3-сұрақ. Сүйек ұлпасының дамуы типтері, классификациясы. Сүйек екі жолмен дамиды: 1) ұрықтық дәнекер ұлпасынан, немесе мезенхимадан тікелей дамуы (бастың төбе сүйектері мен бет бет сүйектері); 2) шеміршектің орнына дамуы. Сүйектің ұрықтық дәнекер ұлпасынан дамуы шеміршек орнында дамудан бұрын басталады. Келешек сүйектің орнына коллагендік талшықтары көп және жедел көбейетін ұсақ клеткалары бар дәнекер ұлпасы пайда болады. Дәнекер ұлпасының клеткалары остеобластлерге айналады. Синтездеу қабілетінің артуымен остеобластлер аморфтық клеткааралық зат пен коллагендік талшықтарды түзеді. Негізгі (клеткааралық) зат қалыптасқаннан кейін остеобластлер сүйек клеткаларына – остеоциттерге айналады. Жаңадан пайда болңан клекааралық зат мукопротеид пен коллагеннен тұрады. Коллаген талшықтарында кальцийдің жиналуына кедергі болатын мукополисахаридтер болғандықтан мұнда минералдық тұздар болмайды. Мұндай сүйек тірізді ұлпа жұмсақ келеді, пышақпен жеңіл кесіледі. Дамудың кезектегі кезеңінде ұлпада органикалық фосфаттарды ыдыратып минералдық тұздардың шөгуін қамтамасыз ететін фосфатазалар көп мөлшерде пайда болады. Осымен бір мезгілде сүйек тәрізді ұлпаның клеткааралық затында мукополисахарид молекулаларының ыдырауымен олардың қалдықтарының еруі жүреді. Осы кезден бастап клеткааралық заттың органикалық бөлігі толықтай дерлік (95-99%) коллагеннен тұрады.
Сүйекте тамырлар мен нервтер болады. Атқаратын қызметінің өзгеруімен бірге сүйектің құрылысы да өзгереді.
Өсуші организмнің сүйек ұлпасында клеткалардың үш түрі болады: остеобласт, остеоцит және остеокласт
28-билет 1-сұрақ.Ядроның құрылымдық элементтері, химиялық құрамы және атқаратын қызметі қандай? Ядро ядролық қабықпен цитоплазмадан шектеледі, ол екі мембранадан тұрады: плазмалық мембрана сияқты құрылымы бар сыртқы және ішкі. Олардың арасында жартылай сұйық зат толтырылған тар кеңістік бар. Ядролық қабықтағы көптеген ЖҰЖ арқылы ядро мен цитоплазма арасындағы зат алмасу жүзеге асырылады (атап айтқанда, и-РНК цитоплазмаға шығуы). Сыртқы мембрана ақуызды синтездейтін рибосомамен жиі кездеседі.Ядролық қабықтың астында кариоплазма (ядролық шырын), оған цитоплазмадан заттар түседі. Кариоплазма құрамында хроматин бар – ДНҚ және ядро. Ядро-бұл рибосом қалыптасатын ядроның ішіндегі дөңгелек құрылым.
Ядроның негізгі құрылымдық бөліктері, қабықша,хроматин,ядрошық,кариоплазма немесе нуклеоплазма.
Ядрода минералдық заттардан; P, K, Na, Fe, Zn, Cu, Co, W. Ал өт аз мөлшерде Li, Ni, Cr, кейбір металдар және аса маңызды Ca, Mg болады.
Ядро – клетканың маңызды құрамдас бөлiгi. Клетка ядроларда гендер орналасқан ДНҚ бар. Осыған орай ядро 2 негiзгi қызмет атқарады: 1) генетикалық информацияны сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру; 2) заталмасу және организм дамуының процесiн реттеу.
Көптеген клеткаларда 1 ядро бар. Кейде 1 клеткаларда 2-3 ядроны байқауға болады, мысалы, бауыр клеткасында. Ондаған ядролары бар көпядролы клеткаларда белгiлi.