1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


Көп қабатты эпителийлердің қандай түрлері бар? Көп қабатты эпителийлер қандай



бет57/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79
шпор цитооо

2.Көп қабатты эпителийлердің қандай түрлері бар? Көп қабатты эпителийлер қандай
қызмет атқарады?
Көпқабатты эпителий (epithelium stratificatum squamosum; гр. epi — үсті, жоғарғы жағы,
thele — емізік, stratificatum — қабаттану, squama— қабыршық) — эпителиоциттердің
(эпителий клеткаларының) көп қабаттарынан құралған шекаралық ұлпа. Көпқабатты
эпителий — көпқабатты жалпақ және көпқабатты ауыспалы эпителий болып екі топқа
бөлінеді.Көпқабатты жалпақ эпителий — өз кезегінде мүйізделетін және мүйізделмейтін
эпителий ұлпаларына бөлінеді. Көпқабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителий ауыз
қуысы кейбір мүшелерінің, жұтқыншақтың, өңештің, тік ішектің, қынаптың кілегейлі
қабығын астарлайды, бадамша бездерде (миндалиналарда) кездеседі, көздің қасаң
қабығын сыртынан қаптайды. Көпқабатты мүйізделмейтін эпителий төменгі - негіздік
(базальды) эпителиоциттер қабатынан, ортаңғы — қылтанақты эпителиоциттер
қабаттарынан және жоғарғы — жалпақ эпителий жасушалары қабаттарынан тұрады.
Көпқабатты мүйізделетін жалпақ эпителий — терінің эпидермис (теріүсті) қабатын
түзеді. Эпидермис құрылысы мен атқаратын қызметі бір-бірінен ерекше бес түрлі:
негіздік, қылтанақты, дәнше, жылтырауық және мүйізді эпителиоциттер қабаттарынан
құралған.Көпқабатты ауыспалы эпителий — несеп жолдарын (бүйрек түбегі, несепағар,
қуық, несепшығар өзегі) астарлайды. Көпқабатты ауыспалы эпителий негіздік, аралық
және жоғарғы жабынды жасушалар қабаттарынан құралған. Көпқабатты ауыспалы
эпителий — қорғаныс қызметін атқарумен қатар зат алмасу процесіне де қатысады.Көп
қабатты мүйізденбейтін эпителий.Бұл эпителий механикалық әсерге ерекше қатты
ұшырайтын ылғал беттерге тән. Ылғалға қажет сұйық, эпителийдің астында
орналасқан борпылдак дэнекер ұлпасында болатын бездерден келеді. Эпителийдің
Бұл түрі ауыздың ішкі қуысын, көздің калың қабығының бетін, тік ішектің артқы бөлігін
астарлайды.Көп қабатты мүйізденген эпителий
Тері эпителийі өзінің құрылысы жағынан алуан түрлі. Омыртқалыларда тері эпителийі
көп қабатты, омыртқасыздарда бір қабатты болады.
Тері екі кабаттан тұрады: терінің өзі немесе дерма деп аталатын дәнекер ұлпалық
бөлікпен эпидермис делінетін эпителиалдық кабаттан тұрады. Мүйізделген көп қабатты
эпителий құрылысы мен қасиеттері түрліше қабаттардан тұрады. Осы аттарды үш
зонаға біріктіруге болады. Ең тереңгісі базальдық мембрананың үстінде жататын
цилиндр тәрізді эпителиалдық жасушалардың бір қатарынан тұратын базальдық кабат.
Базальдық кабаттың жасушаларының жасушааралық кеңістікке қараған бетінде
көптеген микробүрлер болады. Базальдық мембрана арқылы дэнекер ұлпасының
диффузиялық жолымен эпителийге келген қоректік затты бірінші болып осы кабаттың
жасушалары қабылдайды. Базальдық кабаттың жасушалары жедел бөлінеді және
жаңадан пайда болған жасушаларының негізгі массасы үстінде көп бұрышты немесе
канат тәрізді жасушалардың 4-8 кабаттары орналаскан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет