1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


-билет Өсімдіктер жасушасы қабығының негізгі құрамды бөлігін сипаттаңыз



бет77/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
шпор цитооо

32-билет
Өсімдіктер жасушасы қабығының негізгі құрамды бөлігін сипаттаңыз.
Өсімдік жасушасы қабығының негізгі құрамды бөлігі: Целлюлоза. Жасұнық (клетчатка, целлюлоза) - жоғары сатыдағы өсімдіктердің жасуша қабықшасының құрамына кіретін жоғары молекулалы, жіңішке талшықты полисахарид. Ол өсімдік жасушаларына берікгік қасиет береді. Бұл ақ түсті қатты зат, иіссіз және дәмсіз, суда ерімейді. Целлюлоза талшықты құрылымға ие. Ол жасуша қабырғаларында лигнин немесе пектин сияқты басқа органикалық қосылыстармен бірге болады. Тазаланып бөлініп алынған жасұнықтан сапалы қағаздың түрлері, кинотаспалар, пластмассалар, қопарылғыш зат, лак жасалынады. Целлюлоза клеткаларға беріктік қасиет береді. Ағаштардың 40-50%-і, мақта талшықтарының 90-95%-і және кендір талшықтары, таза мақта, сүзгі қағаздар таза целлюлозадан тұрады. Біз оны салқын климатта да, қоңыржай немесе экваторлық белдеулерде де өсетін көптеген өсімдік түрлерінде кездестіре аламыз. Целлюлозасы бар өсімдіктердің мысалдары:мақта,зығыр,қарасора,қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар,жемістер мен көкөністер (мысалы:алма, алмұрт),жаңғақтар,жарма.
Жасушаның ішкі құрылымының құрамын реттейтін қай мембрана?
Жасуша мембранасы жасуша ішінде жаңадан пайда болған вирустардың сыртқа шығуына жасушаның белгілі жерлерінің ыдырауы немесе пиноцитозда қатынасады. Жасуша мембранасының құрылысы мен атқаратын қызметі өте күрделі. Электрондық микроскопты пайдаланып жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, өсімдік және жануар жасушасы (клетка) мембранасының құрылысы толықтай анықталды. Осы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, өсімдік жасушасы мембранасының жасұнықтан (клетчатка) түратындығы және оның тірек қызметін атқаратындығы дәлелденді. Егер өсімдіктің жапырағын бірнеше рет бүктеп қайта жазса, біраздан кейін бұрыншы қалпына келеді. Бұл құбылыс жасуша мембранасының серпімділік қасиетін білдіреді. Сонымен қатар бұл - өсімдік жасушасы мембранасының физикалық қасиетіне тән құбылыс
Шеміршек ұлпасының трофикасы, регенерациясы. Шеміршек ұлпасының гистогенезі.
Шеміршек ұлпалары тыныс алу жүйесінің мүшелерінде, буындарда, омыртқа аралық дискілерде жіне т.б. кездеседі. Бұл ұлпалардың негізін хондроциттер мен хондробласттар және серпімділігімен ерекшеленетін жасуша аралық заттар құрайды. Шеміршек ұлпаларының тіректік қызметі дәл осы қасиетіне байланысты. Шеміршек ұлпасының құрамында 70-80%су, 10-15%органикалық заттар мен 4-7%тұздар болады. Шеміршек ұлпасының құрғақ затын 50%-дан 70%-ға дейін коллаген құрайды. Шеміршек ұлпасында қантамырлар болмайды, қоректені шеміршек қабы арқылы жүзеге асады. Шеміршек ұлпасы мезенхимадан дамиды. Шеміршек ұлпасының регенерациясы.
Шеміршектің регенерациясы шеміршек қабындағы аз маманданған жасушалары және шеміршектегі прехондробласттар мен хондробласттардың бөлінуі мен дифференциациясына байланысты жүреді. Бірақ бұл құбылыс өте баяу өтеді. Буындық емес шеміршек ұлпасы жарақатының регенерациясы шеміршек қабының қатысуымен жүреді.
Буындық шеміршектің жарақатының регенерациясы оның тереңдігіне байланысты әр түрлі болады. Егер жарақат терең болмаса, регенерация тек изогенді топтардың көбеюіне байланысты болады. Ал егер шеміршек терең жарақатталса, онда регенерацияға субхондриальді сүйек ұлпасының камбиальді жасушалары да қатысады.
Кез келген жағдайда тікелей жарақат аймағында дистрофикалық құбылыстар орын алады, кейіннен көбеюші хондроциттер орналасады.
Жарақат алғаннан кейін алғашқы 1-2 айларда жас фибробласттардан тұратын тін пайда болады, ол протеогликандар мен коллаген талшықтарын белсенді түрде синтездейтін шеміршек тәріздес ұлпасымен алмастырылады. 3-6 айдан кейін регенерат гиалинді-фиброзды ұлпасына ұқсас жас шеміршекке айналады. Шеміршек ұлпаларының даму негізі мезенхима болып табылады. Бірінші сатыда ұрықтың шеміршек түзілетін аймақтарында мезенхима жасушалары өздерінің өсінділерін жоғалтып, қарқынды көбейіп, бір-біріне тығыздалып орналасады. Осының нәтижесінде белгілі бір кернеу – тургор пайда болады. Бұндай аймақтар хондрогендік аралшалар деп аталады. Олардың құрамындағы бағаналы жасушалар хондробласттарға дифференцияланады. Бұл жасушалар шеіршек тінінің негізгі құрылыс материялы болып табылады. Олардың цитоплазмаларында алдымен бос рибосомалардың саны көбейіп, кейін түйіршікті эндоплазмалық тор пайда болады.
Келесі сатысы – алғашқы шеміршек тінінің құрылуы. Хондроциттердің пішіндері дөңгеленіп, мөлшерлері өседі. Коллагеннің синтезі мен секрециясына қатысатын түйіршікті эндоплазмалық тор дамиды. Келесі сатысы – шеміршек тінінің дифференциалдануы сатысында – хондроциттер гликозамингликандарды синтездеу қабілетін иеленеді.
Дамып келе жатқан шеміршекті жабатын, екі қабаттан – ішкісі камбиальды(хондрогенді) және сыртқысы талшықты қабаттардан тұратын, мезенхимамен шектелген шеміршек қабы қалыптасады. Камбиальды аймақтағы жасушалар қарқынды бөлінеді. Синтезделген заттардың секрециясы мен шеміршекке қабаттануы нәтижесінде жасушалар өз қызметтерінің өнімдерімен толтырылады. Бұл – аппозициональды өсу.
Жас шеміршектің ортасындағы шеміршек жасушалары қандай да бір уақытқа дейін бір аймақта (лакунада) митоздық жолмен бөліну қабілеттілігін және екінші типті коллаген бөлу қабілеттілігін сақтайды. Осы жасушалардың санының көбею салдарынан шеміршек салмағы ішінен ұлғаяды, бұл интерстициальды өсу деп аталады. Интерстициальды өсу эмбриогенез кезінде және шеміршек тінінің регенерациясы кезінде байқалады.
Шеміршектің өсуі мен дамуы барысында оның орталық аймақтары жақын жатқан қантамырлардан алыстап, диффузды түрде шеміршек қабы арқылы қоректенуі қиындайды. Сондықтан хондроциттер өсу қабілеттілігінен айырылып, кейбіреулері бұзылады, ал протеогликандар альбмоидтерге айналады. Шеміршек қабында екі қабаттан тұрады:
1) сыртқы - фиброзды;
2) ішкі — жасушалық (немесе камбиалды).
Ішкі қабатта аз сараланған жасушалар – прехондробластар мен белсенді емес хондробластар орналасады, олар эмбрионалды және регенерациялық гистогенез процесінде алдымен хондробластарға, содан кейін хондроциттерге айналады.
Фиброзды қабатта қан тамырлар торы орналасқан. Осыған байланысты шеміршек қабы шеміршектің құрамдас бөлігі ретінде келесі функцияларды орындайды:
1) қан тамырлары жоқ шеміршек ұлпасын қанмен қамтамасыз етеді;
2) шеміршек ұлпасын қорғайды;
3) зақымданған кезде шеміршек ұлпасының регенерациясын қамтамасыз етеді.
Гиалинді шеміршек ұлпасының буын беттерінің трофикасы синовиалды сұйықтықпен, сондай-ақ сүйек тамырларының сұйықтығымен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет