1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


-сұрақ. Рефлекторлық доға. Сезімтал нейрондар



бет66/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   79
шпор цитооо

3-сұрақ. Рефлекторлық доға. Сезімтал нейрондар.
Рефлекторлық доға (рефлекторная дуга); (лат. reflexus — шағылысу) — сыртқы және ішкі әсер етуші факторларға организмнің жауап беру реакциясы кезінде пайда болған жүйке толқынының жүретін жолы.
Рефлекторлық доғаны кем дегенде сезімтал, байланыстырғыш (аралық), қозғалтқыш нейроциттер тізбегі құрайды. Рефлекторлық доға қабылдағыш аппараттан (рецептордан), орталыққа тепкіш (афферентті) жолдан, орталықтан (жүйке жүйесіндегі орталықтар нейроциттерден тұрады), орталықтан тепкіш (эфферентті) жолдан, жауап беру мүшесі (эффектор) бөлімдерінен құралады. Қарапайым рефлекторлық доға жұлын арқылы тұйықталады, ал күрделі рефлекторлық доға жұлын және мидың қатысуымен іске асады.
Сезімтал нейрондар (кейде афферентті нейрондар деп аталады) - жүйке жасушалары, олар жүйке импульстарын сенсорлық рецепторлардан орталық жүйке жүйесі мен миға қарай жеткізеді. Бұл жүйке импульстері миға жеткенде, олар көру, есту, дәм сезу және сезу сияқты «сезімге» айналады.
Бұл сенсорлық ақпарат физикалық - дыбыс, жылу, жанасу және жарық арқылы, немесе химиялық - дәм немесе иіс арқылы болуы мүмкін. Бұған өте ыстық бетке тигенде мысал бола алады. Бұл орын алғаннан кейін, сенсорлық нейрондар орталық жүйке жүйесіне алған мәліметтері туралы сигналдар жібереді.
27-билет1-сұрақ.Өсімдіктер клеткасы құрылысының жануарлар клеткасынан қандай айырмашылықтары бар?
Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының үш негізгі құрылыстық айырмашылықтары бар: 1)жануарлар клеткаларында болатын центриоль жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткаларында болмайды; 2)өсімдіктер клеткаларының жануарлар клеткаларынан өзгешелігі цитоплазмасында пластидтер болады; 3)өсімдіктер клеткаларына целлюлозадан тұратын қатты клеткалық қабырға тән.
2-сұрақ. АТФ және оның клеткадағы маңызын сипатта.
АТФ (Аденозинүшфосфорқышқылы) — энергитикалық нуклеотид. Бұл – тірі жасушадағы негізгі энергия заты. Оның рөлі мен қасиетін ақырына дейін түсіну үшін АТФ молекуласының құрылысын білу керек. Бұл – жалғыз нуклеотид. Ол РНҚ тізбегіндегі нуклеотидтерге ұқсас, өйткені оның құрамында қант – рибоза болады.
АТФ негізгі биологиялық энергия жинақтау қызметін атқаруға фосфор қалдықтарының арасындағы химиялық байланысқа мүмкіндік жасайды. Ол молекуладан «үзілген» кезде энергия бөлінеді.Сонымен бірге бөлінген энергия тірілік үдерістеріне - бұлшықет жиырылуына , зат синтездеу немесе жүйке серпінділігіне пайдаланылады. Егер жасушада энергия (құнарлы заттардың ыдырау үдерісінде) пайда болса, онда АТФ-ты оңай қалпына келтірудің қайтымды үдерісі жүреді.
АТФ – ағзалардың бүкіл пайдалы энергиясы іс жүзінде сол арқылы «өтетін» зат. Бүкіл тіршілік үдерістері негізіне жататын химиялық реакциялардың жасушада жүзеге асуына жылу, механикалық, өзге де ешқандай энергия түрі пайдаланылмайды. АТФ-ны «жасушалардың энергетикалық нарқы» деп жиі айтатыны сондықтан болса керек. Заттар ыдырау арқылы энергиясын АТФ синтезіне береді. Осыған қатарласа ағзамен және жарғақша арқылы биосинтездің, өсудің, бұлшықет жиырылуының, жүйке серпілісінің заттар тасымалдауды және өзге де көптеген тіршілік үдерістері жүреді. Осы үдерістердің барлығына тек АТФ-ның ыдырау энергиясы ғана шығындалады. АТФ-ның бір молекуласы тәулігіне 2-ден 3 мың рет ыдырап, қосыла алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет