3. Тері эпителийінің негізгі түрлеріне жалпы морфофункционалдық сипаттама беріңіз. Эпителий ұлпасы (epithelium), дененің сыртқы бетін, қуыс органдардың ішкі бетін (ішектің, асқазанның, қуықтың) және организмнің секрет бездерін алып жатады.
Эпителий-шекаралық ұлпа, өйткені ол ішкі ортамен сыртқы ортаның аралығында жатады.
Эпителий арқылы организм мен сыртқы ортаның арасында зат алмасу жүреді.
Ішек эпителийі арқылы қоректік заттар, белок, майлар, углеводтар қан мен лимфаға беріледі, олар арқылы организмге таралады, қоректік заттар энергия көзі болып табылады. Көп уақытта организмнен сыртқы ортаға әртүрлі продуктылар (заттар) сыртқа шығарылып отырады. Мысалы: көміртегі-өкпеден сыртқа шығады, несеп, несепқышқылы бүйрек арқылы сыртқа шығады. Эпителий шекарада тұрғандықтан қорғаныш қызметін атқарады. Ол организмді химиялық, механикалық және басқа да әрекеттерден сақтап тұрады, микроб, улы заттарды өткізбейді. Секрет шығаратын бездердің эпителий ұлпасы маңызды қызмет атқарады, өйткені олар секрет шығарып отырады, ол секрет бүкіл организмдегі зат алмасу процесінің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Мысалға, асқазан бөлетін сөл оны химиялық және механикалық өзгерістерден сақтайды, ішек эпителиі шығаратын фермент ас қорту процесінде үлкен роль атқарады.
Қалқан безі (щитовидная железа) шағаратын гормон жалпы организмдегі алмасу процесін реттейді. Шығу тегі және атқаратын қызметіне байланысты эпителийдің құрылысы әртүрлі болады, бірақ та эпителий ұлпасының басқа ұлпадан ерекшелігі болады. Бұл ерекшелігі оның шекаралық жағдайына және атқаратын қызметіне байланысты. Эпителий ұлпасы клетка пластысын құрайды. Эпителий базальды мембранада жатады, оның астында борпылдақ дәнекер ұлпасы жатады. Оларда қан тамырлары болмайды, ал қоректік затты базальды мембрана арқылы алады.
Эпителий ұлпасына сипаттама
1. Эпителий ішек аралық ұлпа сондықтан организмді сыртқы және ішкі ортадан бөліп тұрады және ол орталармен қарым-қатынаста болады. Организмнің ішкі бетін жабынды эпителий қоршап жатады. Ішектің қуысы, асқазанның, бүйректің, жыныс органдардың және т.б. Ішкі органдардың қуыстарын эпителий ұлпасы астарлап жатады және перикордиаль, превраль және құрсақ бөлімдерін бөліп тұрады. Эпителий ұлпасының негізгі бір ерекшелігі шек аралық қызметі. Осы қызметіне байланысты эпителий ұлпасының құрамындағы клетка элементтері әртүрлі болады.
2. Эпителий клеткалары бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Эпителий ұлпасы көбінесе қорғаныш қызметін атқаратын құрылымдар болады: кутикула, раковина, хитин, панцер. Осы құрлымның барлығы эпителий ұлпасының құрамындағы клеткалардың қызметіне байланысты. Эпителий ұлпасы әсіресе жабынды эпителийде апикальді және базальді беттері жақсы ажыратылады. Мысалы: ішек эпителийінде апикальді
бетінде микроварсинкалар болады. Тыныс органдарының апикальді бетінде талшықтар болады. Эпителий әр уақытта жақсы жетілген базальді мембранаға орналасады. Эпителий ұлпасын классификациялау Эпителийді классификацияға бөлгенде оның шығу тегіне, құрылысына және атқаратын қызметіне қарайды. Қазіргі уақытта филогенетикалық және
морфофункциялық классификация кең тарады. Филогенетикалық классификация бойынша оның шығу тегінің эволюция процесінде қалыптасуына байланысты, атқаратын қызметіне және морфологиясына қарап бөлуді айтады. Бұл классификация бойынша тері, ішек, бүйрек, целом эпителиясы деп бөледі. Осы көрсетілген, әр түрлі эпителий өзіне тиісті ерекше міндетін атқарады. Тері эпителийінің атқаратын қызметі- сыртқы ортадан қорғау, осыған байланысты, олар көп қабатты болып келеді. Бүйрек эпителиясы организмнен сыртқы ортаға алмасу процесінде жиналған заттарды шығарады және бір қабатты болып келеді. Екінші классификация бойынша атқаратын қызметіне байланысты негізінде құрылысына қарайды. Эпителий бір қабатты және көп қабатты болып бөлінеді. Морфологиялық классификация
Эпителий бір қабатты көп қатарлы клетка пішініне қарай бөледі? Пішіні пирамида, куб тәрізді, жалпақ, цилиндр тәрізді.Онтофилогенетикалық классификация эпителийдің қай ұрық жапырақшасының қай өсімімен шығуына байланысты. Эктодерма, эндодерма, мезодерманы шығарған Хлопин.
Эпидермальді эктодермадан-жабынды, тері, без эпителиялары, ауыз қуысындағы эпителий,
сілекей безінің эпителиясы пайда болады. Эпендима пекальді эпителий негізінде нерв трубкасынан және эпендимадан пайда болады.
Қызметіне қарай классификациялау.
Жабынды эпителий (тері эпителийі)
Шырышты органдардың қабатын астарлап жататын эпителий.
Эпителий превральді перикордиальді және құрсақ қабаттарын алып жататын эпителийі.
Ішкі органдардың паренхимасын алып жататын эпителий.
Осылардың ішіндегі жақсы зерттелген тері эпителиясы. Бұл омыртқалы және омыртқасыз жануарларда әртүрлі. Омыртқасыз жануарларда жабынды эпителий бірнеше қызмет атқарады: Қорғаныштық- бұл қаңқа қызметімен байланысты. Осы жабынды эпителий омыртқасыз жануарларда қимыл қызметін атқарады. Өйткені тері арқылы қимылдайды.
Омыртқасыз жануарларда талшықтар, өсінділер көп болады. Олардың тері эпителиясы экскреторлы(бездер өзінің құрамындағы) қызмет атқарады. Олардың құрамындағы секретті сыртқа шығарады. Ішек қуыстарында стрекательді клетка болады. Бұлар әртүрлі улы зат жіберу арқылы өзінің қорегін тауып алады. Омыртқасыз жануарлардың тері эпителиясы бірнеше қызмет атқарады.
Ас қорту жүйесінің эпителийі
Омыртқалы жануарлардың шырышты эпителий қабаттары
Жоғарғы сатылы жануарлардың шырышты эпителийі бүкіл асқорту жүйесін, тыныс алу жүйесін,
жыныс және зәр шығару жолдарын алып жатады. Шырышты эпителий мынандай қызмет атқарады: Қорғаныштық (ішкі ортамен сыртқы ортаның) Зат алмасу қызметін- секрет бөлу, кейбір жағдайда оларды жинақтау. Сұйық заттарды және қатты түйіршіктерді шырышты қабаттар арқылы жылжыту. Астың, бөгде заттардың, жыныс органдардың продуктыларын, зәрдің және слиздің жылжуы. Шырышты эпителийдің құрылымы оның атқаратын қызметіне байланысты болады. Қорғаныштық қызметін іске асыру үшін клетканың апикальді бетінде талшықтар мен микробүртіктер болады ал көп қабатты эпителийде- мүйізді құрылым болады. Клетка байланыстары және клетка органоидтары жақсы жетілген. Эпителий қабатында бір клеткалы бездер орналасады. Шырышты қабаттың эпителийінің шығу тегі жағынан бір-бірінен көптеген айырмашылығы бар. Мысалы: ауыз қуысының ішектің анальді бөлімі влагалища эктодермадан пайда болған. Жұтқыншақ, тыныс жолдары және өңеш эпителийлері бірінші желбезек ішектерінен пайда болады. Олар көп қабатты және көп қатарлы болып келеді. Ішек, асқазан, қуық эпителийі-энтодермадан пайда болады. Жатырдың эпителийі- целом эпителийінен пайда болады. Ауыспалы эпителийдің шығу тегі әлі белгісіз.
Ас қазанның шырышты эпителийі.
Омыртқалы жануарлардың ас қорту жүйесінің алдыңғы бөлімінің эпителийі жақсы зерттелген. Өңештің эпителийінің құрлысы оның тек қана жапырақшадан пайда болуында ғана емес, жануарлардың қандай тамақпен тамақтануына да байланысты.
Адамдарда және сүтқоректілерде өңештің эпителийі көп қабатты болып келеді. Сыртқы қабаты кейбір жануарларда мысалы жыртқыштарда мүйізделеді, ол қатты тағамдармен тамақтануына байланысты. Базальді қабатында толық қалыптаспаған клеткалар кездеседі. Негізінде бұл эпителий тері эпителийіне морфология жағынан өте ұқсас келеді.
Құстарда өңеш эпителийі көп қабатты болып келеді. Көбінесе шырышты-талшықты. Бауырмен
жорғалаушылар да (рептилийде) жабынды эпителийден айырмашылығы бар. Бұлар негізінде көп қабатты кейде көп қатпарлы призма тәрізді эпителийден құралады. Олардың Құрамында шырышты эпителий көп кездеседі.