1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз



бет52/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79
шпор цитооо

Экзокринді бездер (glandulae ехосгіпае, лат. glandula — без, гр. ех — сыртқа, гр. krinos — белу) — бөлінділерін (секреттерін) сыртқы ортаға немесе сыртқы ортамен қатысатын дене қуыстарына бөліп шығаратын мүшелер.
Экзокринді бездер екі бөлімнен құралған. Олар: секрет бөлетін соңғы бөлім және шығару өзегі. Соңғы бөлімнің қабырғасын безді жасушалар (гландулоциттер) құрайды. Құрылысына, бөліндіні белу, оны шығару сипатына және бөліндінің құрамына байланысты: экзокринді бездер бірнеше түрлерге ажыратылады. Құрылысына қарай қарапайым және күрделі бездер болып бөлінеді.[1] Қарапайым экзокринді бездердің тарамдалмаған тек бір ғана шығару өзегі, ал күрделі бездердің шығару өзектері бірнеше тарамға тарамдалып жатады. Соңғы бөлімдерінің пішініне сәйкес экзокринді бездер: түтікше, көпіршікше (альвеолалы) және түтікше-көпіршікше бездер болып ажыратылады. Қарапайым түтікше бездерге: қарын (асқазан), ішек, жатыр, тер бездері; қарапайым көпіршікше бездерге: май бездері; күрделі түтікше-көпіршікше бездерге: сілекей, өңеш, ұйқы бездері жатады. Бөлінділерін гландулоциттерден сыртқа бөлу сипатына қарай: мерокринді (бөлінді белу кезінде жасуша құрылымы бұзылмай, сел сүзіліп шығады), апокринді (жасуша жартылай бұзылады) және голокринді (жасушалар толық бұзылып, бөліндіге айналады) бездерге бөлінеді. Бөліндінің құрамына сәйкес: протеинді, кілегейлі, протеинді-кілегейлі экзокринді бездер (сыртқы секреция бездері) болып ажыратылады.[
3. Көлденең жолақты еттердің дамуы, регенерациясы. Ет ұлпасында кальций иондарының әсерлері.
Көлденең жолақты ет ұлпасы (лат. textus muscularis striatus ) — қаңқа бұлшықет ұлпасы және жүрекет ұлпасы болып екіге бөлінеді. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы (лат. textus muscularis striatus sceletalis) — қаңқаның, тілдің, жұтқыншақтың, өңештің алдыңғы бөлігінің, көмекейдің, көз алмасының, құлақтың, көкеттің бұлшықеттерін құрайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының ет талшықтары миосимпласттардан тұрады. Миосимпласт сыртынан сарколеммамен қапталған. Сарколемма өз кезегінде екі қабат қабықтан: сыртқы негіздік жарғақтан және ішкі плазмолеммадан тұрады. Бұлшықет талшықтарының сопақша келген мыңдаган ядролары миосимпласт цитоплазмасының шеткі жағында, сарколемманың астында жатады. Ал миосимпласттың жалпы органеллалары ядролардың маңайында орналасады. Миосимпласттарда агранулалы эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Олар бір-бірімен өзара ілмектері арқылы жалғасып, байланысып жатады. Бұларды саркоплазмалық тор деп атайды. Митохондриялар миофибриллалардың аралықтарында орналасады. Миосимпласт саркоплазмасында энергия көзінің қызметін атқаратын гликоген дәншелері, липидтердің майда тамшылары және тыныс алу пигменті — миоглобин болады. Бұлшықет талшықтарының арнайы органеллалары — миофибриллалар миосимпласт ядроларын саркоплазмага қарай шетке ығыстырып, цитоплазма орталығының көп бөлігін алып жатады. Олар ет талшығының ұзын бойын бойлай орналасады. Миофибриллалардың орташа диаметрі 1-2 мкм. Миофибриллалар ретімен және кезегімен орналасқан жиырылғыш протеиндер — актин және миозин жіпшелерінен құралған. Соңғы аталған протеинді жіпшелерден миофибриллаларды құрап, оларды бекітіп ұстап түратын телофрагмалар мен мезофрагмалар құрылымдарын — титин және небулин протеиндері құрайды. Телофрагма (Z-сызығы) миосимпластқа көлденең орналасып, миофибриллалардың құрылымдық бірлігі саркомерлерді шектеп, оларды бір-бірінен бөліп тұрады. Телофрагманы құрайтын протеиндер молекулаларының торы миосимпласт сарколеммасымен байланысып, миофибриллалар үшін тіректік қызмет атқарады. Телофрагманың қалындығы 100 нм. Миофибрилланың көрші екі телофрагма аралығындағы саркомердің қақ ортасында мезофрагма (М-сызығы) орналасады. Мезофрагма да жоғарыда аталған протеиндерден түзілген. Бұлар да тіректік қызмет атқарады. Мезофрагмадан телофрагмаға қарай миозин миофиламенттері, ал телофрагмадан мезофрагмаға қарай актин миофиламенттері бағытталып кездесіп, бір-біріне жанаса кіріп, біраз аралықта параллельді орналасып, кірмелер түзеді. Миофибриллаларды құрайтын миозин мен актин филаменттерінің өзара орналасу орындары ерекше. Диаметрі 10 нм, ұзындығы 1,5 мкм әрбір миозин филаментін, диаметрі 5 нм, ұзындығы 1 мкм алты актин филаменті қоршап жатады. Тек миозин филаментінен құралған М-сызығының екі жағындағы ақшыл аймақты Н-жолақ деп атайды. Телофрагма аймағында миосимпласт сарколеммасы ішке қарай қатпарлана еніп, көлденең түтікшелер (Т-түтікшелерді) түзеді. Олардың құрамына негіздік жарғақ кірмейді. Актин миофиламенттері — изотропты (I) ақшыл дискілерді, миозин миофиламенттері — анизотропты (А) күңгірт дискілерді қүрайды. Осы ақшыл және күңгірт дискілер кезектесе орналасып, миофибриллалардағы миосимпласттың (ет талшықтарының) көлденең жолақтарын жасайды. Себебі, миосимпласттағы барлық миофибриллалардың кезектесе орналасқан ақшыл және күңгірт дискілері бір деңгейде жатып, ет талшығының көлденең жолақтарын түзеді. Ет ұлпасының "көлденең жолақты" деп аталуы осыған байланысты. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы ерікті жиырылады. Миосимпласттар бір-бірімен жұқа дәнекер ұлпалық аралықтар (эндомизий) арқылы байланысып, ет талшықтарының шоғырларын түзеді. Ет талшықтары шоғырлары бір-бірімен өзара қалыңдау келген дәнекер ұлпалық аралықтармен (перимизий) байланысып, бұлшықеттерді құрайды. Бүлшықеттер сыртынан дәнекер-ұлпалық қабықпен (эпимизий) қапталған. Құрылысы жағынан бұлшықеттер — паренхималы мүше. Оның паренхимасын — ет талшықтары, ал олардың аралығындағы қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін дәнекер ұлпалық аралықтар мен ет қабығы (эндомизий, перимизий, эпимизий) бұлшықеттің стромасын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет