Ауызша насихат – бұл мектептердің педагогикалық кеңестерінде, аудандық әдістемелік кабинеттерінде, мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында өткізілетін арнайы маслихаттарды, семинарларды озық тәжірбие туралы лекциялар және баяндамалар жасалынып, оларды озық мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің кейбір бағыттарын белгілейді.
Баспасөз насихаты – бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формалард жүргізіледі. Олрға психологиялық-педагогикалық еңбектер, ғылыми-әдістемелік ұсынбалар, жинақтар т.б. жатады. Педагогикалық озық тәжірбиені таратуда, оны тұтас педагогикалық процеске енгізуде, әсіресе, «Педагогикалық оқулардың» маңызы өте зор. «Педагогикалық оқуларды» өткізу нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған және мақұлданған жақсы тәжірбие оқу мен тәрбие процесіне енгізу үшін жинақталады және таратылады.
Практикаға жаңа бір нәрсені енгізу үшін оқу-тәрбие жұмысының озық әдістерін біліп қоймай, оларды практикада тыңғылықты игеру қажет.
Педагогикалық озық тәжірбиені пркатикаға негізудің кейбір жолдары:
Оқыту және тәрбие саласындағы жаңа педагогикалықәдістер, жақсы тәжірбиелер жетістіктерін насихаттаудан бастау. Оларды мұғалімдердің кең талқысына салып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар түрінде нақты шешім қабылдау.
Педагогикалық озық тәжірбиен терең зертеу және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу үшін, оны педагогикалық еңбектің шеберлеріне ( бір-екі бастауыш сынып мұғалімдеріне, бір-екі жоғары сынып пән мұғалімдеріне) тапсыру керек. Олар әдістемелік пән бірлестігі жетекшілерімен бірігіп зерттеу жоспарын жасайды, ол педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Мектеп дирекциясы әдістемелік кеңеспен бірлесіп зерттеу жұмысына басшылық етеді, талдау жасайды. Әдістемелік ұсынбаларды жинақтайды, оны педагогикалық кеңесте мұғалімдерге хабарлап отырады.
Әрбір мұғалімнің зерттеу жұмысы жүргізіліп жатқан сыныптардың оқу-тәрбие жұмысына белсенділікпен қатысуына болады.
Озық тәжірибе педагогикалық практикада өз орынын берік алғаннан кейін, оқу-тәрбие үдерісіне жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізу қорытындысын жасау, оны мектеп мұғалімдерінің, сонан соң кең түрде педагогикалық жұртшылықтың талқылауынан өткізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |