3. Топтық жұмыс. Түрлері. Оқыту тәсілдері.
Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, кластан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы жатады. Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі. Химия пәнін тереңірек оқып үйренуге байланысты факультатив, қосымша сабақтар ұйымдастырылады. Сабақ- оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінің құрамдас бөлігі. Біздің елімізде оқыту сыныптық-сабақтық деп аталатын жүйе бойынша жүргізіледі. Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесі жалпы білім беретін орта мектептің бірден-бір жүйесі емес, жоғары сыныптарда, жоғары оқу орындарына тән сабақтық дәрістік-семинарлық жүйесі де қалыптасып келеді. Оқытудың жекелеп оқыту формасы, бағдарламалап оқыту формасыда қолданылады.
Үй тапсырмасы оқытудың ұйымдастыру формаларымен тығыз байланысты. Химиядан берілетін үй тапсырмалары әр түрлі: оқу материалын-оқулықтан оқу, жаттығулар орындау, есептер шығару, кестелер сызу, анықтамалармен жұмыс, модельдер құрастыру, тәжірибелерді орындау, оларды байқау, рефераттар дайындау, оны хабарлап айтып беру, қосымша әдебиеттермен жұмыс. Тапсырма барлық оқушыларға бірдей жаппай не сараланып, әр оқушыға жеке дара беріледі. Үй тапсырмасын оқушылардың шығармашылық сипатта өз бетінше дамытатындай етіп беру керек. Оқушыларға тапсырма етіп берілген тақырыптың жоспарын жасау, жауап жазу, негізгіні негізгі еместен айыра білу ескертіледі. Үйтапсырмасын шамадан тыс көп беріп, ауырлатуға болмайды. Химиялық тақырыпта шығарма жаздырып, аспаптар құрастыруды да тапсыруға болады.
№27 БИЛЕТ
1.«Көмірсулар. Крахмал. Целлюлоза» тақырыбын оқыту әдістемесі
Көмірсулар класына материал іріктегенде олардың биологиялық маңызына жүгінген дұрыс. Осы себепті крахмал мен целлюлоза оқытылады.
Сабақ тақырыбы :Көмірсулар. Крахмал және целлюлоза
Мақсаты полисахаридтердің құрылысын, жіктелуін, крахмал мен целлюлозаның химиялық, физикалық қасиеттері, табиғатта таралуын қарастыру
• Крахмал мен целлюлозаның құрамы, құрылысы, қасиеттерін қарастырып, қолданылуын білу.
• Оқытылған материалмен жаңа материал арасындағы байланысты анықтап, ойын толық жеткізе білу, туындаған проблемалық ситуацияның шешімін таба білу, басқа адамды тыңдай білу үйрету;
• Практикалық еңбек пен ақыл-ой мәдениетін қалыптастыру, өзінің іс-әрекетіне адекватты түрде баға беру;
Оқыту нәтижелері Полисахаридтер тақырыбының жан-жақты теориялық және өмірмен байланысты мәліметтерді қарастыра отырып, топта пікірлесуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге, пікірін айта білуге, интерактивті тақтамен жұмыс жасай білуге, жұппен жұмыс жасай білуге, өзін-өзі бағалауға, өзгені тыңдай білуге үйренеді
Негізгі идеялар Өттегі тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтай отырып, оның маңыздылығын және оны өмірде қолданылуын ұғыну
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.
-Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңаша ойлау дағдысын қалыптастыруға ықпал жасау.
-Топпен жұмыс арқылы бірлесе оқуға, сұраққа жауап алып, салыстырып, ойын еркін жеткізуге бағыт беру.
Оқыту әдістері: Сыни тұрғыдан ойлау, проблемалық оқыту, сұрақ- жауап, топта жұмыс жасау
Тапсырмалар: Сұрақ-жауап,зерттеушілік әнгіме,диалог.
Достарыңызбен бөлісу: |