1.«Аминдер. Аминқышқылдары» тақырыбын оқыту әдістемесі.
Көп түрлі органикалық қосылыстар ішінен органикалық химия оқулығы тек оларды оқымаса май, көмірсу, ақуыз, нуклеин қышқылдары құрылысын ұғу қиын болатындарын ғана қамтуы керек. Осы айтылғандарды ескере отырып, ақуыздарды оқыту үшін амин қышқылдары туралы мәліметтердің берілуі міндетті екенін айтуымыз керек. Ал нуклеин қышқылдарын оқыту үшін алдымен азотты гетероциклді қосылыстар мен моносахаридтерді (пентоза) оқыту, ал майлардың құрылысын білу үшін алдымен спирт, альдегид, кетондарды қарастыру керек.
Амин қышқылдарын оқу үшін алдымен аминдер мен карбон қышқылдарымен танысу, ал майларды күрделі эфирлерді көп атомды спирттер мен қаныққан және қанықпаған қышқылдардан кейін қарастыру қажет.Осы кластардың бәрін оқу үшін ең алдымен көмірсутектер жайлы білім керек. Органикалық химия курсын осы аталған кластарды кері күрделену бағытында оқуға негіздеп құру керек. Яғни көмірсутектерден ақуыздарға, нуклеин қышқылдарына қарай.
Сабақтың тақырыбы: Аминдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға азотты органикалық қосылыстардың алғашқы өнімі ретінде аминдер туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Молекуладағы атомдардың өзара әсерлесуін анилин мысалында тағы да қайталап, тереңдете түсуі.
Тәрбиелік: Аминдердің алынуына, электрондық құрылысына, негізделе халық шаруашылығындағы маңызына тоқталу.
Сабақтың тақырыбы: Аминқышқылдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға аминқышқылдары, олардың түрлері, алыну әдістері, химиялық қасиеттері және маңызы туралы мейлінше кең мағлұмат беру
Дамытушылық: Аминқышқылдарының кейбір өкілдеріне назар аудартып, тереңдете түсу.
Тәрбиелік: Білім алуға ынтасын арттыру.
2. Сабақты тақырыптық жоспарлау. Тақырыптық жоспарға қойылатын талаптар.
Сабақты жоспарлау - нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен оқушы әрекеттесулерін құрастыру. Негізі оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің және оқушылардың оқу материалының мазмұнын меңгеруі, дамуы және тәрбиеленуі бойынша оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаттары, міндеттері, принциптері, әдістері және мазмұны болып табылады. Сабақ жоспары конспект түрінде жүзеге асады. Сабақ конспектісінің құрамына тақырыптың аты, сабақтың міндеттері, кезеңдері, құрал-жабдықтар, әрбір кезеңдегі оқушыларға арналған тапсырмалар, тапсырмаларды орындау алгоритмдері, мұғалім сөзінің үзінділері немесе жаңа материалдың толық мәтіні енеді. Жоспар-конспект:
• тақырып
• сабақтың міндеттері
• сабақ кезендері
оқушыларға арналған тапсырмалар
Күнделікті сабақ жоспарын құру міндеттері:
- әр тақырыптың жылдық курстағы және әр сабақтың тақырыптағы орнын белгілеу;
- жеке сабақтармен, жылдық курстың тақырыптарымен өзара байланысын белгілеу;
- оқушы қызметінің нәтижесін нақтылау мақсатында оқу курсында тексерілетін мазмұн элементтері мен бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілеу;
- білім алушыларды пән бойынша жүйелі білім, білік және дағдылармен қаруландыру бойынша тиімді жұмыс жүйесін қалыптастыру.
Оқу курсының күнтізбелік- тақырыптық жоспарын әзірлеу кезінде келесі қызметтер ретін іске асырады:
- жұмыс барысы мен нәтижесін болжау;
- қажетті шаралар мен әрекеттердің ретін әзірлеу;
- оларды жүзеге асыру үшін барынша тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдау;
- Қызметті дәл есептеу және оның кезеңдерінің басталуы мен аяқталу мерзімін белгілеу; ;
- Қызметті есепке алу және оның нәтижесін бақылау түрлері мен әдістемелерін анықтау;
Достарыңызбен бөлісу: |