1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


1.ДНК мен РНК қандай қызмет атқарады?



бет62/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79
шпор цитооо

25.
1.ДНК мен РНК қандай қызмет атқарады?
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың
ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты
нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ
мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау.ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр
организмнiң барлық жасушарындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей
болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының
нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы
организмнiң ерекше қасиетiн анықтайды. ДНҚ молекуласының полинуклеотид
тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi – ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн генетикалық мәлiмет.
Полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы ДНҚ молекуласының
бiрiншi реттiк құрылымы деп аталады. ДНҚ молекуласының екiншi реттiк құрылымын
1953 жылы Уотсон мен Крик анықтады. ДНҚ құрылымының анықталуы ХХ ғасырдағы
биологияның ең маңызды жаңалығы деп саналады.
Уотсон мен Крик теориясы бойынша екi полинуклеотид тiзбегiнен құралған ДНҚ-ның
молекуласы кеңiстiкте оң қос қабат спираль болып табылады. Қос қабат спиральдағы
екi тiзбектiң жолдамасы – антипараллель, бiр тiзбектегi нуклеотидтер арасындағы
байланыс 3'5'-бағыттағы қалдықтардан түзiледi, екiншi тiзбектегi нуклеотидтер
арасындағы байланыс 5'3' бағыттағы қалдықтардан түзiледi.
Екi полинуклеотидтi тiзбек өзара бұранда сияқты жалғасып, азоттық негiз арқылы
байланысады. Гидрофобты азоттық негiздер спиральдiң iшiне орналасқан, ал
гидрофильдi пентозды-фосфорлы қалдықтар ДНҚ молекуласының сыртқы жағына
қарай бағытталған. Спиральдiң бiр айналымына азоттық негiздiң 10 жұбы келедi.
Спиральдiң диаметрi 2 нм болады. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) — жоғары
молекулалық байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған.
РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин,
цитозин және урацил болады.Рибонуклеин қышқылдары рибосомалық (рРНҚ),
ақпараттық (аРНҚ) және тасымалдаушы (тРНҚ) болып бөлінеді. Рибонуклеин қышқылы
тізбегі бірнеше ондаған нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін
созылатын біржіпшелі полинуклеотидтерден тұрады. Организмде РНҚ ақуыздармен
кешенді байланысқан рибонуклеотидтер түрінде болады. РНҚ генетикалық ақпараттың
жүзеге асуы мен ақуыз синтезіне қатысып, барлық тірі организмдерде аса маңызды
биологиялық рөл атқарады. Көптеген вирустарда РНҚ-н жалғыз нуклеинді компонент
(құраушы) құрайды. Осындай РНҚ вирустарда РНҚ биосинтезімен қатар ДНҚ
биосинтезінде де матрица рөлін атқара алады (кері транскриптаза). Бактериялар,
өсімдіктер және жануарлар жасушаларында құрылымы, метаболизмі және биол.
қызметтері әр түрлі РНҚ типтері кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет