1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


)Бұлшық ет ұлпасы және оның классификациясына сипаттама беріңіз



бет21/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   79
шпор цитооо

3)Бұлшық ет ұлпасы және оның классификациясына сипаттама беріңіз.
Бұлшықет ұлпасы (textus mus- cularis; лат. textus — ұлпа; лат. musculus — бұлшық ет) — адам мен жануарлар организмдерінде жиырылу қызметін атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асыратын ұлпа.
Бұлшықет ұлпасы - денедегі бұлшықеттерді түзеді. Бұлшықет ұлпасына тән қасиет оның - жиырылғыштығы, жиырылуы арқылы ағза мен мүшелерді қозғалысқа келтірді. Бұлшықет жасушалары ұзын, жіңішке болғандықтан оларды талшықтардеп атайды. Талшықтарында бір - бірімен қатарласа орналасқан өте көп жиырылғыш жіңішке миофибриллалар (грекше "myos" - бұлшықет, латынша Fibrilla - талшық, жіпше ) болады. Бұлшықеттердің жиырылғыштық қасиеті осы миофибриллаларға байланысты. Адам ағзасында бұлшықет ұлпасының 2 тобы болады. Олар: колденеңжолақты және бірыңғайсалалы бұлшықеттер. Қаңқа мен жүректің бұлшықеттері көлденеңжолақты бұлшықеттер ұлпасынан тұрады. Көлденең жолақты деп аталатын себебі талшықтары екі түрлі: біреуі жіңішке күңгірттеу болса, екіншісі ақшыл жалпақтау (кеңдеу) болады. Осындай екі түрлі талшықтары бір-бірімен кезектесіп орналасқандықтан бұл бұлшықеттерді көлденеңжолақты дейді. Қаңқаның бұлшықеттері сүйекке бекінеді, оның әр бір талшығы көп ядролы және ядролары талшығының шетіне орналасады. Талшығының пішіні цилиндр тәрізді, ұзын, ұштары доғал , адамның еркіне сай жиырылады.
9-билет
Рибосоманың құрылысы мен қызметіне түсінік беріңіз.
Рибосомалар прокариоттардың да, эукариоттардың да жасушаларының ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Рибосомалардың құрылымы мен қызметтері жасушадағы ақуыз синтезімен, яғни трансляция процесімен байланысты.
Химиялық құрамы жағынан рибосомалар рибонуклеопротеидтер, яғни РНҚ мен белоктардан тұрады. Рибосомаларда РНҚ-ның тек бір түрі – рРНҚ (рибосомалық РНҚ) болады. Дегенмен, оның молекулаларының 4 түрі бар.
Құрылымы бойынша рибосомалар кішігірім, дөңгелек пішінді, мембраналық емес жасушалық органоидтар. Олардың әртүрлі жасушалардағы саны мыңнан бірнеше миллионға дейін өзгереді. Рибосома монолитті құрылым емес, ол үлкен және кіші суббірліктер деп аталатын екі бөлшектен тұрады.
Эукариоттық жасушаларда рибосомалардың көпшілігі ER-ге бекітіліп, соңғысының өрескел болуына әкеледі.
Рибосомаларды құрайтын рРНҚ-ның көп бөлігі ядрошықта синтезделеді. Ядрошық рРНҚ молекулаларының прекурсоры синтезделетін гендердің көптеген көшірмелерін қамтитын әртүрлі хромосомалардың белгілі бір бөліктерінен түзіледі. Прекурсордың синтезінен кейін ол түрленіп, үш бөлікке - әртүрлі рРНҚ молекулаларына ыдырайды.
рРНҚ молекулаларының төрт түрінің бірі ядрошықта емес, хромосомалардың басқа бөліктеріндегі ядрода синтезделеді.
Ядрода жеке рибосомалық суббірліктер жиналады, олар кейін цитоплазмаға енеді, онда олар ақуыз синтезі кезінде біріктіріледі.
Құрылымы бойынша екі рибосомалық суббірліктер де белгілі бір үшінші реттік құрылымдарды (қатпарлы) қабылдайтын және ондаған түрлі белоктармен қапталған рРНҚ молекулалары болып табылады. Бұл кезде үлкен рибосомалық суббірлікте үш рРНҚ молекуласы (прокариоттарда екі), ал кіші суббірлікте тек біреу ғана болады.
Рибосомалардың жалғыз қызметі - жасушадағы ақуыз биосинтезі кезінде химиялық реакциялардың жүруіне мүмкіндік беру. Хабаршы РНҚ, трансфер РНҚ және көптеген ақуыз факторлары рибосомада белгілі бір орындарды алады, бұл химиялық реакциялардың тиімді жүруіне мүмкіндік береді.
Мембраналы органоидтарға сипаттама беріңіз.
1.Мембраналы (эндоплазмалық ретикулум, Гольджи аппараты, лизосомалар, митохондриялар, пластидтер. Эндоплазмалық тор (ЭПТ) немесе эндоплазмалық ретикулум (ЭР) көптеген қатпарлары түзіп жататын мембранамен қапталған біріңғай үзілмейтін компартмент. Сондықтан электронды-микроскопия суреттерінде ЭР көптеген түтіктер, жалпақ немесе дөңгелек цистерналар, мембраналық көпіршіктер секілденіп көрінеді. ЭР мембраналарында клетканың тіршілігіне қажетті әртүрлі заттардың алғашқы синтездері жүреді. Ол заттардың алғашқы синтезі деп атауымыз шартты, өйткені эндоплазмалық ретикулумнан синтезделіп шыққан заттардың молекулалары әрі қарай клетканың басқа компартменттерінде химиялық өзгерістерге ұшырайды.Көптеген заттар ЭПТ-дың мембраналарының сыртқы бетінде синтезделеді. Одан кейін бұл заттар мембрана арқылы компартменттің ішіне тасымалданады. Компартменттің ішінде бұл заттар одан әрі қарай биохимиялық реакцияларға түсу үшін басқа жерлерге, көбінесе Гольджи аппаратына жеткізіледі. Эндоплазмалық тордыңтүтікшелерінің ұштарында синтезделген заттар ең алдымен жиналып, содан кейін тасымалдау көпіршіктері ретінде бөлінеді.Әрбір көпіршік мембранамен қоршалған, олар гиалоплазмамен қажетті жеріне жылжиды. Олардың тасымалдануларына микротүтікшелер қатысады.Эндоплазмалық торда синтезделетін заттардың ішінде клетканың мембраналарын жинақтауға қажетті заттарды атауға болады (бұл заттардың соңғы жинақтаулары Гольджи аппаратында жүреді).Эндоплазмалық ретикулумның түйіршікті (гранулярлы) және түйіршіксіз (агранулярлы) түрі бар. Олар сыртқы көрінісі және атқаратын қызметіне қарай бір-бірінен өзгеше болғанымен бір құрылым.Түйіршікті эндоплазмалық ретикулум мембранасының гиалоплазмаға қараған бетіне рибосомалар бекінген, ал агранулярлы ретикулумның мембранасында рибосомалар болмайды.Түйіршікті ретикулум клеткада аса маңызды қызмет атқарады. Бекінген рибосомалардың көмегімен ол цистерналарының қуысында немесе вакуольдерде ақуыз қорын және арнайы ферменттерді синтездейді. Ретикулум түтікшелері арқылы макромолекулалар мен иондар жасуша ішінде және жасушааралықтарында тасымалданады. Түйіршікті ретикулум клетка мембраналарының пайда болып, органеллалардың бір-бірімен қарым-қатынасын жүзеге асырады. Сол сияқты клетканың вакуоль, лизосома, диктиосома сияқты компоненттерін жасауға қатынасады.Агранулярлы ретикулум нашарлау дамыған, Оның жасушада болмауы жиі кездеседі. Ол бұтақталған жіңішке түтікшелердің торынан және сирек көпіршіктер мен цистерналардан тұрады. Агранулярлы ретикулум эфир майларын, шайыр мен каучукты синтездеуге, жасуша ішінде тасымалдауға қатынасады. Тегіс тордың мембраналарында көмірсулар мен липидтер, олардың ішінде, гликоген мен холестерин синтезделеді. Тегіс ретикулум стероидты гормондардың синтезіне қатысады Тегіс эндоплазмалық тор асқазан бездерінің эпителийлерінің париетальді клеткаларында хлор иондарының бөлінулерін қатысады. Кальций иондарының депосы болып келетін ЭР кардиомиоциттер мен қаңқа бұлшық еттерінің талшықтарының жиырылуларын қамтамасыз етеді. Ол түйіршікті ретикулумнан оның цистерналарының түтікше тәрізді бұтақтануы түрінде пайда болады. Эндоплазмалық тордың маңызды қызметі барлық органеллалар үшін ақуыз бен липидтерді синтездеу.Гольджи аппаратын Гольджи кешені, немесе клетка ішілік торлы аппарат деп те атайды. Гольджи аппараты көптеген цистерналар, көпіршіктер, табақшалар, түтікшелер, дорбашалардан тұратын жиынтық. Микроскоппен қарағанда Гольджи аппараты тор тәрізденіп көрінеді, дегенмен ол цистерналар, каналдар және вакуольдер жүйесі. Көбінесе Гольджи аппараты 3 мембраналық элементтерден құралады: 1) жазық қапшықтар (цистерналар); 2) көпіршіктер және 3) вакуольдер.Гольджи кешенінің негізгі элементі – диктиосомалар. Олардың саны әр клеткада бірден бірнеше жүзге дейін. Диктиосомалар өзара каналдармен байланысқан. Жеке диктиосоманың пішіні пиала тәрізді. Диктиосоманың диаметрі шамамен 1 мкм, ол паралель жатқан бірнеше (4-8) саңылаулары бар жалпақ цистерналардан түзілген. Цистерналардың ұштары кеңейген. Олардан құрамдарында әр түрлі заттары бар, мембранамен қапталған гольджи көпіршіктері мен вакуольдері бөлініп тұрады. Көптеген мембраналық көпіршіктердің диаметрі 50-65 нм. Неғұрлым ірі секреторлы гранулалардың диаметрі 66-100 нм. Вакуольдердің жартысында гидролитикалық фермент болады.Цистерналардың неғұрлым кең жағы эндоплазмалық тор жаққа қарай орналасады. Алғашқы синтез өнімдері – заттарды алып жүретін тасымалдаушы көпіршіктер осы цистерналарға қосылады. Цистерналарда полисахаридтердің синтезі жалғасады, ақуыздар, көмірсу, липидтер кешендері құралады, яғни осы Гольджи аппаратына жеткізілген макромолекулалар модификацияланады. Мұнда полисахаридтер синтезделеді, олигосахаридтер модификацияланады, ақуызды-көмірсулы кешендер құралады, сондай-ақ тасымалданушы макромолекулалар ковалентті модификацияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет