1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


1.Клетка орталығының митоз кезіндегі ролін түсіндір. Центриол мен центриосфера



бет59/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   79
шпор цитооо

24.
1.Клетка орталығының митоз кезіндегі ролін түсіндір. Центриол мен центриосфера
терминдерін сипатта.
Митоз немесе кариокинез процесі кезекпен келіп отыратын 4 фазадан тұрады, олар:
профаза, метафаза, анафаза, телофаза. Профаза – ядроның бөлінуге дайындалған
бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып
бұратылуының салдарынан хромосомалар қысқарып, жуандайды. Профаза кезінде
хромосомалар кариолимфада кездейсоқ жерлерде орналасады, осы кезеңде
ядрошықтар бұзылады. Ал профазаның аяқ кезінде ядро қабығы бұзылады да
хромосомалар цитоплазма мен кариоплазманың сұйық заттарының қосындысы –
миксоплазманың ортасында қалады. Ядро көлемі үлкейіп, хромосома ширатыла
бастайды, екі центриоль жасуша орталығыжасушаның полюстеріне ажырайды.
Хромосомалар ширатылып, жіпшеге айналып, ядрошық бұзылады. Ядро қабықшасы
ыдырайды. Жасуша орталығының центриольдері жасуша полюстеріне тартылып,
олардың арасындағы микротүтікшелер бөліну ұршығын түзеді. Профаза соңында ядро
қабықшасы жеке фрагменттерге бөлініп, олардың шеткі ұштары қабысады.
Нәтижесінде, эндоплазмалық торға ұқсас ұсақ көпіршіктер түзіледі. Бұл кезеңде
хромосома ширатылуы тоқтамайды. Соңында қысқа әрі қалың хромосомаға айналады.
Ядро қабықшасы жойылғаннан кейін, хромосомалар цитоплазмада еркін әрі ретсіз
орналасады. Бұл - метафазаның басталғанын білдіреді.Метафаза фаза сатысының екі
кезеңі бар: метакинез – хромосомалар жасушаның экватор аймағына жиналып
шоғырланады, жасуша бөлінуге дайындалады; нағыз метафаза – хромосома жіпшелері
центромералармен байланысады, хромосомалар хроматидтерге жіктеледі. Клетка
цитоплазмасы бұл кезде тұтқырлығын жоғалтады.Анафаза – хроматин жіпшелерінің
болашақ жас жасушалардың полюстеріне қарай созылып, ахроматин ұршығын құрау
кезеңі.Ахроматин ұршығының белдеуінде хромосомалар түрліше орналасып, ең
алдымен аналық жұлдызын құрайды. Сонан кейін аналық жұлдыздағы қосарланып
орналасқан гомологиялық хромосомалардың ұзынынан бөлінуі нәтижесінде пайда
болған жас хромосомалар жасушаның полюстеріне қарай ығысады да, екі жас
хромосома жұлдыздары пайда болады..Телофаза митоздың ақырғы сатысы. Телофаза
кезінде хромосомалардың қозғалуы аяқалады, митоздық аппарат бұзылады,
ядрошықтар пайда болады. Клетканың қарама-қарсы полюсінде жаңа пайда болған
хромосомалардың сыртынан ядролық қабық пайда болады.Центриоль (centriol, лат.
centrum — орталық) — центросоманы құрайтын майда денешік. Бұл ядролық
қабықшаның жанында, цитоплазмада орналасқан органелла. Ол төменгі сатылы
өсімдіктер мен жануар жасушасында кездеседі.Центромера — хроматидтері
бір-бірімен жалғасатын хромосоманың бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет