығады. Эритроциттегі гемоглобин молекулалары қан реакциясының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Гемоглобин (ННв) әлсіз қышқыл, ал оксигемоглобин қышқылдығы одан 70 есе артық. .Эритроцит тіндердегі суды өкпеге тасиды. Венадағы қанда эритроцит көлемі 10% артады, ал өкпеде вена қаны артерия қанына айналған соң керісінше, 10% кішірейеді. Қан плазмасының жалпы мөлшері 2500 мл, ал оның 10%-і 250 мл. Минут өткен сайын өкпе мен тіндер арқылы 5 литрдей қан өтеді, оның 2,5л плазма. Демек, минут сайын эритроциттер өкпеге 250 мл су әкеледі. Ол эритроциттерден айналасындағы плазмаға өтеді. Артық су плазмадан өкпе арқылы сыртқа шығады. Эритроцит қанның қорғаныш қызметіне қатысады. Эритроцит теріс зарядталған түйіршік, сондықтан оң зарядты улы заттарды өзіне тартып (адсорбция) олардың уытын басады (қайтарады). Эритроцит жарылысымен тромбопластин босап шығады да қанды тез ұйытады. Қан ұюы да оның қорғаныш қызметінің бір түрі. Эритроцит макромолекуланы тасып жасушалар арасындағы креаторлық айланыстарды қамтамасыз етеді.
Тромбоцит — сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар — мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі-үш мкм ядросыз бөлікшелері Трофикалық қосындылар — қоректік заттар қоры және энергия көзі.[1]
Тромбоциттер сүтқоректілерден басқа жануарлардың көпшілігінде қан клеткаларынан түзілетін, ұсақ, дөңгелек не ұзынша келген, тығыз ядролы және әлсіз базофильді, цитоплазмалы клеткалар түрінде кездеседі. Сүтқоректі жануарлардың қанында Тромбоциттердің орнында пішіні әр түрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді, т.б.) ядросыз, ұсақ денешіктер (диаметрі 2 – 5 мкм) – қан табақшалары болады. Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 мм қанында 180 – 320 мың тромбоцит кездеседі. Қан табақшаларының құрамында арнайы 4 түйіршік: (дельта түйіршіктерінде азенозин екі фосфор және аденозин үш фосфор қышқылы, серотонин, кальций иондары; альфалықта – қан ұюына қатысатын, қабыну, иммунитет және бүлінген тіндердің қалпына келтіретін өсу факторы; лизосомалықта – гидролиздік ферменттер; пероксисомалықта –каталаза ферменттері) болады, сондай-ақ митохондрия табақшалардың жылжуын қамтамасыз ететін микротүтікшелер, гликоген түйіршіктері, кейде рибосома айқындалады. Тромбоциттер сүйектің қызыл кемігіндегі ірі клеткалар – мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары 8 – 11 тәулікке дейін тіршілік етеді.[2]
Тромбоциттердің ерекшелігі оның белсендіру қабілеті болып табылады - жаңа күйге тез және әдетте қайтымсыз өту. Кез келген дерлік қоршаған ортаның бұзылуы, қарапайым механикалық кернеуге дейін, белсендіру үшін ынталандыру бола алады. Алайда тромбоциттердің негізгі физиологиялық активаторлары болып коллаген (жасушадан тыс матрицаның негізгі ақуызы), тромбин (плазмалық коагуляция жүйесінің негізгі ақуызы), АДФ (аденозин дифосфат, жойылған тамыр жасушаларынан пайда болады немесе олардан бөлініп шығады. тромбоциттердің өздері) және тромбоксан A2 (тромбоциттер синтездейтін және шығаратын екіншілік активатор; қосымша функция қан тамырларының тарылуын ынталандыру).
Белсендірілген тромбоциттер жарақат орнына (адгезия) және бір-біріне (агрегация) жабысып, жарақаттың орнын толтыратын тығынды құрайды. Сонымен қатар, олар плазмалық коагуляцияға екі негізгі жолмен қатысады - прокоагулянттық мембрананың экспозициясы және α-түйіршіктердің секрециясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет